Жаңалықтар

«Павел Васильевтің үй-музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Павлодар қаласындағы П. Васильев мұражай-үйі – кеңес үкіметі кезіндегі және Қазақстандағы қазақ пен орыс, еуропалық және азиялық мәдениеттің біріккен, ал шығармашылығы 20-шы ғасыр кеңес үкіметінің орыс әдебиеті қазынасына енген, тағдыры қасіретке толы көрнекті ақын Павел Николаевич Васильевтің бірден-бір мұражайы. Павел Васильевтің маңдайына 27 жыл ғана өмір сүру жазылған екен. 20 жыл бойы П. Васильевтің төл шығармашылығына тыйым салынды. Ақын ақталғаннан кейін оның жесірі Е.А. Вялованың, баспашы И.М. Гронскийдің арқасында 1957 жылы П. Васильев шығармаларының алғашқы жинағы жарық көрді. П. Васильевтің ақындық мұрасы 200 өлең мен 14 поэмадан құралған, оның ішінде «Соляной бунт», «Песня о гибели казачьего войска», «Христолюбовские ситцы» атты поэмалары бар. 1987 жылы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында әдеби бөлім ашылып, П. Васильев мұражай-үйінің құрылу тарихы осы жерден басталады. Васильев ұрпақтары мен Е.А.Вялованың сұранысы мен қолдау хатына сәйкес 1990 жылдың желтоқсанында әдеби бөлім ақынның үйіне орналастырылды. Бірақ 1866 жылы салынған үй апатты күйде болды, сондықтан ғимаратты қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ақынның қайтыс болғанына тура 85 жыл толған күні, яғни 1994 жылы 23 желтоқсанда Павел Васильев мүсіні (мүсiншi Е.Мергенов пен сәулетшi К.Мантахаевтiң еңбегі) мен мұражай-үйінің салтанатты ашылуы өтті. XX ғасырдағы көрнекті ақынның шығармашылығын зерттеу бойынша тарих және мәдениет саласындағы кеңес елдері аумағы мен Қазақстанның еш жерінде кездеспейтін жалғыз мемориалдық ескерткіші бар П.Васильевтің мұражай-үйіне ақын туралы бүкіл құжаттар жиналыды. Васильев жанұясының жәдігерлерімен танысу барысында кітіптар, жазбаша мәліметтер, қағаз кесуге арналған пышақ, күл салғыш, ақынның анасы Глафира Матвеевнаның сандықшасы, П.Васильевтің көзі тірісінде оқыған қолтаңбасы бар басылымдар мен фотосуреттері болды. Бұл аз ғана нәрселер бүгінгі күнге дейін сақталаып, өз құндылығын жоғалтқан емес. Павлодарлықтар мақтан тұтатын «Васильев қорығының» қабырғасында поэзия әуесқойлары үшін әдеби-музыкалық кештер, белгілі әдебиетшілерімен кездесулер, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестігінің отырыстары өткізіледі. Мұражай-үйінің ғылыми-зерттеу, яғни П.Васильевтің ғана емес, сондай-ақ оның замадастарының, қазақстандық әдебиетшілердің шығармашылығын дәріптеу жұмыстары ерекше орын алады, сонымен қатар И.П.Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Сын степного простора» және Н.Титов туралы «Я не был в этой жизни пустоцветом» атты фильмі көрсетіліп, С. Мұқанов пен М. Әуезовтың, С. Торайғыровтың, І. Жансүгіровтың және т.б. шығармашылығы туралы әдеби кештер өткізіледі. Павлодар өз ұлын мақтан тұтады. П. Васильевтің құрметіне көше мен ескі кітапхананың облыстық әдеби бірлестігіне оның аты берілді. Павлодарда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Павел Васильев атындағы саябақ ашылып, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, павлодарлық мүсінші К.К.Баймолдин жасаған П.Васильевтің мүсіні орнатылды. Қызыл граниттен жасалған іргетасында П.Васильев өмір сүрген жылдардың қиын-қыстау кезеңін суреттейтін қисық сызық бар. Ақынның жүзінде алға деген ұмтылыс байқалады, өйткені ол зулап аққан жұлдыздай жарық етіп сөнді. Ресейде Павел Васильев туралы, оның шығармашылығын біледі, сүйіп оқиды. Ақын шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Павел Васильев қазақстандықтар үшін аса қымбат, өйткені ақын өзінің өзгеше поэзиясы арқылы рухани еуропалық және азиялық сияқты екі мәдениетті біріктіре білді. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
15.03.2013 08:40 4612

Павлодар қаласындағы П. Васильев мұражай-үйі – кеңес үкіметі кезіндегі және Қазақстандағы қазақ пен орыс, еуропалық және азиялық мәдениеттің біріккен, ал шығармашылығы 20-шы ғасыр кеңес үкіметінің орыс әдебиеті қазынасына енген, тағдыры қасіретке толы көрнекті ақын Павел Николаевич Васильевтің бірден-бір мұражайы.

Павел Васильевтің маңдайына 27 жыл ғана өмір сүру жазылған екен. 20 жыл бойы П. Васильевтің төл шығармашылығына тыйым салынды. Ақын ақталғаннан кейін оның жесірі Е.А. Вялованың, баспашы И.М. Гронскийдің арқасында 1957 жылы П. Васильев шығармаларының алғашқы жинағы жарық көрді. П. Васильевтің ақындық мұрасы 200 өлең мен 14 поэмадан құралған, оның ішінде «Соляной бунт», «Песня о гибели казачьего войска», «Христолюбовские ситцы» атты поэмалары бар.

1987 жылы Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында әдеби бөлім ашылып, П. Васильев мұражай-үйінің құрылу тарихы осы жерден басталады. Васильев ұрпақтары мен Е.А.Вялованың сұранысы мен қолдау хатына сәйкес 1990 жылдың желтоқсанында әдеби бөлім ақынның үйіне орналастырылды. Бірақ 1866 жылы салынған үй апатты күйде болды, сондықтан ғимаратты қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ақынның қайтыс болғанына тура 85 жыл толған күні, яғни 1994 жылы 23 желтоқсанда Павел Васильев мүсіні (мүсiншi Е.Мергенов пен сәулетшi К.Мантахаевтiң еңбегі) мен мұражай-үйінің салтанатты ашылуы өтті.

XX ғасырдағы көрнекті ақынның шығармашылығын зерттеу бойынша тарих және мәдениет саласындағы кеңес елдері аумағы мен Қазақстанның еш жерінде кездеспейтін жалғыз мемориалдық ескерткіші бар П.Васильевтің мұражай-үйіне ақын туралы бүкіл құжаттар жиналыды. Васильев жанұясының жәдігерлерімен танысу барысында кітіптар, жазбаша мәліметтер, қағаз кесуге арналған пышақ, күл салғыш, ақынның анасы Глафира Матвеевнаның сандықшасы, П.Васильевтің көзі тірісінде оқыған қолтаңбасы бар басылымдар мен фотосуреттері болды. Бұл аз ғана нәрселер бүгінгі күнге дейін сақталаып, өз құндылығын жоғалтқан емес.

Павлодарлықтар мақтан тұтатын «Васильев қорығының» қабырғасында поэзия әуесқойлары үшін әдеби-музыкалық кештер, белгілі әдебиетшілерімен кездесулер, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестігінің отырыстары өткізіледі.

Мұражай-үйінің ғылыми-зерттеу, яғни П.Васильевтің ғана емес, сондай-ақ оның замадастарының, қазақстандық әдебиетшілердің шығармашылығын дәріптеу жұмыстары ерекше орын алады, сонымен қатар И.П.Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Сын степного простора» және Н.Титов туралы «Я не был в этой жизни пустоцветом» атты фильмі көрсетіліп, С. Мұқанов пен М. Әуезовтың, С. Торайғыровтың, І. Жансүгіровтың және т.б. шығармашылығы туралы әдеби кештер өткізіледі.

Павлодар өз ұлын мақтан тұтады. П. Васильевтің құрметіне көше мен ескі кітапхананың облыстық әдеби бірлестігіне оның аты берілді.

Павлодарда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Павел Васильев атындағы саябақ ашылып, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, павлодарлық мүсінші К.К.Баймолдин жасаған П.Васильевтің мүсіні орнатылды. Қызыл граниттен жасалған іргетасында П.Васильев өмір сүрген жылдардың қиын-қыстау кезеңін суреттейтін қисық сызық бар. Ақынның жүзінде алға деген ұмтылыс байқалады, өйткені ол зулап аққан жұлдыздай жарық етіп сөнді.

Ресейде Павел Васильев туралы, оның шығармашылығын біледі, сүйіп оқиды. Ақын шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Павел Васильев қазақстандықтар үшін аса қымбат, өйткені ақын өзінің өзгеше поэзиясы арқылы рухани еуропалық және азиялық сияқты екі мәдениетті біріктіре білді.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға