Жаңалықтар

Алтын орда дәуіріндегі әдебиет

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Алтын орда дәуіріндегі әдебиет — 13 ғ-дың 2-жартысынан 15-ғ-дың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әртүрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Абу Хайан, Ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті. Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: “Мұхаббатнама” дастаны, 1353 ж. жазылған “Мұхаббатнамада” мәснауи (әр екі жолы өзінше ұйқасатын өлең формасы), ғазел (алғашқы екі жолы ғана ұйқасып, әрі қарай ақсақ ұйқас болып кететін өлең) түрінде келіп отырады. Осы тәртіп аталмыш дастанда да сақталған. Кітаптың соңында мінажат (аллаға жалбарыну), қыта (филос.түйін), шағын әңгіме берілген. Негізгі бөлім — он бір арнауда (намеде) ғашық болған жігіттің сұлу қызға сүйіспеншілігі жырланады. Ақын арнауларында адамның кіршіксіз сезімін, асыл махаббатты ардақтауды жыр етеді. “Хұсрау мен Шырын” дастанының тақырыбы — Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік, шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатындығы жырланды. Хұсрау мен Шырын туралы аңыз Таяу және  Орта Шығыс, Закавказье, Орта Азия, Үндістан халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. “Хұсрау мен Шырын” дастанын Низами салжұқ сұлтаны Тоғрулбектің өтініші бойынша жазған. Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы эпик. жырды Алтын Орда ақыны Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударды, бірақ бізге жетпеген. Қолжазбаның жалпы көлемі — 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар. Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130 тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы — 90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000 бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған. “Гүлистан би-түрки” (“Гүлстан”) — Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидің қаламынан туған дастан. Мұны, Мысыр ғұламаларының өтініші бойынша Алтын Орда ақыны Сайф Сараи 1391 ж. парсы тілінен түркі тіліне аударады. Осы  аударманың біздің заманымызға келіп жеткен жалғыз көшірмесінің көлемі 371 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар. Кітаптың кіріспе бөлімін Сайф Сараи қара сөз араластырып өлеңмен жазған. Кітаптың соңына сегіз түркі ақынының өлеңдері және олардың әрқайсысына Сайф Сараидың қайтарған жауаптары тіркелген. Соңғы беттерде ақынның бұдан басқа да ғазелдері мен төрттағандары бар. Сонымен негізгі аударма 10-беттен басталып, 335-бетпен аяқталады. Кітап сегіз тарауға (бабқа) бөлінген. Әр тарауға үлкенді-кішілі хикая, әңгімелер топтастырылған. Өз заманындағы “Гүлстан” сияқты аса көрнекті шығарманы қолға алып аударуы Сайф Сараидың үлкен ақын болғандығын аңғартады. Алтын Орда ақындары Әли (13 ғ.) “Қисса Жүсіп”, “Хұсам Қатиб” (14 ғ.), “Жұм-жұма”, Сайд Ахмед (15 ғ.) “Ташшуқнама” — Хорезмидің шығармаларына еліктеп жазған. Алайда бұлардың тілдік, стильдік, поэтик. ерекшеліктері жете зерттелген емес. Азаматтық тақырыпқа арналған шығармалармен қатар Алтын Орда дәуірінде діни мазмұнды аудармалар да пайда болды. Солардың бірі — “Қиссас-ул-Әнбия”. Авторы — Насыр-ад-Дин ибн Бурхан-ад-дин ар-Рабғұзи. Автордың айтуынша, “Пайғамбарлар туралы қысқа әңгімелер” деп аталатын бұл еңбегін араб, парсы тілінде жазылған әр түрлі сапалы шығармалардан іріктеп, құрастырған. Алдын-ала осындай жұмыстарды атқарып барып түркі тіліне аударған. Жинақта 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре бар. “Нахджул Фарадис”. Қазақша аудармасы — “Фарадис пейішіне апаратын жол”. Авторы — Махмұд ибн Әли. Еңбек Алтын Орданың астанасы — Сарай қ-нда жарық көрген. 444 беттен тұратын бір қолжазбасы Стамбұлда сақталады. Кітап 4 тараудан тұрады. 1-тарау Мұхаммед пайғамбардың өмірін баяндауға арналған. 2-тарауда пайғамбардың серіктері — алғашқы халифтар — Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли туралы өмірбаяндық және тарихи деректер келтіріледі, ал 3-тарауда исламның негізгі тәртіптерін сақтау туралы, ата-аналарға құрмет көрсету, жарлыларға көмектесу туралы, арам мен адал, қиыншылыққа шыдау туралы үгіт-насихат айтылып, 4-тарауда — қан төгудің, зинақорлықтың, ішімдікке салынудың қылмыс екендігі түсіндіріледі, тәкаппарлықтан өсек пен өтіріктен, өсім қорлықтан, кекшілдіктен, салғырттықтан сақтандырады. Соңғы шығармалардың мазмұны жағынан ерекше мәнге ие болмаса да, лингвист.-стильдік, ғыл.-этногр. тұрғыдан маңызы зор. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай-қайсысы да қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған. Қазақ тілі қыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетіндігін ескерсек, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды. Ғылым, өнер қайраткерлерін сөз еткенде Алтын Ордамен мәдени, дипломат. тығыз қатынас жасаған мамлюктер Египетін айтпай кетуге болмайды. Тарихшылардың мәліметіне қарағанда, арабтың Мұхтар ибн Махмұд аз-Закиди, Махмұд ибн Ахмед ибн Муса сияқты ғалымдары Алтын Орда астанасы — Сарайда тұрып еңбек етсе, Махмұд ибн Фатшах ас-Сараи, Шехаб-ад-дин ас-Сараи, Махмұд ибн Абдалах Абу-т-Тина ас-Сараи сияқты қыпшақтар мамлюк Египетінің орталығы — Каирде ұстаздық еткен. Сондықтан олардың шығармалары тіл үйрету, сабақ оқыту мақсатымен жазылған. “Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак” (“Түркі тілінің түсіндірме кітабы”, авторы — Әбу Хайан), “Китаб ат-тухфат уз-закиа фи лұғат ат-туркиа” (“Түркі тілі туралы ерекше сыйлы кітап”, авторы белгісіз), “Ал-Каванин ал-куллийа ли-дабт ал-лұғат ат-туркиа” (Түркі тілдерін үйрететін толық құрал”, авторы белгісіз) сияқты толып жатқан сөздіктер мен граммат. трактаттар осы екі мемлекетке ортақ мұра болып есептеледі. Сөйтіп, Алтын Орда дәуірінде жалпы түркілік әдеби тілдің бір нұсқасы есебінде өз әдеби тілі, оның көркем әдебиет стилі, ғыл. стилі және іс-қағаз стилі қалыптаса бастаған еді. Кейіннен бұлар, барлық қыпшақ, оғыз тілдері сияқты, қазақ әдеби тілінің дамуы барысында алғашқы бастаулардың бірі ретінде қызмет етті. Б.Сағындықов    
08.11.2012 11:42 37321

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Алтын орда дәуіріндегі әдебиет — 13 ғ-дың 2-жартысынан 15-ғ-дың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің жазба мұралары. Бұл мемлекеттің тұрғын халықтары этник. құрылымы жағынан әртүрлі еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Бұған Құтб, Хорезми, Сайф Сараи, Әли, Сиди Ахмед, Хұсам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Абу Хайан, Ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Алтын Орда дәуірінде пайда болған жазба мұралардың көпшілігі жоғалып кетті.

Алтын Орда дәуірінен біздің заманымызға келіп жеткен жазба нұсқалардың бастылары мыналар: “Мұхаббатнама” дастаны, 1353 ж. жазылған “Мұхаббатнамада” мәснауи (әр екі жолы өзінше ұйқасатын өлең формасы), ғазел (алғашқы екі жолы ғана ұйқасып, әрі қарай ақсақ ұйқас болып кететін өлең) түрінде келіп отырады. Осы тәртіп аталмыш дастанда да сақталған. Кітаптың соңында мінажат (аллаға жалбарыну), қыта (филос.түйін), шағын әңгіме берілген. Негізгі бөлім — он бір арнауда (намеде) ғашық болған жігіттің сұлу қызға сүйіспеншілігі жырланады. Ақын арнауларында адамның кіршіксіз сезімін, асыл махаббатты ардақтауды жыр етеді. “Хұсрау мен Шырын” дастанының тақырыбы — Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік, шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатындығы жырланды. Хұсрау мен Шырын туралы аңыз Таяу және  Орта Шығыс, Закавказье, Орта Азия, Үндістан халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. “Хұсрау мен Шырын” дастанын Низами салжұқ сұлтаны Тоғрулбектің өтініші бойынша жазған. Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы эпик. жырды Алтын Орда ақыны Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударды, бірақ бізге жетпеген. Қолжазбаның жалпы көлемі — 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар. Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130 тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы — 90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000 бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған. “Гүлистан би-түрки” (“Гүлстан”) — Шығыстың көрнекті ақыны Сағдидің қаламынан туған дастан. Мұны, Мысыр ғұламаларының өтініші бойынша Алтын Орда ақыны Сайф Сараи 1391 ж. парсы тілінен түркі тіліне аударады. Осы  аударманың біздің заманымызға келіп жеткен жалғыз көшірмесінің көлемі 371 бет. Әр бетте 13 жолдан жазу бар. Кітаптың кіріспе бөлімін Сайф Сараи қара сөз араластырып өлеңмен жазған. Кітаптың соңына сегіз түркі ақынының өлеңдері және олардың әрқайсысына Сайф Сараидың қайтарған жауаптары тіркелген. Соңғы беттерде ақынның бұдан басқа да ғазелдері мен төрттағандары бар. Сонымен негізгі аударма 10-беттен басталып, 335-бетпен аяқталады. Кітап сегіз тарауға (бабқа) бөлінген. Әр тарауға үлкенді-кішілі хикая, әңгімелер топтастырылған. Өз заманындағы “Гүлстан” сияқты аса көрнекті шығарманы қолға алып аударуы Сайф Сараидың үлкен ақын болғандығын аңғартады. Алтын Орда ақындары Әли (13 ғ.) “Қисса Жүсіп”, “Хұсам Қатиб” (14 ғ.), “Жұм-жұма”, Сайд Ахмед (15 ғ.) “Ташшуқнама” — Хорезмидің шығармаларына еліктеп жазған. Алайда бұлардың тілдік, стильдік, поэтик. ерекшеліктері жете зерттелген емес. Азаматтық тақырыпқа арналған шығармалармен қатар Алтын Орда дәуірінде діни мазмұнды аудармалар да пайда болды. Солардың бірі — “Қиссас-ул-Әнбия”. Авторы — Насыр-ад-Дин ибн Бурхан-ад-дин ар-Рабғұзи. Автордың айтуынша, “Пайғамбарлар туралы қысқа әңгімелер” деп аталатын бұл еңбегін араб, парсы тілінде жазылған әр түрлі сапалы шығармалардан іріктеп, құрастырған. Алдын-ала осындай жұмыстарды атқарып барып түркі тіліне аударған. Жинақта 79 қисса-хикая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре бар. “Нахджул Фарадис”. Қазақша аудармасы — “Фарадис пейішіне апаратын жол”. Авторы — Махмұд ибн Әли. Еңбек Алтын Орданың астанасы — Сарай қ-нда жарық көрген. 444 беттен тұратын бір қолжазбасы Стамбұлда сақталады. Кітап 4 тараудан тұрады. 1-тарау Мұхаммед пайғамбардың өмірін баяндауға арналған. 2-тарауда пайғамбардың серіктері — алғашқы халифтар — Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли туралы өмірбаяндық және тарихи деректер келтіріледі, ал 3-тарауда исламның негізгі тәртіптерін сақтау туралы, ата-аналарға құрмет көрсету, жарлыларға көмектесу туралы, арам мен адал, қиыншылыққа шыдау туралы үгіт-насихат айтылып, 4-тарауда — қан төгудің, зинақорлықтың, ішімдікке салынудың қылмыс екендігі түсіндіріледі, тәкаппарлықтан өсек пен өтіріктен, өсім қорлықтан, кекшілдіктен, салғырттықтан сақтандырады. Соңғы шығармалардың мазмұны жағынан ерекше мәнге ие болмаса да, лингвист.-стильдік, ғыл.-этногр. тұрғыдан маңызы зор. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай-қайсысы да қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған. Қазақ тілі қыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетіндігін ескерсек, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды.

Ғылым, өнер қайраткерлерін сөз еткенде Алтын Ордамен мәдени, дипломат. тығыз қатынас жасаған мамлюктер Египетін айтпай кетуге болмайды. Тарихшылардың мәліметіне қарағанда, арабтың Мұхтар ибн Махмұд аз-Закиди, Махмұд ибн Ахмед ибн Муса сияқты ғалымдары Алтын Орда астанасы — Сарайда тұрып еңбек етсе, Махмұд ибн Фатшах ас-Сараи, Шехаб-ад-дин ас-Сараи, Махмұд ибн Абдалах Абу-т-Тина ас-Сараи сияқты қыпшақтар мамлюк Египетінің орталығы — Каирде ұстаздық еткен. Сондықтан олардың шығармалары тіл үйрету, сабақ оқыту мақсатымен жазылған. “Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак” (“Түркі тілінің түсіндірме кітабы”, авторы — Әбу Хайан), “Китаб ат-тухфат уз-закиа фи лұғат ат-туркиа” (“Түркі тілі туралы ерекше сыйлы кітап”, авторы белгісіз), “Ал-Каванин ал-куллийа ли-дабт ал-лұғат ат-туркиа” (Түркі тілдерін үйрететін толық құрал”, авторы белгісіз) сияқты толып жатқан сөздіктер мен граммат. трактаттар осы екі мемлекетке ортақ мұра болып есептеледі. Сөйтіп, Алтын Орда дәуірінде жалпы түркілік әдеби тілдің бір нұсқасы есебінде өз әдеби тілі, оның көркем әдебиет стилі, ғыл. стилі және іс-қағаз стилі қалыптаса бастаған еді. Кейіннен бұлар, барлық қыпшақ, оғыз тілдері сияқты, қазақ әдеби тілінің дамуы барысында алғашқы бастаулардың бірі ретінде қызмет етті.

Б.Сағындықов

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға