Жаңалықтар

Ертіс ауданы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдары

1920 жылдың 26 тамызында Қазақ Республикасы Ресей құрамындағы Автономия атағын алғанда, оның құзырында Павлодар үйезі де болуға тиісті еді. Бірақ іс жүзінде олай болмады. Ол Омбы уезінің құрамында қалып қойды. Тек жарты жылдан кейін ғана, дәлірек айтқанда, 1921 жылдың 7 ақпанында Павлодар уйезі қарауында 31 болысымен бірге Омбы губерниясының құрамынан шығып қазақ автономиясына қосылды. Жаңа экономикалық құрылыс пен ауылдардың кеңестердірілуімен байланысты 1928 жылдың 17 қарашасында Павлодар уйезі таратылды. Оның орнына құрамында 9 ауданы бар Павлодар округы құрылды. 1928 жылдын 3 қыркүйегінде округ бекіді. Ертіс ауданының құрамына Железин, Ертіс, Новоиванов болыстары мен Үйірлітүп, Алқакөл болыстырының біраз бөлігі кірді. Сөйтіп, Ертіс аударының жері Ертіс өзенінің сол жақ өңірін ғана емес, оң жақ өңіріндегі қазіргі Железин ауданының едәуір бөлігін де қамтыды. 1930 жылдың 15 шілдесінде округтарды жойып, тек аудандарды ғана қалдыру жөнінде қаулы қабылданды. Аудандардың да саны ықшамдалды. Республикадағы 180 ауданнан 112-і ғана қалдырылды. Бұрынғы Павлодар округындағы 9 ауданның орнына 7 аудан құрылды. Оның бірі Ертіс ауданы болды. 1932 жылдың ақпан айында Қазақстанда 6 облыс құрылып, олардың әр қайсысы 15-20 ауданға бөлінді. Соның бірі Шығыс-Қазақстан облысының (орталығы Семей қаласы) құрамына 21 аудан кірді. Қайта бөліну кезінде осы облысқа қараған Ертіс ауданының құрамынан Железин және Үйірлітүп селолық Кеңестері шығып қалды. Ауданда 39 ауылшаруашылық артелі және 4 кеңшар бар. (Северный, Суворов, Новотроицк және Қазақстанның Х жылдығы атындағы). 15 май зауыты, 230 кәсіпкер, 3 почта-телеграф станциясы, 25 сауда орны, 75 төсектік 3 аурухана 6 дәрігерлік және 9 фельдшерлік пункт, бір әйелдер-балалар консультациясы, 11 мектеп, 6 клуб, 6 қызылбұрыш, 15 оқу үйі және 4 кітапхана жұмыс істейді. 1932 жылдың 1 қаңтарындағы ақпарда 26 партия ұясы, 14 кандидаттық топ, 1794 комсомол мүшесі бар делінген. Ертіс ауданында 1930 жылдан бастап екі газет жарық көрген. Оның бірі қазақша - «Колхоз тілі» 1565 данамен екіншісі орысша - «Иртышский колхозник» 3800 данамен тараған. 1938 жылы Шығыс-Қазақстан облысынан бұрынғы Павлодар уйезінің жеріндегі 7 аудан бөлініп шықты да ол Павлодар облысы аталды. Оның құрамына Ертіс ауданы да кірді. Сол жылдың күзінде жаңадан құрылған Куйбышев ауданы жерінің Ертіс ауданынан бөлініп берілді. Содан осы уақытқа дейін Ертіс ауданының шекарасы айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 06:12 3673

1920 жылдың 26 тамызында Қазақ Республикасы Ресей құрамындағы Автономия атағын алғанда, оның құзырында Павлодар үйезі де болуға тиісті еді. Бірақ іс жүзінде олай болмады. Ол Омбы уезінің құрамында қалып қойды. Тек жарты жылдан кейін ғана, дәлірек айтқанда, 1921 жылдың 7 ақпанында Павлодар уйезі қарауында 31 болысымен бірге Омбы губерниясының құрамынан шығып қазақ автономиясына қосылды.

Жаңа экономикалық құрылыс пен ауылдардың кеңестердірілуімен байланысты 1928 жылдың 17 қарашасында Павлодар уйезі таратылды. Оның орнына құрамында 9 ауданы бар Павлодар округы құрылды. 1928 жылдын 3 қыркүйегінде округ бекіді. Ертіс ауданының құрамына Железин, Ертіс, Новоиванов болыстары мен Үйірлітүп, Алқакөл болыстырының біраз бөлігі кірді. Сөйтіп, Ертіс аударының жері Ертіс өзенінің сол жақ өңірін ғана емес, оң жақ өңіріндегі қазіргі Железин ауданының едәуір бөлігін де қамтыды.

1930 жылдың 15 шілдесінде округтарды жойып, тек аудандарды ғана қалдыру жөнінде қаулы қабылданды. Аудандардың да саны ықшамдалды. Республикадағы 180 ауданнан 112-і ғана қалдырылды. Бұрынғы Павлодар округындағы 9 ауданның орнына 7 аудан құрылды. Оның бірі Ертіс ауданы болды.

1932 жылдың ақпан айында Қазақстанда 6 облыс құрылып, олардың әр қайсысы 15-20 ауданға бөлінді. Соның бірі Шығыс-Қазақстан облысының (орталығы Семей қаласы) құрамына 21 аудан кірді. Қайта бөліну кезінде осы облысқа қараған Ертіс ауданының құрамынан Железин және Үйірлітүп селолық Кеңестері шығып қалды.

Ауданда 39 ауылшаруашылық артелі және 4 кеңшар бар. (Северный, Суворов, Новотроицк және Қазақстанның Х жылдығы атындағы). 15 май зауыты, 230 кәсіпкер, 3 почта-телеграф станциясы, 25 сауда орны, 75 төсектік 3 аурухана 6 дәрігерлік және 9 фельдшерлік пункт, бір әйелдер-балалар консультациясы, 11 мектеп, 6 клуб, 6 қызылбұрыш, 15 оқу үйі және 4 кітапхана жұмыс істейді.

1932 жылдың 1 қаңтарындағы ақпарда 26 партия ұясы, 14 кандидаттық топ, 1794 комсомол мүшесі бар делінген. Ертіс ауданында 1930 жылдан бастап екі газет жарық көрген. Оның бірі қазақша - «Колхоз тілі» 1565 данамен екіншісі орысша - «Иртышский колхозник» 3800 данамен тараған.

1938 жылы Шығыс-Қазақстан облысынан бұрынғы Павлодар уйезінің жеріндегі 7 аудан бөлініп шықты да ол Павлодар облысы аталды. Оның құрамына Ертіс ауданы да кірді.

Сол жылдың күзінде жаңадан құрылған Куйбышев ауданы жерінің Ертіс ауданынан бөлініп берілді. Содан осы уақытқа дейін Ертіс ауданының шекарасы айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға