Жаңалықтар

Шарбақты ауданы

1928 жылы 17 қаңтарда құрамында сол кезде Володарский деп аталатын Павлодарский ауданы бар, барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округы құрылды. Ауданның орталығы Вознесенка селосы болды. 1930-шы жылдардың басында аудан Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап отырды да ауыл-советтерге бөлінді. 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпин және Галкин болып екіге бөлінді. 1963 жылдың 2 қаңтарында ауданның аты Цурюпин ауданынан Щербакты болып өзгертілді. Орталығы Щербакты селосы Павлодар қаласынан солтүстік-шығыста 85 шақырым қашықта орналасқан. Аудан орталығын қақ жарып темір жол көрші Ресей мемлекетіне өтіп жатыр. Ауданның тарихы мемлекетіміздің тарихын толық қайталайды. Мысалы, 1920-шы жылдары коллективтендіру, артельдер мен колхоздардың құрылуы, МТС-тардың ұйымдастырылуы ауданның тарихында кеңінен орын алды. Бірақ аудан соғыс уақытында да сақталып қалды. Ауданда 66 колхаз, 4 МТС, орман шаруашлығы, май зауыты, «Интернационал» өнеркәсіп артелі, электростанция, темір-жол станциясы, кірпіш зауыты, байланыс жүйесі, типография, 67 мектеп жұмыс істеді. Соғыс жылдары ауданда өнеркәсіп комбинаты, қосымша сабын қайнататын цехтар ашылды, доңғалақ майын, тігін, тоқу, ұсташылық аспаптарын шығаратын цехтар ашылды. Соғысқа ауданнан 5062 адам кетіп, оның жартысы қайтпады. 2798 шарбақтылықтар соғыста қайтыс болған және із-түзсіз жоқ болып кеткен болып есептеледі. Ауданды Сталиндік қуғын-сүргін, халықтардың жаппалай көшірілуі сияқты үлкен қозғалыстар айналып өткені жоқ. 1941 жылдың өзінде ауданға түрлі ұлттар мен халықтардан 12500 адамдар көшіріліп келді. Аудан тарихында тыңды игеру өзіндік орынға ие. Бірінші тыңды игерушілер 1954 жылдың 28 ақпанында келді. Олар Хмельницкий, Қарабидай совхоздарының негізін қалады. 1990-шы жылдары қайта құрудан соң ауданның өмірінде түбегейлі өзгерістер болды. Алдыңғы ұрпақтың жасаған көптеген құрылыстары мен жаңалықтары сақталмады. Бірақ шарбақтылықтар бұл жағдайда да өздерін жоғалтқан жоқ. Өткен өмір - тек қана тарих емес. Өткен өмір бүгінгі күніміздің бастауы. Қазіргі күні ауданда 16 селолық округ, 33 мектеп, 22 клуб, 20 кітапхана, кәсіптік мектеп, мектеп-интернат, отбасылық балалар үйі, 5 балалар бақшасы, музыкалық мектеп, «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығы, балалар спорт мектебі, «Забота» қарттар үйі, тарихи -өлкетану мұражайы, туберкулез емханасы, аудандық емхана, барлық селоларда ауылдық дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Қазір ауданда спорттық кешен құрылып , 2008 жылдың желтоқсанынан өз жұмысын бастады. Ауданның мақтанышы Шалдай жеріндегі қарағайлы жолақты шыршалы орман. Мұндай орман біздің Қазақстаннан басқа Канада және Ресейде ғана бар. Онда «Космические зори», «Чайка», «Лесная сказка» балалар демалыс лагерлері жұмыс істеп келуде. Маралды еліндегі тұзды көлінің емдік қасиетті балшығы аймақтағы халықтардың демалыс-емдік орнына айналған. 2008 жылы Шарбақты ауданына 80 жыл толды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 12:07 4705

1928 жылы 17 қаңтарда құрамында сол кезде Володарский деп аталатын Павлодарский ауданы бар, барлығы 9 ауданды қамтитын Павлодар округы құрылды. Ауданның орталығы Вознесенка селосы болды. 1930-шы жылдардың басында аудан Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылдың 15 қаңтарынан бастап Павлодар облысының құрамына енді. 1930-шы жылдардың басынан бастап шекаралар ұдайы өзгеріске ұшырап отырды да ауыл-советтерге бөлінді. 1944 жылдың 8 мамырында аудан Цурюпин және Галкин болып екіге бөлінді.

1963 жылдың 2 қаңтарында ауданның аты Цурюпин ауданынан Щербакты болып өзгертілді. Орталығы Щербакты селосы Павлодар қаласынан солтүстік-шығыста 85 шақырым қашықта орналасқан. Аудан орталығын қақ жарып темір жол көрші Ресей мемлекетіне өтіп жатыр. Ауданның тарихы мемлекетіміздің тарихын толық қайталайды. Мысалы, 1920-шы жылдары коллективтендіру, артельдер мен колхоздардың құрылуы, МТС-тардың ұйымдастырылуы ауданның тарихында кеңінен орын алды.

Бірақ аудан соғыс уақытында да сақталып қалды. Ауданда 66 колхаз, 4 МТС, орман шаруашлығы, май зауыты, «Интернационал» өнеркәсіп артелі, электростанция, темір-жол станциясы, кірпіш зауыты, байланыс жүйесі, типография, 67 мектеп жұмыс істеді. Соғыс жылдары ауданда өнеркәсіп комбинаты, қосымша сабын қайнататын цехтар ашылды, доңғалақ майын, тігін, тоқу, ұсташылық аспаптарын шығаратын цехтар ашылды. Соғысқа ауданнан 5062 адам кетіп, оның жартысы қайтпады. 2798 шарбақтылықтар соғыста қайтыс болған және із-түзсіз жоқ болып кеткен болып есептеледі.

Ауданды Сталиндік қуғын-сүргін, халықтардың жаппалай көшірілуі сияқты үлкен қозғалыстар айналып өткені жоқ. 1941 жылдың өзінде ауданға түрлі ұлттар мен халықтардан 12500 адамдар көшіріліп келді.

Аудан тарихында тыңды игеру өзіндік орынға ие. Бірінші тыңды игерушілер 1954 жылдың 28 ақпанында келді. Олар Хмельницкий, Қарабидай совхоздарының негізін қалады.

1990-шы жылдары қайта құрудан соң ауданның өмірінде түбегейлі өзгерістер болды. Алдыңғы ұрпақтың жасаған көптеген құрылыстары мен жаңалықтары сақталмады. Бірақ шарбақтылықтар бұл жағдайда да өздерін жоғалтқан жоқ.

Өткен өмір - тек қана тарих емес. Өткен өмір бүгінгі күніміздің бастауы. Қазіргі күні ауданда 16 селолық округ, 33 мектеп, 22 клуб, 20 кітапхана, кәсіптік мектеп, мектеп-интернат, отбасылық балалар үйі, 5 балалар бақшасы, музыкалық мектеп, «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығы, балалар спорт мектебі, «Забота» қарттар үйі, тарихи -өлкетану мұражайы, туберкулез емханасы, аудандық емхана, барлық селоларда ауылдық дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Қазір ауданда спорттық кешен құрылып , 2008 жылдың желтоқсанынан өз жұмысын бастады.

Ауданның мақтанышы Шалдай жеріндегі қарағайлы жолақты шыршалы орман. Мұндай орман біздің Қазақстаннан басқа Канада және Ресейде ғана бар. Онда «Космические зори», «Чайка», «Лесная сказка» балалар демалыс лагерлері жұмыс істеп келуде. Маралды еліндегі тұзды көлінің емдік қасиетті балшығы аймақтағы халықтардың демалыс-емдік орнына айналған.

2008 жылы Шарбақты ауданына 80 жыл толды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға