Жаңалықтар

Павлодар ауданы: ХХ ғасырдың 40-60 жылдары

1940 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар ауданының құрамына 11 ауыл кірді: Ақтөбе, Гаврилов, Григорьев, Жана-ауыл, Жертұмсық, Петров, Роте-Фан, Романов, Чернорецк, Шақат және Ямышев. Аудан 1930-1935 жылдары егіншілік сала ретінде нашар дамыды, 13 шаруашылықта техника саны аз болды, дәнді дақылдар шығымдылығы екі центнерге де жетпеді. Жемшөп, жүгері өндірісімен айналысады. Табиғи шабындыққа негізгі сенім артылды, себебі мал шаруашылығы үшін шемшөп дайындалды. Сонда да мал шаруашылығы өнімін өндіру төмен деңгейде болды, себебі мал жемі болмады. Ұрықтандыру және тұқымдық жұмысы сол уақытта жүргізілмеді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ауылдықтар өндіріс жоспарын орындау және өнім тапсыру үшін көп күш-жігер жұмсады. 1946-47жылдары диқаншылар еңбегінің арқасында аудан егін шығымдылығы бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Сол жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1947 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен көптеген еңбеккерлер үкімет наградаларын алды. 1947 жылғы егін көп шаруашылықтарға мал өнімділігін көтеруге ықпал етті. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің соғыстың алдындағы деңгейі қалпына келтірілді және оданда жоғары деңгейге де жететін болды. Ауылдарда оқу залдары мен жылжымалы кино құрылғысы жұмыс істеді. Әр ауылда кітапханалар жұмыс істеді, ал шағын ауылдарда қызыл бұрыштар ұйымдастырылды. Аудан тарихындағы бет-бұрысты сәтті және тыңайған жерлерді игеру. 1954-1955 жылдары Павлодар ауданында тың және тыңайған жерлерді жырту кезінде дәнді дақылдардың алқаптары 3-4 есеге көбейді. Тың кезінде аудан аумағында жаңа кеншарлар ұйымдастырылды: Ямышев, Преснов, Жаңа-Ауыл, Восточный, Кубанский. 1955 жылғы 20 қарашада ХІІІ аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Кузин сайланды. Астық танабының кеңеюіне және егін шығымдылығының көтерілуіне байланысты 1956 жылы аудан бойынша өте жақсы астық егіні жиналып, сонымен қатар мал өнімділігі жоғарылады. 1962 жылдың басында ұжымдық шаруашылықтар мен кейбір кеншарлар бөлімшелерінің базасында тағы да үш жаңа кеншар құрылды: «Заря», «Маяк» және «Маралды». Ефремовка ауылында Павлодар МТС базасында жаңа мамандандырылған шошқа өсіретін «Ефремовский» кеншары құрылды. Пресное ауылында «Авангард» құс кеңшары, ал Мичуринде - «Плодопитомник» қоян өсіру кеншары ұйымдастырылды. Сонымен, ауданда 14 кеншар мен 2 ұжымшар - Киров және Тельман атындағы ұжымшар болды. 50-ші жылдардың ортасында және 60-шы жылдардың басында құрғақшылық пен жаппай жер жыртуға байланысты дәнді дақылдар егістерінің көптеген бөлігі жел эрозиясына ұшырады. Осындай қиыншылық жағдайда Красноармейка ауылында «Кубанский» кеңшарының негізінде топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі Тәжірибелік станциясы ұйымдастырылды. Ғылыми станциялар жел эрозиясымен күресу үшін алқаптық топырақ қорғау жүйесі мен жерді өңдеуді қолдануды ұсынды. Бұл шаралардың арқасында бірнеше жылдардан кейін егіншілік саласы жақсарып, астық шығымдылығы артты. 80-ші жылдарда ауданда бірқатар ірі сүт-мал шаруашылығы кешені және мамандандырылған сүт бөлімшелері жұмыс істеді. Ауданның озат шаруашылықтары - Киров атындағы және Тельман атындағы ұжымшарларда, сондай-ақ басқа да шаруашылықтарда бір сиырдан шыққан сауын үш мың килограмнан асты. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 09:11 4015

1940 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар ауданының құрамына 11 ауыл кірді: Ақтөбе, Гаврилов, Григорьев, Жана-ауыл, Жертұмсық, Петров, Роте-Фан, Романов, Чернорецк, Шақат және Ямышев.

Аудан 1930-1935 жылдары егіншілік сала ретінде нашар дамыды, 13 шаруашылықта техника саны аз болды, дәнді дақылдар шығымдылығы екі центнерге де жетпеді. Жемшөп, жүгері өндірісімен айналысады. Табиғи шабындыққа негізгі сенім артылды, себебі мал шаруашылығы үшін шемшөп дайындалды. Сонда да мал шаруашылығы өнімін өндіру төмен деңгейде болды, себебі мал жемі болмады. Ұрықтандыру және тұқымдық жұмысы сол уақытта жүргізілмеді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ауылдықтар өндіріс жоспарын орындау және өнім тапсыру үшін көп күш-жігер жұмсады. 1946-47жылдары диқаншылар еңбегінің арқасында аудан егін шығымдылығы бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Сол жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1947 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен көптеген еңбеккерлер үкімет наградаларын алды.

1947 жылғы егін көп шаруашылықтарға мал өнімділігін көтеруге ықпал етті. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің соғыстың алдындағы деңгейі қалпына келтірілді және оданда жоғары деңгейге де жететін болды.

Ауылдарда оқу залдары мен жылжымалы кино құрылғысы жұмыс істеді. Әр ауылда кітапханалар жұмыс істеді, ал шағын ауылдарда қызыл бұрыштар ұйымдастырылды.

Аудан тарихындағы бет-бұрысты сәтті және тыңайған жерлерді игеру. 1954-1955 жылдары Павлодар ауданында тың және тыңайған жерлерді жырту кезінде дәнді дақылдардың алқаптары 3-4 есеге көбейді. Тың кезінде аудан аумағында жаңа кеншарлар ұйымдастырылды: Ямышев, Преснов, Жаңа-Ауыл, Восточный, Кубанский. 1955 жылғы 20 қарашада ХІІІ аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Кузин сайланды. Астық танабының кеңеюіне және егін шығымдылығының көтерілуіне байланысты 1956 жылы аудан бойынша өте жақсы астық егіні жиналып, сонымен қатар мал өнімділігі жоғарылады.

1962 жылдың басында ұжымдық шаруашылықтар мен кейбір кеншарлар бөлімшелерінің базасында тағы да үш жаңа кеншар құрылды: «Заря», «Маяк» және «Маралды».

Ефремовка ауылында Павлодар МТС базасында жаңа мамандандырылған шошқа өсіретін «Ефремовский» кеншары құрылды. Пресное ауылында «Авангард» құс кеңшары, ал Мичуринде - «Плодопитомник» қоян өсіру кеншары ұйымдастырылды. Сонымен, ауданда 14 кеншар мен 2 ұжымшар - Киров және Тельман атындағы ұжымшар болды. 50-ші жылдардың ортасында және 60-шы жылдардың басында құрғақшылық пен жаппай жер жыртуға байланысты дәнді дақылдар егістерінің көптеген бөлігі жел эрозиясына ұшырады. Осындай қиыншылық жағдайда Красноармейка ауылында «Кубанский» кеңшарының негізінде топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі Тәжірибелік станциясы ұйымдастырылды. Ғылыми станциялар жел эрозиясымен күресу үшін алқаптық топырақ қорғау жүйесі мен жерді өңдеуді қолдануды ұсынды. Бұл шаралардың арқасында бірнеше жылдардан кейін егіншілік саласы жақсарып, астық шығымдылығы артты. 80-ші жылдарда ауданда бірқатар ірі сүт-мал шаруашылығы кешені және мамандандырылған сүт бөлімшелері жұмыс істеді. Ауданның озат шаруашылықтары - Киров атындағы және Тельман атындағы ұжымшарларда, сондай-ақ басқа да шаруашылықтарда бір сиырдан шыққан сауын үш мың килограмнан асты.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға