Жаңалықтар

Успенка ауданы

Успен ауданы - Павлодар облысының солтүстік - шығысында орналасқан, ол 1935 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы - Успен селосы. Жер аумағы 5,5 мың. км. Тұрғыны 18400 мың. адам. Аудандағы 22 елді мекен 13 ауылдық округтерге біріктірілген. Солтүстік шығысында Қашыр ауданымен, оңтүстік - батысында Павлодар ауданымен, оңтүстік - шығысында Шарбақты ауданымен және Ресейдің Алтай өлкесімен шектеседі. 1935 жылдың қаңтар айының 31-де Цюрипин ауданының бөліктенуі арқылы Лозов ауданы болып ұйымдастырылды. ҚСРО Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен Лозов ауданы 1963 жылы жабылып, соның негізінде Успен ауданы болып құрылды.Аудан жері толығымен Құлынды даласында жатыр. Сондықтан оның жер бедері тегіс келеді. Ауданның климаты тым континенттік. Топырақ жамылғысын қызғылт қоңыр, көл жағалауларында шалғынды - құмдақты топырақ құрайды, өсімдігі қызғылт салау, сәбізшөп аралас әр түрлі, шығысындағы аралас бөтеге өседі. Солтүстүгінің біраз бөлігін қайыңды шоқ ормандар алып жатыр. Аудан аймағында қасқыр, түлкі, қоян, елік, сарышұнақ, аламан кездеседі. Өзен, көл аңғарлары қиыршықты - малта тасты шөгінділерден тізілген. Тұз, құрылысқа қажет құм, қиыршықтас, құмды - саздақты Тобылжан кен орны бар. Ауданда сауатсыздықты жою мәселесі қолға алынып,1935 жылы 1236 сауатсыз адам болды, жыл сонында 854 адам жазып, оқи білді. 1937 жылдың 1 қазанында 50- жеті жылдық, 1- орта мектеп ашылды. 155 мұғалім жұмыс істеді, мектептерде 3696 бала оқыды. 1934 жылы колхоздарда «Фордзон» тракторы күрделі молотилкалар пайда бола бастады. 1935 жылы 3 МТС (машинно-трактор станциялары) ұйымдастырылды: Лозов, Надаров, Түрксиб станцияларына 20 колхоздан бекітілді. 40-шы жылдың басында Успен ауданында 8 оқу үйлері, 24 ауыл клубы, 280 кітап қоры бар, 1 аудандық кітапхана болды. 1935 жылы аудандық кеңес, аудан компартиясының ұйымдастыруымен «Сталинский путь» газеті шығарыла бастады. Газеттің алғашқы редакторы болып Павел Павлович Иванов тағайындалды. Колхоздың басты ауыртпалық күшін түйе, жылқы, өгіз малдары атқаратын. Успен ауылы. 1939 жыл. Қызыл Армия әскер қатарына шығарып салынды. Соғыстың бірінші күнінен бастап, аудан өмірі, еліміздің басына төнген ауыртпалықты бірдей көтерді. Успен жерінен майданға 3000 мыңдай адам аттанды. Біздің болашағымыз үшін 1487 адам мәңгіге көз жұмды. 640 адам хабарсыз кетті, көбі денсаулықтарын жоғалтып, бейбіт күндері соғыстан алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тек қана 25 соғыс ардагерлері Жеңістің 60 жылдығына жетті. Қазақстан Совет Одағының Ұлы Отан соғысы жылдары жоғары түсім звеноларын құру қозғалысын алғашқылардың бірі болып бастады. 1942 жылы Лозов ауданы (қазіргі Успен) «Отөзек» колхозынан шыққан А.Дацкованың жастар звеносы кеңінен танымал болды. 1944 жылдың қыркүйегінде «Большевицкий путь» облыстық газеті комсомолдық бастамасымен аяқ-киім және оқушылардың киімін жөндеу шеберханасын ашылғанын жазды. Осы бастаманы Надаров ауылдық атқару комитеті қолдап, пима жасау шеберханасын ашты. Соғыс кезінде аудан көлемінде балалар үйі мен 1 интернат жұмыс істейді. ХХІ ғасырға Республикамыз аяғын нық басып еңді. Жаңа мыңжылдыққа өзіміз де жаңа құңды сеніммен, ескі келеңсіздіктерді артқа тастап, жаңа серпінмен кірдік. Бұл өзгерістердің маңызы - жаңа өмірдің мағыналығында, көп жыл бойы армандаған ойымыз бүгінгі күні жүзеге асып отыр. Бұған айғақ аудан өміріндегі оң өзгерістердің болып жатқаны куә. 2004-2010 жылы ауыл аймақтың бағдарламасы мен агроазық-түлікті дамыту бағдарламасын орындауда маңызды өзгерістер болды. Егін алқаптары 14,5 мың гектарға, күнбағыс - 10 мың га ұлғайтылды. Тұқымды жаңарту дәнді астық дақылдар өнімдерін өсуіне ықпалын тигізді, ірі қара мал - 4%-ға, қой - 4%-ға, шошқа - 13%-ға, жылқы - 30% өсті. Аудан тұрғындарының әл - ауқатын көтеру мәселесін шешуге үлкен жұмыстар жүргізілді. 2,8 млн. тенге микрокредит игерілді. Экономикада, әлеуметтік саласында, ауылды көріктендіруде тиімді өзгерістер жүргізілді. Ауданда 37 құрылым бірлістігі бар «Ажбулат» ауылдық - кредит серіктестігі жұмыс істейді. 1992 жылы Э.Г.Руфф «Дойче Кэзе» неміс ірімшік өндіретін шағын кәсіптік шаруашылығын ашып, «РЭГтайм» шаруашылық қожалық басшысы қызметтін атқарады. Ет-сүт өсімдектерін өндіріп, астық және мал шаруашылығымен айналасады. «Галицкое» ЖШС шаруашылық фермасында 4 мыңнан аса ірі қара мал, 4 мың қаз, инкубатор, т.б. дәнді - дақылдарды, шөп жинау техникалары (трактор, комбайн) бар. Осы шаруашылық қожалығын облыстық маслихаттын депутаты, білікті маман, өз ісінің шебері А.А. Касицин басқарады. Ильичевка ауыл - аймағында 33 шаруашылық қожалығы бар, Егіс алқабы 21 мың. 900 га құрайды.Егіс алқабының көлемі бойынша ауданда Новопокров ауылынан кейін 2 (екінші) орын алады. Көп шаруашылық қожалықтары жаңа техникалар трактор, сеялкалар алды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 12:06 5412

Успен ауданы - Павлодар облысының солтүстік - шығысында орналасқан, ол 1935 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы - Успен селосы. Жер аумағы 5,5 мың. км. Тұрғыны 18400 мың. адам. Аудандағы 22 елді мекен 13 ауылдық округтерге біріктірілген. Солтүстік шығысында Қашыр ауданымен, оңтүстік - батысында Павлодар ауданымен, оңтүстік - шығысында Шарбақты ауданымен және Ресейдің Алтай өлкесімен шектеседі.

1935 жылдың қаңтар айының 31-де Цюрипин ауданының бөліктенуі арқылы Лозов ауданы болып ұйымдастырылды.

ҚСРО Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен Лозов ауданы 1963 жылы жабылып, соның негізінде Успен ауданы болып құрылды.Аудан жері толығымен Құлынды даласында жатыр. Сондықтан оның жер бедері тегіс келеді. Ауданның климаты тым континенттік. Топырақ жамылғысын қызғылт қоңыр, көл жағалауларында шалғынды - құмдақты топырақ құрайды, өсімдігі қызғылт салау, сәбізшөп аралас әр түрлі, шығысындағы аралас бөтеге өседі. Солтүстүгінің біраз бөлігін қайыңды шоқ ормандар алып жатыр. Аудан аймағында қасқыр, түлкі, қоян, елік, сарышұнақ, аламан кездеседі. Өзен, көл аңғарлары қиыршықты - малта тасты шөгінділерден тізілген. Тұз, құрылысқа қажет құм, қиыршықтас, құмды - саздақты Тобылжан кен орны бар.

Ауданда сауатсыздықты жою мәселесі қолға алынып,1935 жылы 1236 сауатсыз адам болды, жыл сонында 854 адам жазып, оқи білді. 1937 жылдың 1 қазанында 50- жеті жылдық, 1- орта мектеп ашылды. 155 мұғалім жұмыс істеді, мектептерде 3696 бала оқыды.

1934 жылы колхоздарда «Фордзон» тракторы күрделі молотилкалар пайда бола бастады.

1935 жылы 3 МТС (машинно-трактор станциялары) ұйымдастырылды: Лозов, Надаров, Түрксиб станцияларына 20 колхоздан бекітілді.

40-шы жылдың басында Успен ауданында 8 оқу үйлері, 24 ауыл клубы, 280 кітап қоры бар, 1 аудандық кітапхана болды.

1935 жылы аудандық кеңес, аудан компартиясының ұйымдастыруымен «Сталинский путь» газеті шығарыла бастады. Газеттің алғашқы редакторы болып Павел Павлович Иванов тағайындалды.

Колхоздың басты ауыртпалық күшін түйе, жылқы, өгіз малдары атқаратын.

Успен ауылы. 1939 жыл. Қызыл Армия әскер қатарына шығарып салынды.

Соғыстың бірінші күнінен бастап, аудан өмірі, еліміздің басына төнген ауыртпалықты бірдей көтерді. Успен жерінен майданға 3000 мыңдай адам аттанды. Біздің болашағымыз үшін 1487 адам мәңгіге көз жұмды. 640 адам хабарсыз кетті, көбі денсаулықтарын жоғалтып, бейбіт күндері соғыстан алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тек қана 25 соғыс ардагерлері Жеңістің 60 жылдығына жетті.

Қазақстан Совет Одағының Ұлы Отан соғысы жылдары жоғары түсім звеноларын құру қозғалысын алғашқылардың бірі болып бастады. 1942 жылы Лозов ауданы (қазіргі Успен) «Отөзек» колхозынан шыққан А.Дацкованың жастар звеносы кеңінен танымал болды.

1944 жылдың қыркүйегінде «Большевицкий путь» облыстық газеті комсомолдық бастамасымен аяқ-киім және оқушылардың киімін жөндеу шеберханасын ашылғанын жазды. Осы бастаманы Надаров ауылдық атқару комитеті қолдап, пима жасау шеберханасын ашты. Соғыс кезінде аудан көлемінде балалар үйі мен 1 интернат жұмыс істейді.

ХХІ ғасырға Республикамыз аяғын нық басып еңді. Жаңа мыңжылдыққа өзіміз де жаңа құңды сеніммен, ескі келеңсіздіктерді артқа тастап, жаңа серпінмен кірдік. Бұл өзгерістердің маңызы - жаңа өмірдің мағыналығында, көп жыл бойы армандаған ойымыз бүгінгі күні жүзеге асып отыр. Бұған айғақ аудан өміріндегі оң өзгерістердің болып жатқаны куә.

2004-2010 жылы ауыл аймақтың бағдарламасы мен агроазық-түлікті дамыту бағдарламасын орындауда маңызды өзгерістер болды. Егін алқаптары 14,5 мың гектарға, күнбағыс - 10 мың га ұлғайтылды. Тұқымды жаңарту дәнді астық дақылдар өнімдерін өсуіне ықпалын тигізді, ірі қара мал - 4%-ға, қой - 4%-ға, шошқа - 13%-ға, жылқы - 30% өсті. Аудан тұрғындарының әл - ауқатын көтеру мәселесін шешуге үлкен жұмыстар жүргізілді. 2,8 млн. тенге микрокредит игерілді.

Экономикада, әлеуметтік саласында, ауылды көріктендіруде тиімді өзгерістер жүргізілді.

Ауданда 37 құрылым бірлістігі бар «Ажбулат» ауылдық - кредит серіктестігі жұмыс істейді.

1992 жылы Э.Г.Руфф «Дойче Кэзе» неміс ірімшік өндіретін шағын кәсіптік шаруашылығын ашып, «РЭГтайм» шаруашылық қожалық басшысы қызметтін атқарады. Ет-сүт өсімдектерін өндіріп, астық және мал шаруашылығымен айналасады.

«Галицкое» ЖШС шаруашылық фермасында 4 мыңнан аса ірі қара мал, 4 мың қаз, инкубатор, т.б. дәнді - дақылдарды, шөп жинау техникалары (трактор, комбайн) бар. Осы шаруашылық қожалығын облыстық маслихаттын депутаты, білікті маман, өз ісінің шебері А.А. Касицин басқарады.

Ильичевка ауыл - аймағында 33 шаруашылық қожалығы бар, Егіс алқабы 21 мың. 900 га құрайды.Егіс алқабының көлемі бойынша ауданда Новопокров ауылынан кейін 2 (екінші) орын алады.

Көп шаруашылық қожалықтары жаңа техникалар трактор, сеялкалар алды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға