Жаңалықтар

Жарқайың ауданындағы мәдени ескерткіштер

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесіне өзгертілді. Орталықтың қызметтік  мақсаты: тарих және мәдениет ескерткіштерінің  мемлекеттік қорғауын  қамтамасыз ету, есепке алу, қорғау,сақтау, қалпына келтіру,  тарихи-мәдени мұра ескерткіштерді  насихаттау және  пайдалану жөнінде жұмыстарды үйлестіру.  Бүгінде облыс аумағында  әртүрлі санаттағы қорғауға жататын  1032 тарихи-мәдени мұраның   жылжымайтын ескерткіштері  сақталды. Соның ішінде Көкшетау қ. 37 тарихи  және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Археология ескерткіштері - 975. Жыл сайын «Мәдени мұра » өңірлік бағдарламасы аясында  археология ескерткіштеріне  барлау, қорғау-құтқару жұмыстары жүзеге асырылады. Олардың жалпы мақсаты-  ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету. Тарихтан сыр шертетін, өткенді еске салатын мұралар халық үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, мекеме қызметінің басым бағыттары БАҚ құралдары арқылы  тарихи-мәдени мұраны насихаттау, тарих және мәдениет ескерткіштерінің  техникалық жағдайларын бақылау  болып табылады. Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Көпес Ахмет Танкеевтің тапсырмасы бойынша Тұрабай және Рапай атты құрысшыларымен салынған. Қабырғалары саз ерітіндісінен құйылып, күйген тік бұрышты кірпішпен қаланған және екі жағынан күйдірілген кірпішпен қапталған, цокольді қабаты тақтатастан қаланған. Төртқырлығының жоспардағы мөлшері 6,3 х 6,7 м кесененің порталды-күмбезді типін сипаттайды. Кесененің жалпы биіктігі 7.15 м құрайды. Табыт үсті мен еденнің кірпіш жабындысы бұзылған. Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылы. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестер -жауынгерлердің ескерткіші Далабай ауылының орталығында орналасқан. Материалы бетон, монументтің биіктігі 5 метр. Үстінде жамылғы-шатыр киген жауынгер күйінде бейнеленіп, тастұғырға орнатылған. Монументте Далабай ауылынан және Ақтөбеден соғыс кезінде қаза болғандардың 121 адамның тізімі жазылған. Қасбетінде «Олардың ерлігі мәңгі» деген жазуы бар. Автор Челябинск қаласынан, аты-жөні белгісіз. Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Тасты-талды ауылы. Саябақта. Обилиск стелла түрінде жасалынған Қара тақтайшалармен жабдықталған. Үстінгі жағында жауынгердің бас бейнесі, жасыл сырымен сыланып, астынғы жағында- қызыл мәрмәр тақтайшада, жазу жазылған «1941-1945 Ұлы Отан соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлерге мәңгі даңқ » . Материал- бетон. Стелланың биіктігі 6м. Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Үшқарасу ауылы, акимат аумағында. Обилиск стелла түрінде жасалынған, үшсатылы баспалдақта тұғыр бетоннан жасалынған. Ұлы Отан соғысының ордені тұғырдың биік жағында, астынғы жағында- мәрмәр тақтайшада қаза болған жерлестердің есімдері жазылған. «1941-1945» жылдар жазылған. Авторы - В. Васьянов сәулетші. Ескерткіш алаңы абаттандырылған.
19.03.2013 09:57 4935

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесіне өзгертілді.
Орталықтың қызметтік  мақсаты: тарих және мәдениет ескерткіштерінің  мемлекеттік қорғауын  қамтамасыз ету, есепке алу, қорғау,сақтау, қалпына келтіру,  тарихи-мәдени мұра ескерткіштерді  насихаттау және  пайдалану жөнінде жұмыстарды үйлестіру.
 Бүгінде облыс аумағында  әртүрлі санаттағы қорғауға жататын  1032 тарихи-мәдени мұраның   жылжымайтын ескерткіштері  сақталды. Соның ішінде Көкшетау қ. 37 тарихи  және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Археология ескерткіштері - 975. Жыл сайын «Мәдени мұра » өңірлік бағдарламасы аясында  археология ескерткіштеріне  барлау, қорғау-құтқару жұмыстары жүзеге асырылады. Олардың жалпы мақсаты-  ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету. Тарихтан сыр шертетін, өткенді еске салатын мұралар халық үшін үлкен маңызға ие.
Сонымен қатар, мекеме қызметінің басым бағыттары БАҚ құралдары арқылы  тарихи-мәдени мұраны насихаттау, тарих және мәдениет ескерткіштерінің  техникалық жағдайларын бақылау  болып табылады.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Көпес Ахмет Танкеевтің тапсырмасы бойынша Тұрабай және Рапай атты құрысшыларымен салынған. Қабырғалары саз ерітіндісінен құйылып, күйген тік бұрышты кірпішпен қаланған және екі жағынан күйдірілген кірпішпен қапталған, цокольді қабаты тақтатастан қаланған. Төртқырлығының жоспардағы мөлшері 6,3 х 6,7 м кесененің порталды-күмбезді типін сипаттайды. Кесененің жалпы биіктігі 7.15 м құрайды. Табыт үсті мен еденнің кірпіш жабындысы бұзылған.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Далабай ауылы. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестер -жауынгерлердің ескерткіші Далабай ауылының орталығында орналасқан. Материалы бетон, монументтің биіктігі 5 метр. Үстінде жамылғы-шатыр киген жауынгер күйінде бейнеленіп, тастұғырға орнатылған. Монументте Далабай ауылынан және Ақтөбеден соғыс кезінде қаза болғандардың 121 адамның тізімі жазылған. Қасбетінде «Олардың ерлігі мәңгі» деген жазуы бар. Автор Челябинск қаласынан, аты-жөні белгісіз.
Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Тасты-талды ауылы. Саябақта. Обилиск стелла түрінде жасалынған Қара тақтайшалармен жабдықталған. Үстінгі жағында жауынгердің бас бейнесі, жасыл сырымен сыланып, астынғы жағында- қызыл мәрмәр тақтайшада, жазу жазылған «1941-1945 Ұлы Отан соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлерге мәңгі даңқ » . Материал- бетон. Стелланың биіктігі 6м.
Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Үшқарасу ауылы, акимат аумағында. Обилиск стелла түрінде жасалынған, үшсатылы баспалдақта тұғыр бетоннан жасалынған. Ұлы Отан соғысының ордені тұғырдың биік жағында, астынғы жағында- мәрмәр тақтайшада қаза болған жерлестердің есімдері жазылған. «1941-1945» жылдар жазылған. Авторы - В. Васьянов сәулетші. Ескерткіш алаңы абаттандырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға