Жаңалықтар

Ақсу қаласы: жалпы мәлімет

Ақсу қаласы (1993 ж. дейін Ермак қаласы) облыс орталығынан оңтүстікке қарай 40 км. жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ақсу қаласы және ауылдық аймағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май және Лебяжі аудандарымен, ал ауылдық аймағы шығысында Екібастұз қ. шектеседі. Климаты күрт - континетальды. Орта температурасы қаңтарда 15-17 градус, шілдеде 20-21 градус, жауын-шашынның орта жылдық саны 250-300 мм. Топырағы қоңыр, шалғын, кейбір болып келеді, тыңайған жерлерді игеру кезінде аумақтың көп бөлігі жыртылған болатын. Боз, бетеге, жусан, қияқөлең, қамыс, көктерек өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қосаяқ, қоян және тағы басқа жануарлар бар. Ақсу қаласының тарихы Екібастұз тұзды көлі маңынан ашылған тас көмір кенінің ашылуымен тығыз байланысты. ХІХ ғасырдың аяғы. Ресей империясының бір бөлігі ретінде Қазақстан сол уақытта капиталистік дамудың экономикасына көптеп тартылды. Ресей экономикасы мен сауда ісінің дамуы – метрополиялар мен Қазақстанның – колониялардың Ресейге Қазақстаннан шикізат жеткізу және керісінше Ресейден Қазақстанға басқа шикізат - тауарлар, орман материалдары, заттар жеткізудің көлемін ұлғайтты. Осы кезеңде Қ. Пшенбаевтың көмір кен орнын ашуы, кейін ХІХ ғ. 90 – жылдары павлодарлық миллионер-көпес А. И. Деровтың шақыруымен келген ғалымдардың, инженерлер мен геологтардың зерттеулері шахта қазу әдісімен көмір кенін өндіруді бірінші рет бастап көру керек деп шешті. Ертіс пен Обь өзеніндегі пароход саласының дамуы, 1986 ж. Челябинскіден Омбыға дейін салынған темір жолдың іске қосылуы – Екібастұз көмірін Ертіске жеткізу керек деп мәселені тура қойды. Киевтегі қант зауыты иесі Л. Бродский мен діни басшы Иоанн Кронштадскийдің көмегіне сүйене отырып, павлодарлық көпес А. И. Деров екібастұздық көмірді өндіру үшін акционерлік қоғам құру керек деп шешті, бұл қоғам кейін «Воскресенск» деген атаққа ие болды. 1989 ж. қазан айында темір жол құрылысы салынып, пристанға жеткізілді. Жолдың ұзындығы 109 қадам (110 шақырым) болды. Воскресенск пристані Ертіс бойымен 1,5 шақырымға дейін созылып, 7,4 шаршы шақырым ауданды алып жатты, бұл жер баржалар мен пароходтар тоқтау үшін қолайлы болды. Воскресенск пристані қызметкерлері үшін ауданы 2114 шаршы метр тұрғын үй салынды, ал жұмысшылар үшін ауданы 840 шаршы метр барақтар, вокзал, кір жуатын орны бар монша, шеберхана, ағаш кесетін орын, диірмен т. б. құрылыстар салынды. Воскресенск пристані мен темір жол бірнеше жыл бойы жұмыс істеді. 1900-1903 жж. пристань арқылы баржаға 1,5 миллион пұт көмір әкелініп, жөнелтілді. 1903 ж. қоғам банкротқа ұшырағаннан кейін темір жол мен пристань да құлдырады. Пристаньмен бір мезгілде №5 қазақ ауылының жанында Қызыл – Шарпы жерінде балшықтан соғылған үйлері бар тұрақ пайда болды.Шаруаларды қоныс аудару кезінде 1906 ж. поселок халқы көбейді. «Глинка»деп атаған тұрақтағы халық саны 1000 адамға жетті. 1912-1913 жж. бұрынғы пристань мен Глинка өмірінде өзгерістер болды. Губернатордың жарғысы бойынша пристаньға «Ермак» атауы берілді. 1914 ж . жаңа қаланың жоспары бекітілді.Осы жылы Екібастұзда көмір өндіру үшін жаңа «Қырғыз тау-кен өндірістік қоғамы» құрылды. Он жылдық құлдыраудан кейін қайтадан темір жол істей бастады. Пристаньдағы жұмыс жанданып, Ермак поселкесі өсіп, ірі селоға айналды. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 05:36 6761

Ақсу қаласы (1993 ж. дейін Ермак қаласы) облыс орталығынан оңтүстікке қарай 40 км. жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ақсу қаласы және ауылдық аймағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май және Лебяжі аудандарымен, ал ауылдық аймағы шығысында Екібастұз қ. шектеседі. Климаты күрт - континетальды. Орта температурасы қаңтарда 15-17 градус, шілдеде 20-21 градус, жауын-шашынның орта жылдық саны 250-300 мм. Топырағы қоңыр, шалғын, кейбір болып келеді, тыңайған жерлерді игеру кезінде аумақтың көп бөлігі жыртылған болатын. Боз, бетеге, жусан, қияқөлең, қамыс, көктерек өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қосаяқ, қоян және тағы басқа жануарлар бар.

Ақсу қаласының тарихы Екібастұз тұзды көлі маңынан ашылған тас көмір кенінің ашылуымен тығыз байланысты. ХІХ ғасырдың аяғы. Ресей империясының бір бөлігі ретінде Қазақстан сол уақытта капиталистік дамудың экономикасына көптеп тартылды. Ресей экономикасы мен сауда ісінің дамуы – метрополиялар мен Қазақстанның – колониялардың Ресейге Қазақстаннан шикізат жеткізу және керісінше Ресейден Қазақстанға басқа шикізат - тауарлар, орман материалдары, заттар жеткізудің көлемін ұлғайтты.

Осы кезеңде Қ. Пшенбаевтың көмір кен орнын ашуы, кейін ХІХ ғ. 90 – жылдары павлодарлық миллионер-көпес А. И. Деровтың шақыруымен келген ғалымдардың, инженерлер мен геологтардың зерттеулері шахта қазу әдісімен көмір кенін өндіруді бірінші рет бастап көру керек деп шешті. Ертіс пен Обь өзеніндегі пароход саласының дамуы, 1986 ж. Челябинскіден Омбыға дейін салынған темір жолдың іске қосылуы – Екібастұз көмірін Ертіске жеткізу керек деп мәселені тура қойды. Киевтегі қант зауыты иесі Л. Бродский мен діни басшы Иоанн Кронштадскийдің көмегіне сүйене отырып, павлодарлық көпес А. И. Деров екібастұздық көмірді өндіру үшін акционерлік қоғам құру керек деп шешті, бұл қоғам кейін «Воскресенск» деген атаққа ие болды.

1989 ж. қазан айында темір жол құрылысы салынып, пристанға жеткізілді. Жолдың ұзындығы 109 қадам (110 шақырым) болды. Воскресенск пристані Ертіс бойымен 1,5 шақырымға дейін созылып, 7,4 шаршы шақырым ауданды алып жатты, бұл жер баржалар мен пароходтар тоқтау үшін қолайлы болды.

Воскресенск пристані қызметкерлері үшін ауданы 2114 шаршы метр тұрғын үй салынды, ал жұмысшылар үшін ауданы 840 шаршы метр барақтар, вокзал, кір жуатын орны бар монша, шеберхана, ағаш кесетін орын, диірмен т. б. құрылыстар салынды. Воскресенск пристані мен темір жол бірнеше жыл бойы жұмыс істеді. 1900-1903 жж. пристань арқылы баржаға 1,5 миллион пұт көмір әкелініп, жөнелтілді. 1903 ж. қоғам банкротқа ұшырағаннан кейін темір жол мен пристань да құлдырады. Пристаньмен бір мезгілде №5 қазақ ауылының жанында Қызыл – Шарпы жерінде балшықтан соғылған үйлері бар тұрақ пайда болды.Шаруаларды қоныс аудару кезінде 1906 ж. поселок халқы көбейді. «Глинка»деп атаған тұрақтағы халық саны 1000 адамға жетті. 1912-1913 жж. бұрынғы пристань мен Глинка өмірінде өзгерістер болды. Губернатордың жарғысы бойынша пристаньға «Ермак» атауы берілді. 1914 ж . жаңа қаланың жоспары бекітілді.Осы жылы Екібастұзда көмір өндіру үшін жаңа «Қырғыз тау-кен өндірістік қоғамы» құрылды. Он жылдық құлдыраудан кейін қайтадан темір жол істей бастады. Пристаньдағы жұмыс жанданып, Ермак поселкесі өсіп, ірі селоға айналды.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға