Жаңалықтар

«Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктірді

Мемлекет саясатының ең маңызды әлеуметтік бағыттарының бірі -  мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау болып табылады. Кеше Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі өткізілді. Бұл жоба түрлі жастағы, түрлі аурумен ауратын адамдардың басын біріктіріп, оларға көмектесуді мақсат тұтады.    Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі мүмкіндігі шектеулі талантты адамдарды анықтап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ, мүгедектерге көмектесіп жүрген мемлекеттік және қоғамдық орындардың қызметін жандандыру мақсатында ұйымдастырылуда. Аталған жоба кешіне түрлі дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.    Фестиваль аясында декоративті-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтіп, онда қатысушылар өздерінің декоративті-қолданбалы өнерлерін  көрсетті. Шахмат пен дойбыдан турнир ұйымдастырылып, концерт қойылды. Концертте мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мүгедектердің өздері өнер көрсетті. Фестивальге Қазақ саңыраулар қоғамы, Соқырлар қоғамы мен «Жас Нұр» саңыраулар қоғамы өкілдері қатысты. Astana.kz
18.03.2013 12:00 4026

Мемлекет саясатының ең маңызды әлеуметтік бағыттарының бірі -  мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау болып табылады.
Кеше Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі өткізілді. Бұл жоба түрлі жастағы, түрлі аурумен ауратын адамдардың басын біріктіріп, оларға көмектесуді мақсат тұтады.   
Шығармашылықта шекара жоқ» фестивалі мүмкіндігі шектеулі талантты адамдарды анықтап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, сондай-ақ, мүгедектерге көмектесіп жүрген мемлекеттік және қоғамдық орындардың қызметін жандандыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Аталған жоба кешіне түрлі дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.   
Фестиваль аясында декоративті-қолданбалы шығармашылық көрмесі өтіп, онда қатысушылар өздерінің декоративті-қолданбалы өнерлерін  көрсетті. Шахмат пен дойбыдан турнир ұйымдастырылып, концерт қойылды. Концертте мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіріп отырған қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мүгедектердің өздері өнер көрсетті.
Фестивальге Қазақ саңыраулар қоғамы, Соқырлар қоғамы мен «Жас Нұр» саңыраулар қоғамы өкілдері қатысты.

Astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға