Жаңалықтар

Алматы облысының Райымбек ауданында «Ел тағдыры – Менің тағдырым!» форумы өтті

Алматы облысының Райымбек ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында «Ел тағдыры – Менің тағдырым!» форумы өтті, деп хабарлайды "Назарбаев орталығының" баспасөз қызметі. Райымбек ауданындағы форумда Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шоғанбай Мұсаев, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Мейрамхан Мұхамадиев, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Асқар Әбідінов, А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Дариха Саламатова, «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағының иегері Нағима Таласбаева, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Абай Қасенов сөз сөйледі. «Өздері туралы айта келіп олар: Отанға деген махаббатсыз ешқандай жетістікке қол жеткізіп, өз аймағыңды дамытуға үлес қосу мүмкін емес деді. Өткен өмірлерін еске алған құрметті ақсақалдар жастардың назарын ең алдымен өз білімін талмай көтере беруге аударды. Олардың айтуынша, қажырлы еңбек пен мақсатқа ұмтылушылық өмірдегі өз орныңды табуға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да ықпал етеді», - делінген хабарламада. Дәл осындай форум Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындада өтті. Естеріңізге салсақ, алғашқы республикалық «Ел тағдыры – менің тағдарым!» форумы былтыр Астанада Елорда күні қарсаңында өткен болатын. Шараның ұйымдастырушылары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі. Ел арасында үлкен Ел арасында үлкен қызығушылық тудырған форумды жыл сайын, еліміздің барлық өңірлерінде өткізіп тұруға шешім қабылданған болатын ortcom.kz  
18.03.2013 06:27 3731

Алматы облысының Райымбек ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында «Ел тағдыры – Менің тағдырым!» форумы өтті, деп хабарлайды "Назарбаев орталығының" баспасөз қызметі.

Райымбек ауданындағы форумда Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шоғанбай Мұсаев, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Мейрамхан Мұхамадиев, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Асқар Әбідінов, А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Дариха Саламатова, «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» атағының иегері Нағима Таласбаева, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Абай Қасенов сөз сөйледі.

«Өздері туралы айта келіп олар: Отанға деген махаббатсыз ешқандай жетістікке қол жеткізіп, өз аймағыңды дамытуға үлес қосу мүмкін емес деді. Өткен өмірлерін еске алған құрметті ақсақалдар жастардың назарын ең алдымен өз білімін талмай көтере беруге аударды. Олардың айтуынша, қажырлы еңбек пен мақсатқа ұмтылушылық өмірдегі өз орныңды табуға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Дәл осындай форум Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындада өтті.

Естеріңізге салсақ, алғашқы республикалық «Ел тағдыры – менің тағдарым!» форумы былтыр Астанада Елорда күні қарсаңында өткен болатын. Шараның ұйымдастырушылары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі. Ел арасында үлкен Ел арасында үлкен қызығушылық тудырған форумды жыл сайын, еліміздің барлық өңірлерінде өткізіп тұруға шешім қабылданған болатын

ortcom.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға