Жаңалықтар

Көкшетау қаласының мұражайлары

Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін тарихи мұражайдың қоры бай. Мұражай орналасқан ағаш үйде 1889-1905 жылдары қоғам қайраткері Валериан Куйбышевтың отбасы тұрған. Кеңес заманында мұражай осы қоғам қайраткерінің есімімен аталса, 2005 жылы Көкшетау қалалық тарихи мұражайы деп өзгертілді. Қазір мұнда Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін 13339 мұрағат бар. Мұрағаттардан қазақтың біртуар ұлдары Абылайхан, Кенесары, Қанай би және Еркін Әуелбековтың өмірі мен қызметі жөнінде, сондай-ақ Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінен көп мәліметтер алуға болады. ХІХ ғасырдың аяғында салынған Көкшетау қалалық тарихи мұражайының ағаш үйлері тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. 2013 жылы жөндеуден өтеді. Көкшетау қаласының тарихи мұражайы жыл сайын тарихи деректермен толығып отырады. Талай жылын мұражай ісіне арнаған Мәриям Кенжеахмет  Ресейдің Подольск қаласынан Қазақстанның жауынгерлерінен құралған  387 атқыштар дивизиясы туралы құжаттарды тауып, мұражайға табыстады. Ендігі кезекте өзінің жауынгер аталарын іздеген кез-келген қазақстандық бұл деректермен  жақын таныса алады. Мәриям Кенжахмет мұндай құнды құжатты Ресейдің   Подольск  қаласындағы әскери мұражайдан тауыпты.  Оның ойынша, 387-ші атқыштар дивизиясы 1941 жылы Ақмола облысында құрылды. Алғашқыда, оның құрамында ақмолалық және қарағандылық сарбаздар шақырылған болатын. Сол жылдың қараша айының 11-күні дивизия ұрыс даласына аттанды. Көкшетауда тарихи мұражаймен қатар әдебиет және өнер мұражайы бар. Бұл мекеме тәуелсіздік алған жылдары ашылған. Мұражай фольклор және ежелгі әдебиет, қазіргі әдебиет, өнер, қор бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір мұнда қазақтың ежелгі тұрмыс салтынан сыр шертетін 9 мыңға жуық мұрағат бар. Олардың ішінен араб және шағатай тілдерінде жазылған жүзден астам құран кітабын, 5 ғасырлық тарихы бар Қанай бидің саптаяғын, Ақан серінің адалбақанын, көне домбыраларды, зергерлік бұйымдарды және өзге де қазақтың тұрмыстық құрал-жабдықтарын көруге болады. Бүгінгі күні мұражайдың өз ғимараты жоқ. Бұл мекемені Достар үйі пайдалануға берілгеннен кейін бұрынғы «Юность» кинотеатрының ғимаратына орналастыру қарастырылып отыр. Мұражайда белгілі қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналған бөлмелер бар. Бұл мекеме Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 80 жылдық мерейтойына орай 1995 жылы ашылған. 2004 жылы мұражай орналасқан ағаш үй қайта қалпына келтірілді. Мекемеде Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметінен сыр шертетін 5736 мұрағат бар. Бүгінгі күні мұражай халықтың тарихи-мәдени мұрасын сақтап, насихаттауда, сондай-ақ, жаңа мұрағаттар жинап, зерттеу бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Мұражайға мұрағаттар қоры қоймасын салу және жеңіл автокөлік бөлу мәселесі қарастырылып, шешілу үстінде. Дереккөз: Ақмола облысы әкімінің ақпараттық поралы
15.03.2013 05:49 11847

Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін тарихи мұражайдың қоры бай. Мұражай орналасқан ағаш үйде 1889-1905 жылдары қоғам қайраткері Валериан Куйбышевтың отбасы тұрған. Кеңес заманында мұражай осы қоғам қайраткерінің есімімен аталса, 2005 жылы Көкшетау қалалық тарихи мұражайы деп өзгертілді. Қазір мұнда Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін 13339 мұрағат бар. Мұрағаттардан қазақтың біртуар ұлдары Абылайхан, Кенесары, Қанай би және Еркін Әуелбековтың өмірі мен қызметі жөнінде, сондай-ақ Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінен көп мәліметтер алуға болады.

ХІХ ғасырдың аяғында салынған Көкшетау қалалық тарихи мұражайының ағаш үйлері тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. 2013 жылы жөндеуден өтеді.

Көкшетау қаласының тарихи мұражайы жыл сайын тарихи деректермен толығып отырады. Талай жылын мұражай ісіне арнаған Мәриям Кенжеахмет  Ресейдің Подольск қаласынан Қазақстанның жауынгерлерінен құралған  387 атқыштар дивизиясы туралы құжаттарды тауып, мұражайға табыстады. Ендігі кезекте өзінің жауынгер аталарын іздеген кез-келген қазақстандық бұл деректермен  жақын таныса алады. Мәриям Кенжахмет мұндай құнды құжатты Ресейдің   Подольск  қаласындағы әскери мұражайдан тауыпты.  Оның ойынша, 387-ші атқыштар дивизиясы 1941 жылы Ақмола облысында құрылды. Алғашқыда, оның құрамында ақмолалық және қарағандылық сарбаздар шақырылған болатын. Сол жылдың қараша айының 11-күні дивизия ұрыс даласына аттанды.

Көкшетауда тарихи мұражаймен қатар әдебиет және өнер мұражайы бар. Бұл мекеме тәуелсіздік алған жылдары ашылған. Мұражай фольклор және ежелгі әдебиет, қазіргі әдебиет, өнер, қор бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір мұнда қазақтың ежелгі тұрмыс салтынан сыр шертетін 9 мыңға жуық мұрағат бар. Олардың ішінен араб және шағатай тілдерінде жазылған жүзден астам құран кітабын, 5 ғасырлық тарихы бар Қанай бидің саптаяғын, Ақан серінің адалбақанын, көне домбыраларды, зергерлік бұйымдарды және өзге де қазақтың тұрмыстық құрал-жабдықтарын көруге болады. Бүгінгі күні мұражайдың өз ғимараты жоқ. Бұл мекемені Достар үйі пайдалануға берілгеннен кейін бұрынғы «Юность» кинотеатрының ғимаратына орналастыру қарастырылып отыр.

Мұражайда белгілі қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналған бөлмелер бар. Бұл мекеме Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 80 жылдық мерейтойына орай 1995 жылы ашылған. 2004 жылы мұражай орналасқан ағаш үй қайта қалпына келтірілді. Мекемеде Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен қызметінен сыр шертетін 5736 мұрағат бар. Бүгінгі күні мұражай халықтың тарихи-мәдени мұрасын сақтап, насихаттауда, сондай-ақ, жаңа мұрағаттар жинап, зерттеу бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Мұражайға мұрағаттар қоры қоймасын салу және жеңіл автокөлік бөлу мәселесі қарастырылып, шешілу үстінде.

Дереккөз: Ақмола облысы әкімінің ақпараттық поралы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға