Жаңалықтар

Мәмбетов Әзірбайжан

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлы (1.9.1932 РФ, Волгоград обл. Палласовка ауд. Савинка с.) — режиссер, педагог, қоғам қайраткері,  Қазақстанның (1970),  Қарақалпақстанның (1972) және КСРО (1976) халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы (2000). 1952 ж. Алматы хореография уч-щесін, 1957 ж. Мәскеу қ-ндағы Мемл. театр өнері ин-тының (қазіргі Мемл. театр өнері академиясы) режиссерлік ф-тін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді. 1957 — 95 ж. Қазақтың мемл. академ., драма театрында реж., директор, “Мосфильм” киностудиясында стажер-реж., “Қазақфильм” студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас реж. қызметтерін атқарған. М. өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 ж. Қазақтың мемл. академ. драма театрында Ш.Хұсайыновтың “Ертіс жағасында” пьесасын қоюмен бастады. Ол мұнда Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1959, осы спектакльде өзі Арыстанның рөлін орындады), М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” (1960), Қ.Байсейітов пен К.Шаңғытбаевтың “Беу қыздар-ай” (1960),“Құдағи келіпті” (1961), Лопе де Веганың “Қызғаныштан махаббат” (1962), М.Фриштің “Дон Жуанның думаны” (1968),“Ой жігіттер-ай” (1970), Ф.Эрвенің “Түлкі бикеш” (1984) пьесаларын қою арқылы комедия жанрында дарынын ұштай түсті. Бұдан басқа Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуін” (1975), Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұжданын” (1974), Т.Ахтановтың “Анты” (1977) мен “Жоғалған досын” (1985), Айтматовтың “Ақ кемесі” (1984, инсценировкасын өзі жасаған) мен “Боранды бекетін” (“ұасырдан да ұзақ күн” деген атпен, 1990) сахнаға шығарды. Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1962), Айтматовтың “Ана — Жер-ана” (1964, Қазақстан Мемл. сыйл., 1966), ұ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1971) сияқты трагедиялары М. трактовкасы бойынша оптимистік рухта шешім тапты. Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” (1967) мен “Қарагөзін” (1981), Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1973, инсценировкасын өзі жасаған; КСРО Мемл. сыйл., 1974), А.П. Чеховтың “Ваня ағайын” (“Сүйікті менің ағатайым” деген атпен, 1982; сондай-ақ 1996 ж. Орыстың мемл. академ. драма театрында), У.Шекспирдің “Кориоланын” (1992), Софоклдың “Эдип патшасын” (1993) қойып, батыл, ізденімпаз суреткер екенін танытты. 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. М. муз. шығармаларды сахналау жұмысымен де айналысты. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1963), сондай-ақ ұ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек” операсын (1975) қоюмен бірге “Ақ құс туралы аңыз” (1966) және “Қарагөз” (1991) балеттерінің либреттосын да жазды. “Ән қанатында” (1966), “Қан мен тер” (1978); “Жаушы” (1980) фильмдерін қойды. М. Қарақалпақтың мемл. драма және комедия театрында Мәскеу қ-ндағы Е.Вахтангов атынд. мемл. академ. драма театрында, Қарағанды обл. қазақ драма театрында, өйғыр музыкалы комедия театрында, Өзбектің мемл. академ. драма театрында қойған спектакльдері жоғары идеялық-көркемдік мазмұнымен, дәуір мен уақыт тынысын тап басқан азаматтық әуенімен ерекшеленеді. 1970 жылдан пед. қызметпен шұғылданады, 1979 жылдан Алматы мемл. театр-көркемсурет ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) проф.; 1981 жылдан Қазақ театр қоғамының (қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағының) төрағасы, 1996 жылдан президенті. 1999 жылдан Ақмола обл. қазақ музыкалы драма театрының (Астана қ.) көркемдік жағын басқарады. Астана қ-ның құрметті азаматы (2000). ҚР Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемл. сыйлықтары жөніндегі комиссияның (1998) және ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі, “Отан”, Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шығ.: Надо уйти с истоптанной тропы, “Театр”, 1960, ғ8; Казахский академический, там же, 1966, ғ11; Требовательность к себе, там же, 1971, ғ3; Режиссер и современность, 1973. К. Нұрпейісов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 11:45 6710

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлы (1.9.1932 РФ, Волгоград обл. Палласовка ауд. Савинка с.) — режиссер, педагог, қоғам қайраткері,  Қазақстанның (1970),  Қарақалпақстанның (1972) және КСРО (1976) халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы (2000). 1952 ж. Алматы хореография уч-щесін, 1957 ж. Мәскеу қ-ндағы Мемл. театр өнері ин-тының (қазіргі Мемл. театр өнері академиясы) режиссерлік ф-тін (проф. Н.И. Горчаков пен А.А. Гончаровтың мектебі бойынша) бітірді. 1957 — 95 ж. Қазақтың мемл. академ., драма театрында реж., директор, “Мосфильм” киностудиясында стажер-реж., “Қазақфильм” студиясының көркемдік жағын басқарушы, бас реж. қызметтерін атқарған. М. өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 ж. Қазақтың мемл. академ. драма театрында Ш.Хұсайыновтың “Ертіс жағасында” пьесасын қоюмен бастады. Ол мұнда Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” (1959, осы спектакльде өзі Арыстанның рөлін орындады), М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” (1960), Қ.Байсейітов пен К.Шаңғытбаевтың “Беу қыздар-ай” (1960),“Құдағи келіпті” (1961), Лопе де Веганың “Қызғаныштан махаббат” (1962), М.Фриштің “Дон Жуанның думаны” (1968),“Ой жігіттер-ай” (1970), Ф.Эрвенің “Түлкі бикеш” (1984) пьесаларын қою арқылы комедия жанрында дарынын ұштай түсті. Бұдан басқа Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуін” (1975), Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұжданын” (1974), Т.Ахтановтың “Анты” (1977) мен “Жоғалған досын” (1985), Айтматовтың “Ақ кемесі” (1984, инсценировкасын өзі жасаған) мен “Боранды бекетін” (“ұасырдан да ұзақ күн” деген атпен, 1990) сахнаға шығарды. Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” (1962), Айтматовтың “Ана — Жер-ана” (1964, Қазақстан Мемл. сыйл., 1966), ұ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1971) сияқты трагедиялары М. трактовкасы бойынша оптимистік рухта шешім тапты. Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” (1967) мен “Қарагөзін” (1981), Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тер” (1973, инсценировкасын өзі жасаған; КСРО Мемл. сыйл., 1974), А.П. Чеховтың “Ваня ағайын” (“Сүйікті менің ағатайым” деген атпен, 1982; сондай-ақ 1996 ж. Орыстың мемл. академ. драма театрында), У.Шекспирдің “Кориоланын” (1992), Софоклдың “Эдип патшасын” (1993) қойып, батыл, ізденімпаз суреткер екенін танытты. 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. М. муз. шығармаларды сахналау жұмысымен де айналысты. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1963), сондай-ақ ұ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек” операсын (1975) қоюмен бірге “Ақ құс туралы аңыз” (1966) және “Қарагөз” (1991) балеттерінің либреттосын да жазды. “Ән қанатында” (1966), “Қан мен тер” (1978); “Жаушы” (1980) фильмдерін қойды. М. Қарақалпақтың мемл. драма және комедия театрында Мәскеу қ-ндағы Е.Вахтангов атынд. мемл. академ. драма театрында, Қарағанды обл. қазақ драма театрында, өйғыр музыкалы комедия театрында, Өзбектің мемл. академ. драма театрында қойған спектакльдері жоғары идеялық-көркемдік мазмұнымен, дәуір мен уақыт тынысын тап басқан азаматтық әуенімен ерекшеленеді. 1970 жылдан пед. қызметпен шұғылданады, 1979 жылдан Алматы мемл. театр-көркемсурет ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) проф.; 1981 жылдан Қазақ театр қоғамының (қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағының) төрағасы, 1996 жылдан президенті. 1999 жылдан Ақмола обл. қазақ музыкалы драма театрының (Астана қ.) көркемдік жағын басқарады. Астана қ-ның құрметті азаматы (2000). ҚР Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемл. сыйлықтары жөніндегі комиссияның (1998) және ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі, “Отан”, Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Шығ.: Надо уйти с истоптанной тропы, “Театр”, 1960, ғ8; Казахский академический, там же, 1966, ғ11; Требовательность к себе, там же, 1971, ғ3; Режиссер и современность, 1973.

К. Нұрпейісов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға