Жаңалықтар

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: жануарлар әлемі, климаты, туризм және көз тартар жерлер

Жануарлар әлемі Баянауылда 50 түрге жуық құс пен 40 түрге жуық жануар өмір сүреді, олардың ішінде құндылығы жоғары жабайы орман құстары тобын, сондай-ақ архарларды, еліктерді, борсықтарды, тиіндерді бөліп атауға болады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып келе жатқан түрі ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғалуға жататын архар парктің ерекше мақтанышы болып табылады. Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады. Климаты Баянауыл таулары Азиаттық материктің ортасында орналасқан, сондықтан климаты континенттік сипатта. Орта жылдық температурасы 3,2 °С құрайды. Қаңтардағы орташа температурасы −13,7 °С, ең төменгісі −17,8 °С. Шілдедегі орташа температурасы 14,6 °С, ең жоғарғысы 32,6 °С дейін жетеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 140 күнді құрайды. Шөгінділердің жылдық саны жеке жылдардағы 190-нан 494 мм-ге дейінгі өзгерістермен 340 мм құрайды. Баянауылдағы желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 2,9 м құрайды. Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды. Туризм Орталық және Солтүстік  Қазақстанның жақын маңындағы қалаларының туристері үшін Баянауыл өте тартымды жерлердің бірі. Парк аумағында көптеген демалыс үйлері мен аймақтары жұмыс істейді. Паркте шомылуды, тауларда серуендеуді, шыңдарға өрмелеуді, тау велосипедтерімен жүруді қоса алғанда бірнеше демалыс түрлері бар. Көптеген демалу аймақтарында туристік экскурсиялар жүргізіледі, онда белгілі бір төлем төлеп, парктің негізгі көз тартар жерлерін – “киелі үңгірді”, “тас басты” және тағы басқаларын көруге болады. Жасыбай көлі басқа көлдер арасында суы ең таза және мөлдір болғандықтан, негізгі шомылатын жер болып табылады. Сонымен бірге оның жағасынан көркем көрініс ашылады. Дәл осы көлдің жағасында көптеген демалу аймақтары жұмыс істейді, жағажайда катамарандар, еспелі және мотормен жүретін қайықтары жалға беріледі. Көз тартар жерлер Туристерді Баянауылда көп ғасырлар бойы желмен және сумен мүжілгендігі нәтижесінде ғажайып кескіндерге айналған, кейбір кезде жануарларға, адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады. Барынша әйгілі шыңдардың арасында — «тас бас» мүсіні, оның «Кемпір тас» деген атауы кең тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз, тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған  кемпірдің басына ұқсайды. Ғажайып түрдегі басқа тастардың арасында – түйе, мамонт пен горилланың бастары, А.С. Пушкиннің қырынан қарағандағы сұлбасы, ұшатын тарелка, динозавр, көгершін, жылқының басы және көптеген басқа да тастар бар. Шыңға өрмелеушілер арасында Бөлке тауы және Ер жүректілер шыңы, сондай-ақ ең  биік тау ретінде Ақбет тауы кең тараған. Бөлке тауының шыңында құрғақшылық кезінде тартылатын алты көл орналасқан. Бұндағы көз тартар жер  — «қиелі үңгір». Сенімдер бойынша үңгірге кірген әрбір адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның тілегі орындалады деп есептеледі.  Сонымен бірге үңгір баласы жоқ  ата-аналарға балалы болуға көмектеседі деген сенім бар, ол үшін үңгірде арнайы рәсім орындау керек екен. Бұның рас-өтірігіне қарамастан, үңгірге кіруге болатын күндері туристер көптеп келіп жатады.  Ол барынша жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Соңғы жылдары жолдың соңғы аса тік бөлігінде  бұл мақсаттарға арнап арнайы ағаш саты орнатылған. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
15.03.2013 04:17 7626

Жануарлар әлемі

Баянауылда 50 түрге жуық құс пен 40 түрге жуық жануар өмір сүреді, олардың ішінде құндылығы жоғары жабайы орман құстары тобын, сондай-ақ архарларды, еліктерді, борсықтарды, тиіндерді бөліп атауға болады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып келе жатқан түрі ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғалуға жататын архар парктің ерекше мақтанышы болып табылады.

Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады.

Климаты

Баянауыл таулары Азиаттық материктің ортасында орналасқан, сондықтан климаты континенттік сипатта. Орта жылдық температурасы 3,2 °С құрайды. Қаңтардағы орташа температурасы −13,7 °С, ең төменгісі −17,8 °С.

Шілдедегі орташа температурасы 14,6 °С, ең жоғарғысы 32,6 °С дейін жетеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 140 күнді құрайды. Шөгінділердің жылдық саны жеке жылдардағы 190-нан 494 мм-ге дейінгі өзгерістермен 340 мм құрайды. Баянауылдағы желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 2,9 м құрайды.

Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды.

Туризм

Орталық және Солтүстік  Қазақстанның жақын маңындағы қалаларының туристері үшін Баянауыл өте тартымды жерлердің бірі. Парк аумағында көптеген демалыс үйлері мен аймақтары жұмыс істейді.

Паркте шомылуды, тауларда серуендеуді, шыңдарға өрмелеуді, тау велосипедтерімен жүруді қоса алғанда бірнеше демалыс түрлері бар. Көптеген демалу аймақтарында туристік экскурсиялар жүргізіледі, онда белгілі бір төлем төлеп, парктің негізгі көз тартар жерлерін – “киелі үңгірді”, “тас басты” және тағы басқаларын көруге болады. Жасыбай көлі басқа көлдер арасында суы ең таза және мөлдір болғандықтан, негізгі шомылатын жер болып табылады. Сонымен бірге оның жағасынан көркем көрініс ашылады. Дәл осы көлдің жағасында көптеген демалу аймақтары жұмыс істейді, жағажайда катамарандар, еспелі және мотормен жүретін қайықтары жалға беріледі.

Көз тартар жерлер

Туристерді Баянауылда көп ғасырлар бойы желмен және сумен мүжілгендігі нәтижесінде ғажайып кескіндерге айналған, кейбір кезде жануарларға, адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады. Барынша әйгілі шыңдардың арасында — «тас бас» мүсіні, оның «Кемпір тас» деген атауы кең тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз, тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған  кемпірдің басына ұқсайды. Ғажайып түрдегі басқа тастардың арасында – түйе, мамонт пен горилланың бастары, А.С. Пушкиннің қырынан қарағандағы сұлбасы, ұшатын тарелка, динозавр, көгершін, жылқының басы және көптеген басқа да тастар бар. Шыңға өрмелеушілер арасында Бөлке тауы және Ер жүректілер шыңы, сондай-ақ ең  биік тау ретінде Ақбет тауы кең тараған. Бөлке тауының шыңында құрғақшылық кезінде тартылатын алты көл орналасқан.

Бұндағы көз тартар жер  — «қиелі үңгір». Сенімдер бойынша үңгірге кірген әрбір адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның тілегі орындалады деп есептеледі.  Сонымен бірге үңгір баласы жоқ  ата-аналарға балалы болуға көмектеседі деген сенім бар, ол үшін үңгірде арнайы рәсім орындау керек екен. Бұның рас-өтірігіне қарамастан, үңгірге кіруге болатын күндері туристер көптеп келіп жатады.  Ол барынша жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Соңғы жылдары жолдың соңғы аса тік бөлігінде  бұл мақсаттарға арнап арнайы ағаш саты орнатылған.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға