Жаңалықтар

Қашыр ауданы: жалпы мәлімет

Аудандағы барлық жолдардың жалпы ұзындығы 1203 километр, соның ішінде табиғи-қара жол 335,7 километр. Аудан 1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен, Максим-Горький ауданы жойылғаны және оның аймағын Кашыр ауданының құрамына тапсыру нәтижесінде құрылған. Максим-Горький ауданы 1928 жылғы 23 маусымда Федоров ауданының атын өзгертуге байланысты құрылған. Федоров ауданы 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылған. 1934 жылдан бастап Павлодар қаласынан 112 километрде орналасқан Кашыр ауылы аудан орталығы болып табылады. Солтүстікте және солтүстік-батыста аудан Железинка ауданымен, солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Карасук ауданымен, шығыста Успен ауданымен, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Павлодар аудандарымен шектес болады. Батыста Қашыр ауданының табиғи шекарасы Ертіс өзені болады. 1928 жылы ауданның халық саны 4042 шаруада бірлескен 21984 адам құрады. Облыстың Мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша ауданның орыс тілді халқы - ресейдің Еуропа бөліктерінен, Харьков, Самара, Саратов, Каменец-Подольск, Мәскеу, Тамбов, Казань, Чернигов губернияларынан қоныс аударып келгендер. Аудан аумағы Ертіс жазығы мен Кұлынды даласының торабында орналасқан. Бедері жазық. Климаты ызғарлы-континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 18-19 градус, шілденің +20+21 градус. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық саны 250-300 мм құрайды. Топырақтары талшынды, құмды. Аудан аумағында 50 шақырым ұзына бойы Ертіс өзені ағады, ұсақ көлдер көп. Селеу, бөтеге, ермен, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққулар бар. Тұщы көлдерде – мөңке балық, алабұға, шабак, шортан балықтары бар. Ауданда пайдалы қазбалардан глаубер және ас тұздың кен орындары, кірпіш, жабынғыш жасайтын балшық бар. Оның қоры шексіз. Аудан шаруашылығының негізгі бағыты - дәнді мал шаруашылығы. 1928 жылы ауданның егістік жері 27196,43 десятина. Астық өнімділігі орта есеппен сұлының десятинасынан 45 пұт, бидайдың 35 пұт алынды. 1928 жылдың мәліметтері бойынша малдар саны 43737 болды, соның ішінде ірі қара малдың саны-10739, қой мен ешкі саны-17760, жылқы саны -4730 , шошқа саны-767, түйе саны-212. Ауданда 2 агрономиялық учаскесі, 2 ауыл шаруашылығының серіктестігі, тұқымды мал өсіретін 2 зауыт, 13 колхоз, 8 тұтынушылар қоғамы. 1928 жылы мәдени-ағарту мекемелерінен 18 мектеп, сауатсыздықты жоюдың 2 орны, 2 медициналық және 1 ветеринариялық орны жұмыс істеді. Соғыс алдында 1939 жылдың санағы бойынша аудан халқының саны 24385 адам болды. 1941 жылдың 1 қаңтарына ауданда 41 колхоз, 3 совхоз, 3 МТС болды. Аудан шаруашылықтарының 823035 шаршы километр пайдаланатын жері болды, соның ішінде егістік 287209 шаршы километр. Кашыр ауылының облыс орталығымен телефон-телеграфтық байланысы болды. Аудан ішінде Кашыр ауылы телеграфпен 8 ауылдық кеңесімен байланыс орналастырылды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 08:40 5237

Аудандағы барлық жолдардың жалпы ұзындығы 1203 километр, соның ішінде табиғи-қара жол 335,7 километр.

Аудан 1963 жылғы 2 қаңтардағы Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен, Максим-Горький ауданы жойылғаны және оның аймағын Кашыр ауданының құрамына тапсыру нәтижесінде құрылған.

Максим-Горький ауданы 1928 жылғы 23 маусымда Федоров ауданының атын өзгертуге байланысты құрылған. Федоров ауданы 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылған.

1934 жылдан бастап Павлодар қаласынан 112 километрде орналасқан Кашыр ауылы аудан орталығы болып табылады.

Солтүстікте және солтүстік-батыста аудан Железинка ауданымен, солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Карасук ауданымен, шығыста Успен ауданымен, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Павлодар аудандарымен шектес болады. Батыста Қашыр ауданының табиғи шекарасы Ертіс өзені болады.

1928 жылы ауданның халық саны 4042 шаруада бірлескен 21984 адам құрады.

Облыстың Мемлекеттік мұрағатының құжаттары бойынша ауданның орыс тілді халқы - ресейдің Еуропа бөліктерінен, Харьков, Самара, Саратов, Каменец-Подольск, Мәскеу, Тамбов, Казань, Чернигов губернияларынан қоныс аударып келгендер.

Аудан аумағы Ертіс жазығы мен Кұлынды даласының торабында орналасқан. Бедері жазық. Климаты ызғарлы-континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 18-19 градус, шілденің +20+21 градус. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық саны 250-300 мм құрайды. Топырақтары талшынды, құмды. Аудан аумағында 50 шақырым ұзына бойы Ертіс өзені ағады, ұсақ көлдер көп. Селеу, бөтеге, ермен, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққулар бар. Тұщы көлдерде – мөңке балық, алабұға, шабак, шортан балықтары бар.

Ауданда пайдалы қазбалардан глаубер және ас тұздың кен орындары, кірпіш, жабынғыш жасайтын балшық бар. Оның қоры шексіз.

Аудан шаруашылығының негізгі бағыты - дәнді мал шаруашылығы. 1928 жылы ауданның егістік жері 27196,43 десятина. Астық өнімділігі орта есеппен сұлының десятинасынан 45 пұт, бидайдың 35 пұт алынды.

1928 жылдың мәліметтері бойынша малдар саны 43737 болды, соның ішінде ірі қара малдың саны-10739, қой мен ешкі саны-17760, жылқы саны -4730 , шошқа саны-767, түйе саны-212. Ауданда 2 агрономиялық учаскесі, 2 ауыл шаруашылығының серіктестігі, тұқымды мал өсіретін 2 зауыт, 13 колхоз, 8 тұтынушылар қоғамы.

1928 жылы мәдени-ағарту мекемелерінен 18 мектеп, сауатсыздықты жоюдың 2 орны, 2 медициналық және 1 ветеринариялық орны жұмыс істеді.

Соғыс алдында 1939 жылдың санағы бойынша аудан халқының саны 24385 адам болды. 1941 жылдың 1 қаңтарына ауданда 41 колхоз, 3 совхоз, 3 МТС болды.

Аудан шаруашылықтарының 823035 шаршы километр пайдаланатын жері болды, соның ішінде егістік 287209 шаршы километр.

Кашыр ауылының облыс орталығымен телефон-телеграфтық байланысы болды. Аудан ішінде Кашыр ауылы телеграфпен 8 ауылдық кеңесімен байланыс орналастырылды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға