Жаңалықтар

Павлодар облысының көз тартар жерлері

Павлодар қаласындағы басты мешіт туралы   Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды. Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі. Мешіт құрылысының басты мердігері «Иртыштрансстрой» ассоциациясының «Путь» ЖШС болды, «Иртыштрансстрой» ассоциациясының басшы-төрағасы М.А. Зыков.   Бас мешіттің құрылысы облыс кәсіпорындарының демеушілігі, инвестициялар және қала тұрғындарының садақалары есебінен жүзеге асырылды. Негізгі демеушілері: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» ААҚ, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты», «Казхром Ақсу ферроқорытпа зауыты Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Вторчермет» АҚ. 238 жұмысшы, 3 ауысыммен жұмыс істеді. Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі – 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі – 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр. Бірінші қабатта медресенің оқу сыныптары, неке қию залы, 200 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері, 300 орындық әйелдер намаз оқитын зал, дәрет алу жайлары, холл орналасқан. Неке қию залы және асхана екі көлемді бір үлкен залға айналдыру үшін жылжымалы қабырғамен бөлінген. Ғимаратқа кіру сатылармен екінші қабат деңгейіне көтереді, онда 1200 орындық балконы бар намаз оқу залы, ислам мәдениетінің мұражайы, кітапхана, бейнезал, қызметтік жайлар, холл орналасқан. Негізгі ғимараттың екі қабаты және мұнаралары кірпіштен, күмбезі темір құрылымдардан жасалған. Благовещенск кафедралы соборы 1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады. Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 1024 кг, ең кішкентайының салмағы – 4 кг. Объект 1999 жылдың қазанында пайдалануға берілді. Объектіні салуға қала мен облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары демеушілік көмек жасады: «Евроазиаттық корпорация», «Богатырь Аксесс Комир» ЖШС, картон-рубероид зауыты, өзен порты, «Судостроитель» АҚ, «Вторчермет» АҚ, «Асыл Ағаш» фабрикасы, «Иртышбизнесбанк» ААҚ, облыс дамуына жәрдемдесу қоғамдық қоры, «Интерфинанс» қоғамдық қоры. «Астана» - мұз сарайы «Астана» мұз сарайы – 1800 шаршы метр жерді алып жатқан бірегей ғимарат. Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді.   Оның ерекшелігі сонда – жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т.б. жарыс өткізетін спорт залына айналады. Залдың сыйымдылығы 2800 адам, бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады. Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады. Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар. Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен жабдықталған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады. Әйелдер фитнес клубы, бассейні бар сауна, 6 теннис үстелі, буфет, спорт киімі дүкені бар. Ұтымды бағамен спортпен және дене шынықтырумен айналысуға және белсенді мәдени демалуға барлық мүмкіндік жасалған /сағатына 200 теңге/. Үлкен холлда боулинг-клубын ашу көзделеді. Қазіргі кезде хоккей және конькимен мәнерлеп тебу секциялары жұмыс істейді. Қазақстан және Ресейдің хоккей клубтары арасында кездесу жарыстары өткізіледі. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
15.03.2013 09:09 4005

Павлодар қаласындағы басты мешіт туралы

 

Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды. Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі. Мешіт құрылысының басты мердігері «Иртыштрансстрой» ассоциациясының «Путь» ЖШС болды, «Иртыштрансстрой» ассоциациясының басшы-төрағасы М.А. Зыков.
 

Бас мешіттің құрылысы облыс кәсіпорындарының демеушілігі, инвестициялар және қала тұрғындарының садақалары есебінен жүзеге асырылды. Негізгі демеушілері: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» ААҚ, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты», «Казхром Ақсу ферроқорытпа зауыты Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Вторчермет» АҚ. 238 жұмысшы, 3 ауысыммен жұмыс істеді.

Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі – 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі – 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр.

Бірінші қабатта медресенің оқу сыныптары, неке қию залы, 200 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері, 300 орындық әйелдер намаз оқитын зал, дәрет алу жайлары, холл орналасқан.

Неке қию залы және асхана екі көлемді бір үлкен залға айналдыру үшін жылжымалы қабырғамен бөлінген. Ғимаратқа кіру сатылармен екінші қабат деңгейіне көтереді, онда 1200 орындық балконы бар намаз оқу залы, ислам мәдениетінің мұражайы, кітапхана, бейнезал, қызметтік жайлар, холл орналасқан.

Негізгі ғимараттың екі қабаты және мұнаралары кірпіштен, күмбезі темір құрылымдардан жасалған.

Благовещенск кафедралы соборы

1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады. Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 1024 кг, ең кішкентайының салмағы – 4 кг.

Объект 1999 жылдың қазанында пайдалануға берілді. Объектіні салуға қала мен облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары демеушілік көмек жасады: «Евроазиаттық корпорация», «Богатырь Аксесс Комир» ЖШС, картон-рубероид зауыты, өзен порты, «Судостроитель» АҚ, «Вторчермет» АҚ, «Асыл Ағаш» фабрикасы, «Иртышбизнесбанк» ААҚ, облыс дамуына жәрдемдесу қоғамдық қоры, «Интерфинанс» қоғамдық қоры.

«Астана» - мұз сарайы

«Астана» мұз сарайы – 1800 шаршы метр жерді алып жатқан бірегей ғимарат. Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді.
 

Оның ерекшелігі сонда – жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т.б. жарыс өткізетін спорт залына айналады.

Залдың сыйымдылығы 2800 адам, бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады.

Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады.

Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар.

Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен жабдықталған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады.

Әйелдер фитнес клубы, бассейні бар сауна, 6 теннис үстелі, буфет, спорт киімі дүкені бар. Ұтымды бағамен спортпен және дене шынықтырумен айналысуға және белсенді мәдени демалуға барлық мүмкіндік жасалған /сағатына 200 теңге/.

Үлкен холлда боулинг-клубын ашу көзделеді.

Қазіргі кезде хоккей және конькимен мәнерлеп тебу секциялары жұмыс істейді.

Қазақстан және Ресейдің хоккей клубтары арасында кездесу жарыстары өткізіледі.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға