Жаңалықтар

Ертіс ауданы: 1906-1919 ж.ж.

Ең алдымен 1906 жылы қоныстанушылардың №75 участкесі пайда болды. Ол көзіргі «Қызылжар» ауылының төңірегін қамтыды да орыс тілінде «Красный яр» аталды. Содан кейін 1908 жылы Шұбарат ауылының орнына -Беловод, Мойнақтың орнына - Горностаевка, Қосағаштың орнына - Грабово аталған селолар пайда болды. 1909 жылы Қорғанкөлдің орнына - Голубовка, 1910 жылы Қылышбектің орнында - Корниловка, 1911 жылы Тереңсайдың орнында Печорск аталған селолар пайда болды. 1914 жылы Шүйгін жайлауының орнында да орыс селосы қоныстап, кейін ол Коммунар колхозы атанды. 1915 жылы Ақтайлақ ауылының орнына Никоноровское селосы қоныстанды, Семей губерниясы есептеу басқармасының мәліметінде Ертіс болысындағы селолардың отбасы мен адам саны да көрсетілген, Оған жүгінсек, 1920 жылы болыс орталығы Ертіс селосында 466 отбасы және онда 2698 адам болған екен. Жалпы алғанда Ертіс болысындағы орыс селоларында 1920 жылғы санақ бойынша, - 1822 отбасы, онда 9887 адам; ал 1924 жылғы санақ бойынша, - 1772 отбасы, онда 10.110 адам болған. Төрт жылдың ішінде отбасы да, адам саны да өспеген, қайта біраз кеміген. Павлодар уйезінде, оның ішінде Қызылағаш болысында, Кеңес өкіметі 1919 жылдың қараша айында орнады. Бұл кезде Павлодар уйезі барлық болыстарымен қоса, Сібір төңкеріс комитетіне бағынып, Омбы губерниясының құрамына кірді. Архив жазбаларына қарағанда, 1918 жылдың 16 наурызында Ертіс селосында Леонтьев деген саудагердің дүкенінде Ертіс болысы мен Қызылағаш болысы өкілдерінің Сиезі өткізіліп, онда осы сиезде ұйымдастырушы Федор Иванович Бурягин баяндама жасайды. Күн тәртібіндегі мәселе: «Кеңес өкіметіне сиездің көзқарасы туралы». Бұл сиезге Ертіс болысының 35 селосынан, Қызылағаш болысының 5 ауылынан 58 адам қатысады. Сиезде 21 адамнан атқару комитеті сайланып, оны басқару Ф.И.Бурягинге, төтенше комиссияны басқару Е.И.Дюжий, ал әскери комитетін басқару И.П.Носикке жүктеледі. 1919 жылдың 24 қарашасы ертістіктер үшін тарихи күн. Бұл күні кешке қарай Кеңес Армиясының 228-ші Карел полкі Ертіс селосына келіп кіреді, оның штабының орналасқан жері, сол қарсанда қашып үлгерген Сорокин деген бай саудагердің үйі. Бұл полк Ертіс селосында үш күн тынығып, қарашаның 27-күні Ертіс бойын өрлей аттанады да қарашаның 29 күні Павлодар қаласына барып кіреді. Ертіс ауданында Кеңес өкіметі орнап, жаңа заман талаптарына сай өзгерістер жасала бастағанымен, басқару жүйесінің ұлттық сипаты баяғыша қала берді. Қазақтарды Қызылағаш болысы басқарып, іс қағаздарын өзінің ана тілінде, ал орыстарды Иртыш болысы біріктіріп, іс қағаздарын орыс тілінде жүргізді. Екі болыс бір-біріне бағынбады. Сөйтіп ауданда дәреже-құқы тең екі болыс жұмыс істеді. Бұл жүйе 1928 жылы екі болыс бірігіп Ертіс ауданы аталғанға дейін сақталды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 06:10 3446

Ең алдымен 1906 жылы қоныстанушылардың №75 участкесі пайда болды. Ол көзіргі «Қызылжар» ауылының төңірегін қамтыды да орыс тілінде «Красный яр» аталды. Содан кейін 1908 жылы Шұбарат ауылының орнына -Беловод, Мойнақтың орнына - Горностаевка, Қосағаштың орнына - Грабово аталған селолар пайда болды.

1909 жылы Қорғанкөлдің орнына - Голубовка, 1910 жылы Қылышбектің орнында - Корниловка, 1911 жылы Тереңсайдың орнында Печорск аталған селолар пайда болды. 1914 жылы Шүйгін жайлауының орнында да орыс селосы қоныстап, кейін ол Коммунар колхозы атанды. 1915 жылы Ақтайлақ ауылының орнына Никоноровское селосы қоныстанды, Семей губерниясы есептеу басқармасының мәліметінде Ертіс болысындағы селолардың отбасы мен адам саны да көрсетілген, Оған жүгінсек, 1920 жылы болыс орталығы Ертіс селосында 466 отбасы және онда 2698 адам болған екен.

Жалпы алғанда Ертіс болысындағы орыс селоларында 1920 жылғы санақ бойынша, - 1822 отбасы, онда 9887 адам; ал 1924 жылғы санақ бойынша, - 1772 отбасы, онда 10.110 адам болған. Төрт жылдың ішінде отбасы да, адам саны да өспеген, қайта біраз кеміген.

Павлодар уйезінде, оның ішінде Қызылағаш болысында, Кеңес өкіметі 1919 жылдың қараша айында орнады. Бұл кезде Павлодар уйезі барлық болыстарымен қоса, Сібір төңкеріс комитетіне бағынып, Омбы губерниясының құрамына кірді.

Архив жазбаларына қарағанда, 1918 жылдың 16 наурызында Ертіс селосында Леонтьев деген саудагердің дүкенінде Ертіс болысы мен Қызылағаш болысы өкілдерінің Сиезі өткізіліп, онда осы сиезде ұйымдастырушы Федор Иванович Бурягин баяндама жасайды.

Күн тәртібіндегі мәселе: «Кеңес өкіметіне сиездің көзқарасы туралы». Бұл сиезге Ертіс болысының 35 селосынан, Қызылағаш болысының 5 ауылынан 58 адам қатысады. Сиезде 21 адамнан атқару комитеті сайланып, оны басқару Ф.И.Бурягинге, төтенше комиссияны басқару Е.И.Дюжий, ал әскери комитетін басқару И.П.Носикке жүктеледі.

1919 жылдың 24 қарашасы ертістіктер үшін тарихи күн. Бұл күні кешке қарай Кеңес Армиясының 228-ші Карел полкі Ертіс селосына келіп кіреді, оның штабының орналасқан жері, сол қарсанда қашып үлгерген Сорокин деген бай саудагердің үйі. Бұл полк Ертіс селосында үш күн тынығып, қарашаның 27-күні Ертіс бойын өрлей аттанады да қарашаның 29 күні Павлодар қаласына барып кіреді.

Ертіс ауданында Кеңес өкіметі орнап, жаңа заман талаптарына сай өзгерістер жасала бастағанымен, басқару жүйесінің ұлттық сипаты баяғыша қала берді. Қазақтарды Қызылағаш болысы басқарып, іс қағаздарын өзінің ана тілінде, ал орыстарды Иртыш болысы біріктіріп, іс қағаздарын орыс тілінде жүргізді. Екі болыс бір-біріне бағынбады. Сөйтіп ауданда дәреже-құқы тең екі болыс жұмыс істеді. Бұл жүйе 1928 жылы екі болыс бірігіп Ертіс ауданы аталғанға дейін сақталды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға