Жаңалықтар

Бұхар Хандығы

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Бұхар Хандығы — Орталық Азиядағы Шайбани хан негізін салған мемлекет (16 ғ-дың басы — 1920). 16 ғ-дың 2-жартысында хандықтың астанасы Самарқаннан Бұхара қ-на көшірілді. Б. х. деген ат осыған байланысты шыққан. Хандықта алғашында Шайбани әулеті (16 ғ-дың басынан 1598 жылға дейін), кейін Аштархан әулеті (1599 — 1740) және Маңғыт әулеті (1755 — 1920) билік жүргізді. Шайбани әулеті билік еткен тұста Орталық Азиядағы саяси жағдайға байланысты Б. х-ның жер көлемі жиі өзгеріп тұрды. 1506 — 10 ж. Қазақ хандығына қарсы ұйымдастырған 4 жорығының алғашқылары табысты болғанымен, соңғысында Шайбани әскері Қасым ханнан ойсырай жеңілді. Абдолла ІІ ханның тұсында Б. х. саяси жағынан күшейіп, территориясы айтарлықтай кеңейді. Ресеймен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бұхар ханы Иранмен арадағы толассыз күрестерінде қазақтардың көмегіне сүйенді. Қазақ хандығы билеушілерінің мұндай жәрдемін тиісті дәрежеде бағалап, қазақ ханы Шығайға Ходжент қ-н, оның баласы Тәуекел сұлтанға Зеравшан мен Адеркент өлкесінің біраз бөлігін сыйға тартты. Б. х. мен Қазақ хандығы арасындағы мұндай қатынас ұзаққа созылмады. Тәуекел хан 1583 жылдан бастап Б. х-на қарсы күрес бастады. Соның нәтижесінде 1588 ж. Ташкент хандығының қарамағына көшті. 1599 ж. Қазақ және Бұхар хандықтары арасында жасалған шартқа сәйкес, Ташкентпен қоса Түркістан аумағы да қазақтардың қарамағына көшті. Абдолла ханның мирасқоры Абд әл-Мұмин билікке таласқан топтың қолынан қаза тапқан соң, Б. х. саяси жағынан әлсірей түсті. Осы тұста Хорезм Б. х-нан бөлініп шықты. Шайбани әулеті тұсында хандық мәдени жағынан едәуір өркендей түсіп, қала құрылысы қарқынды жүргізіліп, бірқатар мешіттер, медреселер салынды. Абдолла хан тұсында хан сарайында 250-ге жуық адам ғылыммен, әдебиетпен шұғылданған. Аштархан әулетінің билігі кезінде Б. х-ндағы басқару жүйесі күрделене түсті. Мемл. басқару жүйесінің негізін аталық, диуан бегі, парванчи, датқа секілді лауазым иелері құрады. Сот, білім беру жүйесі дін иелерінің қолында болды. Аштархандықтар да Иранмен ұзақ уақыт соғысты. Қазақтардан жәрдем алған Имамқұл (Имамкули) хан (1611 — 42) ақыры ирандықтарға ойсырата соққы берді. Жеңіске қол жеткізгеннен кейін, Ташкентті қазақтардан тартып алды. Б. х. 1680 — 1702 ж. Хиуа хандығымен үнемі соғыс жағдайында болды. 1740 ж. парсы қолбасшысы Нәдір шаї Бұхараны басып алды. Аштархан әулеті билігі кезінде Б. х-нда 150-ге жуық медреселер болды, емханалар салынды. 17 ғ-да Б. х-нда өмір сүрген Жүсіп Қарабағи, Молла Ширази сынды ғұламалар өздерінің филос. трактаттарын жазып қалдырды. Сайид Несефи (1637 — 1710) секілді сарай ақындарының, “Ұбайдолла наме” атты тарихи еңбектің авторы Мир Мұхаммед Амин Бұхаридың есімі Шығысқа танымал болды. 1755 ж. ақсүйектер мен дін иелерінің қолдауына сүйенген маңғыт тайпасының жетекшісі Мұхаммед Рахым Б. х-ның тағына отырғаннан кейін мемлекеттің саяси-экон. жағдайы едәуір жақсара түсті. Ал әмір Хайдардың тұсында (1800—26) Хиуа, Қоқанмен соғыстар қайта жанданып, Бұхар әмірі қазақтар тарапынан қолдау күтті. Ресей отаршыларының қазақ даласына тереңдей енуі Бұхар әмірінің алаңдаушылығын туғызғанымен, Қоқан хандығымен жүргізіп жатқан соғысын тоқтатпады. Бұл соғысты Ресей отаршылдары өз мүддесіне пайдаланып, 1865 ж. Ташкентті, 1866 ж. Жизақты, Ходжентті басып алды. 1868 ж. Самарқан іргесінде Ресей армиясы әмір әскерлеріне қирата соққы берді. 1868 және 1873 ж. жасалған шарттарда Б. х. мен Ресей империясының арасындағы қарым-қатынас ережелері белгіленді. Б. х. Ресей протектораттығын қабылдауға мәжбүр етілді. Б. х. Ресей империясы қол астындағы мұсылмандардың 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы рухани өмірінде елеулі рөл атқарды. Бұхара медреселерінде қазақ, татар, өзбек, башқұрт, қырғыз секілді түркі тілдес мұсылман халықтарының өкілдері діни білім алды. Б. х. Түркістан өлкесінде кеңестік биліктің орнығуына барынша наразылық танытып, оған қарсы шыққан мұсылман зиялыларына қолдау көрсетті. 1920 ж. 2 қыркүйекте Қызыл Армия Бұхараны басып алды. Б. х-ның соңғы әмірі Сейіт Әлім хан Ауғанстанға барып паналады. А. Махаева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 11:44 3908

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Бұхар Хандығы — Орталық Азиядағы Шайбани хан негізін салған мемлекет (16 ғ-дың басы — 1920). 16 ғ-дың 2-жартысында хандықтың астанасы Самарқаннан Бұхара қ-на көшірілді. Б. х. деген ат осыған байланысты шыққан. Хандықта алғашында Шайбани әулеті (16 ғ-дың басынан 1598 жылға дейін), кейін Аштархан әулеті (1599 — 1740) және Маңғыт әулеті (1755 — 1920) билік жүргізді. Шайбани әулеті билік еткен тұста Орталық Азиядағы саяси жағдайға байланысты Б. х-ның жер көлемі жиі өзгеріп тұрды. 1506 — 10 ж. Қазақ хандығына қарсы ұйымдастырған 4 жорығының алғашқылары табысты болғанымен, соңғысында Шайбани әскері Қасым ханнан ойсырай жеңілді. Абдолла ІІ ханның тұсында Б. х. саяси жағынан күшейіп, территориясы айтарлықтай кеңейді. Ресеймен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бұхар ханы Иранмен арадағы толассыз күрестерінде қазақтардың көмегіне сүйенді. Қазақ хандығы билеушілерінің мұндай жәрдемін тиісті дәрежеде бағалап, қазақ ханы Шығайға Ходжент қ-н, оның баласы Тәуекел сұлтанға Зеравшан мен Адеркент өлкесінің біраз бөлігін сыйға тартты. Б. х. мен Қазақ хандығы арасындағы мұндай қатынас ұзаққа созылмады. Тәуекел хан 1583 жылдан бастап Б. х-на қарсы күрес бастады. Соның нәтижесінде 1588 ж. Ташкент хандығының қарамағына көшті. 1599 ж. Қазақ және Бұхар хандықтары арасында жасалған шартқа сәйкес, Ташкентпен қоса Түркістан аумағы да қазақтардың қарамағына көшті. Абдолла ханның мирасқоры Абд әл-Мұмин билікке таласқан топтың қолынан қаза тапқан соң, Б. х. саяси жағынан әлсірей түсті. Осы тұста Хорезм Б. х-нан бөлініп шықты. Шайбани әулеті тұсында хандық мәдени жағынан едәуір өркендей түсіп, қала құрылысы қарқынды жүргізіліп, бірқатар мешіттер, медреселер салынды. Абдолла хан тұсында хан сарайында 250-ге жуық адам ғылыммен, әдебиетпен шұғылданған. Аштархан әулетінің билігі кезінде Б. х-ндағы басқару жүйесі күрделене түсті. Мемл. басқару жүйесінің негізін аталық, диуан бегі, парванчи, датқа секілді лауазым иелері құрады. Сот, білім беру жүйесі дін иелерінің қолында болды. Аштархандықтар да Иранмен ұзақ уақыт соғысты. Қазақтардан жәрдем алған Имамқұл (Имамкули) хан (1611 — 42) ақыры ирандықтарға ойсырата соққы берді. Жеңіске қол жеткізгеннен кейін, Ташкентті қазақтардан тартып алды. Б. х. 1680 — 1702 ж. Хиуа хандығымен үнемі соғыс жағдайында болды. 1740 ж. парсы қолбасшысы Нәдір шаї Бұхараны басып алды. Аштархан әулеті билігі кезінде Б. х-нда 150-ге жуық медреселер болды, емханалар салынды. 17 ғ-да Б. х-нда өмір сүрген Жүсіп Қарабағи, Молла Ширази сынды ғұламалар өздерінің филос. трактаттарын жазып қалдырды. Сайид Несефи (1637 — 1710) секілді сарай ақындарының, “Ұбайдолла наме” атты тарихи еңбектің авторы Мир Мұхаммед Амин Бұхаридың есімі Шығысқа танымал болды.

1755 ж. ақсүйектер мен дін иелерінің қолдауына сүйенген маңғыт тайпасының жетекшісі Мұхаммед Рахым Б. х-ның тағына отырғаннан кейін мемлекеттің саяси-экон. жағдайы едәуір жақсара түсті. Ал әмір Хайдардың тұсында (1800—26) Хиуа, Қоқанмен соғыстар қайта жанданып, Бұхар әмірі қазақтар тарапынан қолдау күтті. Ресей отаршыларының қазақ даласына тереңдей енуі Бұхар әмірінің алаңдаушылығын туғызғанымен, Қоқан хандығымен жүргізіп жатқан соғысын тоқтатпады. Бұл соғысты Ресей отаршылдары өз мүддесіне пайдаланып, 1865 ж. Ташкентті, 1866 ж. Жизақты, Ходжентті басып алды. 1868 ж. Самарқан іргесінде Ресей армиясы әмір әскерлеріне қирата соққы берді. 1868 және 1873 ж. жасалған шарттарда Б. х. мен Ресей империясының арасындағы қарым-қатынас ережелері белгіленді. Б. х. Ресей протектораттығын қабылдауға мәжбүр етілді. Б. х. Ресей империясы қол астындағы мұсылмандардың 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы рухани өмірінде елеулі рөл атқарды. Бұхара медреселерінде қазақ, татар, өзбек, башқұрт, қырғыз секілді түркі тілдес мұсылман халықтарының өкілдері діни білім алды. Б. х. Түркістан өлкесінде кеңестік биліктің орнығуына барынша наразылық танытып, оған қарсы шыққан мұсылман зиялыларына қолдау көрсетті. 1920 ж. 2 қыркүйекте Қызыл Армия Бұхараны басып алды. Б. х-ның соңғы әмірі Сейіт Әлім хан Ауғанстанға барып паналады.

А. Махаева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға