Жаңалықтар

Жұмабаев Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Жұмабаев Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Жұмабаев 1893 ж. дүниеге келген. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 10 ж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанынан ашылған медреседе оқыды. 1910 – 13 ж. Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер Сәлімгерей Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. Ибрагимовтың көмегімен 1912 ж. Қазандағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Садақ» журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 16 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. «Бірлік» ұйымы жұмысына белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болады. Осы жылы сәуірде Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қа-тысты. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. 2-жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1919 – 23 ж. Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 27 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең оқып, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысады, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. Осыдан көңілі жабырқаған ақын «Сәлем хат» деген өлең жазады. Ол 1927 – 29 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 ж. «Алқа» атты жасырын ұйым құрған деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, он жыл айдауға ке-сіледі. 1936 ж. Максим Горький мен Екатерина Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 ж. наурызда ақын Мағжан Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңыздылығын бірден танып, оны «хакім» деп атады. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавлда және ақынның туған ауылы Сарытомарда ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы қазір Мағжан Жұмабаев ауданы (2000) болып аталады.
08.11.2012 11:48 7093

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Жұмабаев Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Жұмабаев 1893 ж. дүниеге келген. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 10 ж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанынан ашылған медреседе оқыды. 1910 – 13 ж. Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер Сәлімгерей Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. Ибрагимовтың көмегімен 1912 ж. Қазандағы Кәрімовтер баспасында «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Садақ» журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 16 ж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. «Бірлік» ұйымы жұмысына белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болады. Осы жылы сәуірде Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қа-тысты. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. 2-жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1919 – 23 ж. Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 27 ж. Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең оқып, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысады, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. Осыдан көңілі жабырқаған ақын «Сәлем хат» деген өлең жазады. Ол 1927 – 29 ж. Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 ж. «Алқа» атты жасырын ұйым құрған деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, он жыл айдауға ке-сіледі. 1936 ж. Максим Горький мен Екатерина Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 ж. наурызда ақын Мағжан Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысады. 1938 ж. қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңыздылығын бірден танып, оны «хакім» деп атады. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты.

Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.

Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавлда және ақынның туған ауылы Сарытомарда ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы қазір Мағжан Жұмабаев ауданы (2000) болып аталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға