Жаңалықтар

«Ақсу тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекттік қазыналық кәсіпорны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялағанда Ақсу қаласының соғыс және еңбек ардагерлері, қаланың Құрметті азаматтары Ақсу тарихи-өлкетану музейін ашу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп «Ақсу тарихи-өлкетану музейі» КМҚК тарихы 2000 жылдың 18 қазанынан басталып, экспозициялық-көрмелік алаңы 146,4 шаршы метрді құрайды. Музейдің салтанатты ашылуы 2001 жылы 23 қазанда қаланың 40 жылдық мерейтойы қарсаңында болды. 2005 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Ақсу қаласы әкімінің шешімі бойынша музей сенім басқармасында 218,9 шаршы метрді құрайтын ғимаратты жалға алу бойынша мәдениет сарайында орналасқан. Қаланың бар тарихы мен тарихи тұрмыстық заттар шағын музейдің экспозициялық-көрмелік залына сыйып кетті. Музей ашылғанда бар-жоғы 200 экспонат болса, осы уақыт аралығында музей қоры 3086 экспонатқа дейін көбейді. Олар: фото құжаттар, мұрағаттық материалдар, күнделікті тұрмысқа қажетті құралдар. Музейде археология, қала құрылысының тарихы, құрметті азаматтар, табиғат және өсімдіктер, өнеркәсіп және кәсіпорындар, этнография залы, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, ауыл шаруашылығы, Ұлы Отан және ауған соғыстарының ардагерлері - 4 стенд, тын игерудің 50 жылдығы сияқты бөлімдер жұмыс істейді. Мұндағы әр жәдігердің өз құпиясы мен тарихы бар. Қазақ жеріне тын игеруге келген қалалық бикештердің 50-60 жылдары киген туфлилі резеңке бот, аталарымыз күтабақ тыңдап, оған билеген патефон, 100 жылдық нағыз түлкі ішік, 60-жылдардың Монғолиядан әкелінген 2-де 1 (теледидар мен радио) теледидары, 80-жылдардың 3-те 1 (күйтабақ ойнатқыш, радио мен магнитафон), 70-жылдардың қабырға сағаты, Жапон соғысы жылдарындағы қобдиша, 1912 жылғы «Огонек» журналының 4 нөмірі, И.В. Сталиннің 1941 жылы халыққа соғыстың басталуы жайлы айтқан сөзі басылған газеттер, соғыс ардагерлері сақтаған орден-медальдар, майданнан келген хаттар. Музейде іс-шаралар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, ұлы отан соғысы ардагерлерімен,қаламыздың құрметті азаматтармен, ауған соғысы ардагерлерімен қызықты кездесулер өтеді. Ақсу қаласының қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылып, атаулы мерейкүндерге стендтер безендіріледі. Сонымен қатар әрбір өткізілген іс-шараларға қорытынды жасалып, мақала ретінде жергілікті «Ақжол» газетінің бетіне жарияланады, «Ақсу толқыны» радиохабарының эфиріне шығады. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
15.03.2013 08:57 4628

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялағанда Ақсу қаласының соғыс және еңбек ардагерлері, қаланың Құрметті азаматтары Ақсу тарихи-өлкетану музейін ашу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп «Ақсу тарихи-өлкетану музейі» КМҚК тарихы 2000 жылдың 18 қазанынан басталып, экспозициялық-көрмелік алаңы 146,4 шаршы метрді құрайды. Музейдің салтанатты ашылуы 2001 жылы 23 қазанда қаланың 40 жылдық мерейтойы қарсаңында болды.

2005 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Ақсу қаласы әкімінің шешімі бойынша музей сенім басқармасында 218,9 шаршы метрді құрайтын ғимаратты жалға алу бойынша мәдениет сарайында орналасқан.

Қаланың бар тарихы мен тарихи тұрмыстық заттар шағын музейдің экспозициялық-көрмелік залына сыйып кетті.

Музей ашылғанда бар-жоғы 200 экспонат болса, осы уақыт аралығында музей қоры 3086 экспонатқа дейін көбейді. Олар: фото құжаттар, мұрағаттық материалдар, күнделікті тұрмысқа қажетті құралдар.

Музейде археология, қала құрылысының тарихы, құрметті азаматтар, табиғат және өсімдіктер, өнеркәсіп және кәсіпорындар, этнография залы, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, ауыл шаруашылығы, Ұлы Отан және ауған соғыстарының ардагерлері - 4 стенд, тын игерудің 50 жылдығы сияқты бөлімдер жұмыс істейді. Мұндағы әр жәдігердің өз құпиясы мен тарихы бар. Қазақ жеріне тын игеруге келген қалалық бикештердің 50-60 жылдары киген туфлилі резеңке бот, аталарымыз күтабақ тыңдап, оған билеген патефон, 100 жылдық нағыз түлкі ішік, 60-жылдардың Монғолиядан әкелінген 2-де 1 (теледидар мен радио) теледидары, 80-жылдардың 3-те 1 (күйтабақ ойнатқыш, радио мен магнитафон), 70-жылдардың қабырға сағаты, Жапон соғысы жылдарындағы қобдиша, 1912 жылғы «Огонек» журналының 4 нөмірі, И.В. Сталиннің 1941 жылы халыққа соғыстың басталуы жайлы айтқан сөзі басылған газеттер, соғыс ардагерлері сақтаған орден-медальдар, майданнан келген хаттар.

Музейде іс-шаралар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, ұлы отан соғысы ардагерлерімен,қаламыздың құрметті азаматтармен, ауған соғысы ардагерлерімен қызықты кездесулер өтеді. Ақсу қаласының қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылып, атаулы мерейкүндерге стендтер безендіріледі. Сонымен қатар әрбір өткізілген іс-шараларға қорытынды жасалып, мақала ретінде жергілікті «Ақжол» газетінің бетіне жарияланады, «Ақсу толқыны» радиохабарының эфиріне шығады.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға