Жаңалықтар

Павлодар облысының құрылу және даму тарихы

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр. Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай. Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқам – Алтын далам деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Онда, расында да, орасан зор байлықтар бар. Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі – Баянауыл бар. Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы тамсанатындай. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер береді. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар. Павлодар облысының климаты шұғыл континенттік, оған ұзаққа созылатын қыс (5,5 ай) мен ыстық және қысқа жаз (3 ай) тән болып келеді. Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда. Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады. Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі. Облыста қалыптасқан өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін ең ірі мұнай құбыры басталады (Шымкент қаласына), Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар өтеді. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
15.03.2013 04:11 9075

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Облыстың тиімді орналасуы оған басқа мемлекеттермен және Қазақстан облыстарымен Онтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральдері бойынша автомобильдік, авиациялық, электрондық, құбырлық және өзендік көлік түрлерімен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Ертістің Павлодар өңірінде бәрі де бар: ұшы-қиырсыз дарқан даласы, қайың тоғайлары, қарағайлы ормандары, таулары, көптеген көлдері. Облысты ежелгі Ертіс қақ бөледі деп айтуға болады. Оның жайылмасы да бірегей және өте бай.

Облыстың аса ірі бөлігін қазақтар ежелден Сарыарқам – Алтын далам деп атап кеткен тегіс дала алып жатыр. Онда, расында да, орасан зор байлықтар бар.

Облыс аумағында Ертістің Павлодар өңірінің інжу-маржаны, Қазақстан Республикасының әсем жерлерінің бірі – Баянауыл бар. Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бір бірегей туындысының сұлулығы тамсанатындай. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер береді. Мұнда Қазақстан мен Ресейдің жан-жағынан келетін мыңдаған туристердің аса ірі демалыс аймағы бар.

Павлодар облысының климаты шұғыл континенттік, оған ұзаққа созылатын қыс (5,5 ай) мен ыстық және қысқа жаз (3 ай) тән болып келеді.

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан.

Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда.

Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады

Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.

Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыста қалыптасқан өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін ең ірі мұнай құбыры басталады (Шымкент қаласына), Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар өтеді.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға