Жаңалықтар

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) — 1946 ж. БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. ДДСҰ-ның жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүз. денсаулық қорғау күні болып аталады. ДДСҰ-ның жоғ. органы — Дүниежүз. денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея ДДСҰ-ның жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. ДДСҰ-ның орт. әкімш. органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қ.; Швейцария). ДДСҰ-на 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы ДДСҰ-на 1992 ж. 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еур. аймақтық ұйымына кіреді). ДДСҰ 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: Еур. (аймақтық бюросы — Копенгаген қ-нда, Дания); Африкалық (Браззавиль қ.; Конго); Жерорта т-нің шығыс бөлігі (Александрия қ., Египет); Оңт.-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қ., Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қ., Филиппин) және америкалық (Вашингтон қ., АҚШ). ДДСҰ-ның жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, мед. статист. есеп жүргізу (мыс., ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықар. деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғыл. зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. ДДСҰ-ның сәтті аяқталған халықар. жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. ДДСҰ, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мыс., жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 ж. ДДСҰ мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықар. конференциясында 20 ғ-дағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 ж. Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) жанынан ДДСҰ-мен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы мед.-санитариялық көмек жөніндегі Халықар. орт. ашылды. ДДСҰ бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды. М. Камалиев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
08.11.2012 11:49 24034

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) — 1946 ж. БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. ДДСҰ-ның жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүз. денсаулық қорғау күні болып аталады. ДДСҰ-ның жоғ. органы — Дүниежүз. денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея ДДСҰ-ның жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. ДДСҰ-ның орт. әкімш. органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қ.; Швейцария). ДДСҰ-на 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы ДДСҰ-на 1992 ж. 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еур. аймақтық ұйымына кіреді). ДДСҰ 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: Еур. (аймақтық бюросы — Копенгаген қ-нда, Дания); Африкалық (Браззавиль қ.; Конго); Жерорта т-нің шығыс бөлігі (Александрия қ., Египет); Оңт.-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қ., Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қ., Филиппин) және америкалық (Вашингтон қ., АҚШ). ДДСҰ-ның жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, мед. статист. есеп жүргізу (мыс., ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықар. деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғыл. зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. ДДСҰ-ның сәтті аяқталған халықар. жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. ДДСҰ, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мыс., жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 ж. ДДСҰ мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықар. конференциясында 20 ғ-дағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 ж. Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) жанынан ДДСҰ-мен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы мед.-санитариялық көмек жөніндегі Халықар. орт. ашылды. ДДСҰ бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

М. Камалиев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға