Жаңалықтар

Екібастұз қаласы: жалпы мәлімет

Патшалы Ресейдің ХҮІІІ-ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ жерін отарлау мақсатындағы жүргізген жүйелі саясаты, ақырында келіп, ХІХ-ғасырдың бірінші жартысында қазақтың феодалдық мемлекетінің мүлде күйреуі мен қазақ халқының тәуелсіздігінен айырылып, орыс империясының біржолата боданы болуына әкелген еді. Міне, осыдан кейін Қазақстанда патшалық әкімшілік жүйелердің нығаюына байланысты көшпелі халықтың құнарлы, шабынды-жайылым алқаптары күшпен тартып алынып, ол жерлерге Ресейдің шаруаларын, орыс-қазақтарын жаппай қоныстандыру процесі басталады. Бұл қоныс аудару қозғалысының қазақ халқын жалпы ресейлік тарихтың бірыңғай арнасына тартуына байланысты, біріншіден, Қазақстанда капиталистік өндіріс қатынастарының дамуы тездеп, көшпелі өмірдің тынысы тарылса, екіншіден, жеріміздегі мол пайдалы кен байлықтарды игеруге ынтыққан орыстың тіміскі тау-кен өндірісшілері қазақ даласына ағылып келе бастайды. Сондай арзанға түсетін пайда іздеуші өнеркәсіпшілердің бірі - Томск губерниясының көпесі Степан Иванович Попов Баянауыл өңіріне келіп, жергілікті байырғы тұрғындарына шамалы сыйлықтар беріп, олардың көмегімен алтын, күміс, қорғасын және мыс кендері бар жерлерді іздестіреді. Соның арқасыңда 1863 жылы Баянауыл өңірінде пайдалы қазбалар шығаратын 24 күміс, мыс қорытатын Алексаңдровск (бүгінгі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы совхоздың жерінде) және Иоанно-Предтеченск (Жүсіпбек Аймауытов атыңдағы совхоздың жерінде) мыс қорыту зауыттары жұмыс істеді. Бұл зауыттардың алғашқысы 1838 жылы Қазақстан көлемінде түңғыш рет ашылған, бүгінгі Майқайын поселкесінің оңтүстік жағында 18 шақырымдай қашықтықтағы Талдыкөл кенішінде өңдірілген көмірмен жұмыс істесе, ал екінші зауыт сол жердегі Қызылтаудың солтүстік-шығыс етегінен табылған көмірді пайдаланады. Попов көпеске кен орыңдарын тауып берушілердің ішінен аса білгір кен барлаушы, жер қойнауының сырын өсімдік, шөптерден танып, білетін Қосым Пішенбаевты ерекше атауға болады. Ол 1866 жылы 22 жасында Поповқа алғашқы рет Майбұлақ деген жерден мыс кенін тауып береді. 1-2 жыл кейірінек, Қосымның Екібастұз көлі маңынан тас көмір кенін ашқаны белгілі. Алайда, ол кезде бұл ашылған көмір кеніне орыс кәсіпкерлерінің ешқайсысы мән бермейді. Өйткені, бұл жерге металлургиялық зауыт салатындай оның маңыңда мыс, не басқадай түсті металдар алуға болатын кеніштер әлі табылмаған еді. 1876 жылы Омбының әскери-топографиялық бөлімі Екібастұз көлінің жан-жағын топографиялық картаға түсіріп, оның күнбатыс жағынан, Қосым көмір кенін алғаш тапқан жерден, бірнеше шурфтар салды. Мұның бәрі бұл жерде тас көмір қорының барлығын анықтайды. Осы жұмыстардың нәтижесіңде Омбы округінің 1876 жылғы әскери картасыңда Екібастұз көлі маңында «Поповтың тас көмір кені» деген белгі түсіріледі. Содан кейін, өткен ғасырдың 80-жылдарында Барнаул қаласындағы Алтайдың кен басқармасы Екібастұз көлі маңында тас көмір кенінің барлығын анықтау мақсатымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Айта кететін бір жайт - «Екібастұз» атауының шығу тегі, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп аталғаны архивтік документтерден белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған поселке мен қала да «Екібастұз» деп аталады. Ал, «Екібастұз» атауының этимологиясына келсек, бұл атау үш компоненттен құралған: Екі-бас-тұз. Осы үш сөздің жасалуы аталмыш көлдің жоғарыдан қарағандағы жоспарында оның оңтүстік жағасы екі шетінен ұзара шығып, бас бейнелі деп айтарлықтай болуына байланысты сияқты. Соңдықтан да жергілікті халық көлге атау бергенде алдымен оның суының тұздылығын, сыртқы бейнесінің бір жағы көрер көзге екі басты болуын ескеріп «екі басты тұзды көл» деуі мүмкін деп жорамалдауға болады. Кейін соңғы екі сөздегі «ты», «ды» жұрнақтары айтыла келе түсіп қалып, «Екібастұз» аталуы-тілдегі занды құбылыс. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 05:46 9246

Патшалы Ресейдің ХҮІІІ-ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ жерін отарлау мақсатындағы жүргізген жүйелі саясаты, ақырында келіп, ХІХ-ғасырдың бірінші жартысында қазақтың феодалдық мемлекетінің мүлде күйреуі мен қазақ халқының тәуелсіздігінен айырылып, орыс империясының біржолата боданы болуына әкелген еді.

Міне, осыдан кейін Қазақстанда патшалық әкімшілік жүйелердің нығаюына байланысты көшпелі халықтың құнарлы, шабынды-жайылым алқаптары күшпен тартып алынып, ол жерлерге Ресейдің шаруаларын, орыс-қазақтарын жаппай қоныстандыру процесі басталады. Бұл қоныс аудару қозғалысының қазақ халқын жалпы ресейлік тарихтың бірыңғай арнасына тартуына байланысты, біріншіден, Қазақстанда капиталистік өндіріс қатынастарының дамуы тездеп, көшпелі өмірдің тынысы тарылса, екіншіден, жеріміздегі мол пайдалы кен байлықтарды игеруге ынтыққан орыстың тіміскі тау-кен өндірісшілері қазақ даласына ағылып келе бастайды. Сондай арзанға түсетін пайда іздеуші өнеркәсіпшілердің бірі - Томск губерниясының көпесі Степан Иванович Попов Баянауыл өңіріне келіп, жергілікті байырғы тұрғындарына шамалы сыйлықтар беріп, олардың көмегімен алтын, күміс, қорғасын және мыс кендері бар жерлерді іздестіреді. Соның арқасыңда 1863 жылы Баянауыл өңірінде пайдалы қазбалар шығаратын 24 күміс, мыс қорытатын Алексаңдровск (бүгінгі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы совхоздың жерінде) және Иоанно-Предтеченск (Жүсіпбек Аймауытов атыңдағы совхоздың жерінде) мыс қорыту зауыттары жұмыс істеді. Бұл зауыттардың алғашқысы 1838 жылы Қазақстан көлемінде түңғыш рет ашылған, бүгінгі Майқайын поселкесінің оңтүстік жағында 18 шақырымдай қашықтықтағы Талдыкөл кенішінде өңдірілген көмірмен жұмыс істесе, ал екінші зауыт сол жердегі Қызылтаудың солтүстік-шығыс етегінен табылған көмірді пайдаланады.

Попов көпеске кен орыңдарын тауып берушілердің ішінен аса білгір кен барлаушы, жер қойнауының сырын өсімдік, шөптерден танып, білетін Қосым Пішенбаевты ерекше атауға болады. Ол 1866 жылы 22 жасында Поповқа алғашқы рет Майбұлақ деген жерден мыс кенін тауып береді. 1-2 жыл кейірінек, Қосымның Екібастұз көлі маңынан тас көмір кенін ашқаны белгілі. Алайда, ол кезде бұл ашылған көмір кеніне орыс кәсіпкерлерінің ешқайсысы мән бермейді. Өйткені, бұл жерге металлургиялық зауыт салатындай оның маңыңда мыс, не басқадай түсті металдар алуға болатын кеніштер әлі табылмаған еді.

1876 жылы Омбының әскери-топографиялық бөлімі Екібастұз көлінің жан-жағын топографиялық картаға түсіріп, оның күнбатыс жағынан, Қосым көмір кенін алғаш тапқан жерден, бірнеше шурфтар салды. Мұның бәрі бұл жерде тас көмір қорының барлығын анықтайды. Осы жұмыстардың нәтижесіңде Омбы округінің 1876 жылғы әскери картасыңда Екібастұз көлі маңында «Поповтың тас көмір кені» деген белгі түсіріледі.

Содан кейін, өткен ғасырдың 80-жылдарында Барнаул қаласындағы Алтайдың кен басқармасы Екібастұз көлі маңында тас көмір кенінің барлығын анықтау мақсатымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді.

Айта кететін бір жайт - «Екібастұз» атауының шығу тегі, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп аталғаны архивтік документтерден белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған поселке мен қала да «Екібастұз» деп аталады.

Ал, «Екібастұз» атауының этимологиясына келсек, бұл атау үш компоненттен құралған: Екі-бас-тұз. Осы үш сөздің жасалуы аталмыш көлдің жоғарыдан қарағандағы жоспарында оның оңтүстік жағасы екі шетінен ұзара шығып, бас бейнелі деп айтарлықтай болуына байланысты сияқты. Соңдықтан да жергілікті халық көлге атау бергенде алдымен оның суының тұздылығын, сыртқы бейнесінің бір жағы көрер көзге екі басты болуын ескеріп «екі басты тұзды көл» деуі мүмкін деп жорамалдауға болады. Кейін соңғы екі сөздегі «ты», «ды» жұрнақтары айтыла келе түсіп қалып, «Екібастұз» аталуы-тілдегі занды құбылыс.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға