Мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасында Астана командасы І орын алды
Астаналық мектеп оқушылары командасы Республикалық олимпиадада жалпы-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша «Үздік команда - 2013» атағын жеңіп алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті. Астана оқушылары жеті жыл қатарынан Республикалық олимпиадада көш бастауда. Биылғы жылы жалпы-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада Талдықорған қаласында наурыздың 12-сінен 18-не дейін өтті. Оған елорданың жалпы орта білім беретін мекемелерінен 47 оқушы қатысты. Олардың 26-сы медаль, грамоталармен марапатталды. Астаналық оқушылардың 7-уі бірінші, 9-ы екінші және 10-ы үшінші орынға ие болды. «2013 жылы олимпиада өте қиын өтті. Әсіресе, математика пәнінің тапсырмалары күрделі болды. Алайда, біздің балалар бұл пән бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, 2 бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, астаналық оқушылар географиядан 3, физикадан 1 «алтын» алды», - деді astana.kz сайтына «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Майра Құрманбаева. Орталық директорының айтуынша, 25-і мен 30 наурыз аралығында Тараз қаласында мектеп оқушылары Республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтеді. Бұл жолы балалар гуманитарлық пәндер бойынша жарысқа түседі. Олимпиадаға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 40-тан астам дарынды баласы қатысады. Astana.kz
18.03.2013 11:50
6150
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ривалдо «Барселонада» бапкер болуы мүмкін