Жаңалықтар

ОҚО-да республикалық «Наурыз» айтысы мәреге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында  Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық «Наурыз» айтысы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Шараның мақсаты - қазақтың тарихи тұлғалары Төле бидің 350 және Абылайханның 300 жылдықтарына арналады және айтыс өнері арқылы көнеден келе жатқан дәстүрлі «Наурыз» мерекесін дәріптеу,  еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін,  ұлттар мен ұлыстардың мызғымас татулығы мен достығын,   қазақ халқының салт-дәстүрі мен  әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау. Республикалық «Наурыз» айтысы алғаш рет 2004 жылы ұйымдастырылған-ды, биыл  10-шы рет өтіп отыр. Биылғы дүбірлі додаға астаналық Айнұр Тұрсынбаева,   Еркебұлан  Қайназаров, Әсем Ережеқызы, қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Нұрмат Мансұров,   батысқазақстандық Жансая Мусина, жамбылдық Асхат Қылышбек, керекулік Аспанбек Шұғатаев, ақтөбелік Аян Сейітов,  оңтүстікқазақстандық Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Жарқынбек Наушабеков, Ақмарал Леубаева, Анар Жаппарқұлова, Карима Ораловалармен қатар жас ақындар арасынан іріктелген Қалижан Білдашов, Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Асхат Садықбеков,Тұрар Тілеулиев, Гүлзия Қалымбетова, Қажымұқан Абзаловтар қатысты. Сонымен аламан айтыстың Абылай хан атындағы бас жүлдесІн Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина, Төле би атындағы бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Біржан Байтуов жеңіп алды. Екеуі де темір тұлпар мінді. Бірінші орын: Оңтүстік Қазақстан облысының белді ақыны Бекарыс Шойбековке бұйырды. Екінші орынды Алматылық Қанат Мырзаханов пен  ОҚО-ның тағы бір ақыны Нұрлан Есенқұлов алды. Үшінші орынды астаналық Айнұр Тұрсынбаева, қызылордалық Мұхтар Ниязов, оңтүстік қазақстандық Маржан Есжановалар қанжығалады. Бұдан бөлек 150 мың теңге арнайы жүлде қоры мен айтысқан қатысқан жас ақындарға 100 мың теңгеден берілді. Сонымен ордалы Оңтүстікте екі күнге созылған «Наурыз» айтыстан ешкім жүлдесіз қайтқан жоқ. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ  
17.03.2013 08:20 3546

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында  Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық «Наурыз» айтысы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Шараның мақсаты - қазақтың тарихи тұлғалары Төле бидің 350 және Абылайханның 300 жылдықтарына арналады және айтыс өнері арқылы көнеден келе жатқан дәстүрлі «Наурыз» мерекесін дәріптеу,  еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін,  ұлттар мен ұлыстардың мызғымас татулығы мен достығын,   қазақ халқының салт-дәстүрі мен  әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау. Республикалық «Наурыз» айтысы алғаш рет 2004 жылы ұйымдастырылған-ды, биыл  10-шы рет өтіп отыр. Биылғы дүбірлі додаға астаналық Айнұр Тұрсынбаева,   Еркебұлан  Қайназаров, Әсем Ережеқызы, қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Нұрмат Мансұров,   батысқазақстандық Жансая Мусина, жамбылдық Асхат Қылышбек, керекулік Аспанбек Шұғатаев, ақтөбелік Аян Сейітов,  оңтүстікқазақстандық Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Жарқынбек Наушабеков, Ақмарал Леубаева, Анар Жаппарқұлова, Карима Ораловалармен қатар жас ақындар арасынан іріктелген Қалижан Білдашов, Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Асхат Садықбеков,Тұрар Тілеулиев, Гүлзия Қалымбетова, Қажымұқан Абзаловтар қатысты.

Сонымен аламан айтыстың Абылай хан атындағы бас жүлдесІн Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина, Төле би атындағы бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Біржан Байтуов жеңіп алды. Екеуі де темір тұлпар мінді.

Бірінші орын: Оңтүстік Қазақстан облысының белді ақыны Бекарыс Шойбековке бұйырды.

Екінші орынды Алматылық Қанат Мырзаханов пен  ОҚО-ның тағы бір ақыны Нұрлан Есенқұлов алды.

Үшінші орынды астаналық Айнұр Тұрсынбаева, қызылордалық Мұхтар Ниязов, оңтүстік қазақстандық Маржан Есжановалар қанжығалады.

Бұдан бөлек 150 мың теңге арнайы жүлде қоры мен айтысқан қатысқан жас ақындарға 100 мың теңгеден берілді. Сонымен ордалы Оңтүстікте екі күнге созылған «Наурыз» айтыстан ешкім жүлдесіз қайтқан жоқ.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға