Жаңалықтар

Қазақстан астанасы

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 ж. 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 ж. 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губ. мен Орынбор қ. ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 ж. Орынбор қ. Қ. а. болды. 1925 ж. Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автон. обл. Қазақ автон. республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қ-нан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 ж. 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қ-ның атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемл. басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экон. және мәдени орт. ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 ж. мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда). Сыр бойының экон. және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 ж. 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 ж. 3 сәуір). Қазақ АКСР-і орталығының Алматыға көшірілуі жөніндегі шешімді РКФСР ОАК мен ХКК мақұлдады (1927 ж. 30 мамыр). Ел астанасының Сыр  өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір т. ж-ның іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экон., мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы). 1991 ж. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңт.-шығысынан республиканың орт. бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қ. екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның геогр. орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғ. Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 ж. 15 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қ-лары болып белгіленді. Жоғары мемл. органдарды Ақмола қ-нда орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР-ның мемл. комиссиясы құрылып, оған орт. және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қ-н абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 ж. 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қ. болғанын ресми түрде жариялады. 1997 ж. 8 қарашада ҚР-ның мемл. рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қ-на шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 ж. 3 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 ж. 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қ-ның аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 ж. 10 маусымда болып өтті. Д. Баязитов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 11:44 9092

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 ж. 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 ж. 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губ. мен Орынбор қ. ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 ж. Орынбор қ. Қ. а. болды. 1925 ж. Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автон. обл. Қазақ автон. республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қ-нан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 ж. 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қ-ның атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемл. басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экон. және мәдени орт. ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 ж. мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда).

Сыр бойының экон. және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік к-ті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 ж. 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 ж. 3 сәуір). Қазақ АКСР-і орталығының Алматыға көшірілуі жөніндегі шешімді РКФСР ОАК мен ХКК мақұлдады (1927 ж. 30 мамыр). Ел астанасының Сыр  өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір т. ж-ның іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экон., мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы).

1991 ж. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңт.-шығысынан республиканың орт. бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қ. екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның геогр. орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғ. Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 ж. 15 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қ-лары болып белгіленді. Жоғары мемл. органдарды Ақмола қ-нда орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін ҚР-ның мемл. комиссиясы құрылып, оған орт. және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қ-н абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 ж. 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қ. болғанын ресми түрде жариялады. 1997 ж. 8 қарашада ҚР-ның мемл. рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қ-на шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 ж. 3 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 ж. 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қ-ның аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 ж. 10 маусымда болып өтті.

Д. Баязитов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға