Жаңалықтар

Тәж-Махал кесенесі

Тәж-Махал - Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шахтың тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған кесене дейді аңыздар. Он тоғыз жыл отасып, он үш құрсақ көтерген, он төртінші перзентін дүниеге әкелерде аяулы жар-қосағы Мұмтаз қаза болғанда, Үндістанның әйгілі билеушісі Жаһан шахтың ертегідей патшалығынан өзегін өртеген қайғысынан айықтырар ештеңе табылмаған: ұлы мемлекетті уысында ұстаған билік те, көл-көсір алтын, күміс, асыл дүние де, үндінің хор қызындай қылықты арулары да жұбаныш бола алмаған. Сыңарынан  айырылған аққудай болған патша сүйіктісіне арнап, кейін әлемдегі жеті кереметтің біріне саналған Тәж Махал (ΧVII ғ.) ескерткіш-ғимаратын салдырып, өмірінің ақырына дейін соған қарап, шерін тарқатып өткен екен. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан, ЮНЕСКО шеңберінде әлемдік мұра саналатын жеті кереметтің бірі - ұлы ғимарат Тәж-Махал кесенесі. Жамуна өзенінің алабындағы зәулім, көрген көзді үңілтіп, Үнді сәулет өнерінің шыңына көтерілген. Кесененің құрылысы 22 жылға созылған. 1630 жылы басталып, 1652 жылы дайын болған екен. Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған әйгілі кесененің  құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұста жұмылдырылған. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жататын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі - архитектураның шыңы. Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған. Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жаһан шахтың жоспары бойынша, оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын бастауға кедергі болды
19.03.2013 04:34 10921

Тәж-Махал - Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шахтың тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған кесене дейді аңыздар. Он тоғыз жыл отасып, он үш құрсақ көтерген, он төртінші перзентін дүниеге әкелерде аяулы жар-қосағы Мұмтаз қаза болғанда, Үндістанның әйгілі билеушісі Жаһан шахтың ертегідей патшалығынан өзегін өртеген қайғысынан айықтырар ештеңе табылмаған: ұлы мемлекетті уысында ұстаған билік те, көл-көсір алтын, күміс, асыл дүние де, үндінің хор қызындай қылықты арулары да жұбаныш бола алмаған. Сыңарынан  айырылған аққудай болған патша сүйіктісіне арнап, кейін әлемдегі жеті кереметтің біріне саналған Тәж Махал (ΧVII ғ.) ескерткіш-ғимаратын салдырып, өмірінің ақырына дейін соған қарап, шерін тарқатып өткен екен.
Делиден 204 шақырым жерде орналасқан, ЮНЕСКО шеңберінде әлемдік мұра саналатын жеті кереметтің бірі - ұлы ғимарат Тәж-Махал кесенесі. Жамуна өзенінің алабындағы зәулім, көрген көзді үңілтіп, Үнді сәулет өнерінің шыңына көтерілген.
Кесененің құрылысы 22 жылға созылған. 1630 жылы басталып, 1652 жылы дайын болған екен.
Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған әйгілі кесененің  құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұста жұмылдырылған. Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жататын тура соның көшірмесі салынған. Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі - архитектураның шыңы. Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған.
Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жаһан шахтың жоспары бойынша, оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын бастауға кедергі болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға