Жаңалықтар

Сәуірде Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылады

2013 жылдың сәуір айында Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ президенті Забира Оразалиева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. «Қазіргі таңда Қазақстан Халық банкі, Қазкоммерцбанк, Темірбанк сынды ірі банктер алғаш болып Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МББЖЖ) қатысуға даяр екенін білдірді. Қазақстандағы өзге де ірі банктер бұл жүйенің талаптарына сәйкес келеді. Ережелер жетілдіріле түскеннен кейін олармен байланыс орнатылады. Қарым-қатынас және жинақтау жөніндегі типтік келісімшарттар бекітілгеннен кейін аталған банктермен келісімшарт жасап, жинақтау жүйесін енгізе бастаймыз», - деді З.Оразалиева. Оның айтуынша, МББЖЖ бойынша ашылатын депозиттердің банктердегі басқа депозиттерден ерекшелігі – онда банктің сыйақысынан бөлек мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Ол салымшының әлеуметтік мәртебесіне қарай 5-7%-ды құрайды. Сонымен қатар, мемлекет сыйақасы бір жыл ішінде жиналған сомаға емес, барлық жылдар нәтижесінде жиналған жалпы қаржыға жыл сайын қосылады. «Бұл бүкіл елдердің тәжірибесін зерттей отырып ұсынылған жүйе болатын. Мысалы, бүгінгі таңда осындай жинақтау қорлары 9 елде кеңінен таралған. Олар: Белгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ», - деп атап өтті ол. Қазақстанда енгізіліп отырған жинақтаушы қорында жиналған сома АҚШ, Швеция, Канада тәжірибесіндегідей салықтан босатылатын болады. «Басқа елдерде, мысалы, Бельгияда табысы төмен отбасылараға көмек көрсетіледі. Отбасының атындағы есепшотқа бастапқы қаржы салынып отырады. Кейін ата-аналар өз жағдайына қарай қосымша ақша қосады. Біздің елде бұдан да басқа қолдаулар бар. Мемлекет депозитте тұрған 5 млн теңгеге дейінгі сомаға өз кепілдігін береді. Әр елде кеңінен таралған кепілдік бұл түрі әр елде әр түрлі мөлшерде. Ол сома қазіргі таңда біздің елдегі оқу орындарында оқуға толығымен жеткілікті», - деп толықтырды З.Оразалиева. Диана Құлмағанбетова  
14.03.2013 11:43 3364

2013 жылдың сәуір айында Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі іске қосылады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ президенті Забира Оразалиева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазіргі таңда Қазақстан Халық банкі, Қазкоммерцбанк, Темірбанк сынды ірі банктер алғаш болып Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МББЖЖ) қатысуға даяр екенін білдірді. Қазақстандағы өзге де ірі банктер бұл жүйенің талаптарына сәйкес келеді. Ережелер жетілдіріле түскеннен кейін олармен байланыс орнатылады. Қарым-қатынас және жинақтау жөніндегі типтік келісімшарттар бекітілгеннен кейін аталған банктермен келісімшарт жасап, жинақтау жүйесін енгізе бастаймыз», - деді З.Оразалиева.

Оның айтуынша, МББЖЖ бойынша ашылатын депозиттердің банктердегі басқа депозиттерден ерекшелігі – онда банктің сыйақысынан бөлек мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Ол салымшының әлеуметтік мәртебесіне қарай 5-7%-ды құрайды. Сонымен қатар, мемлекет сыйақасы бір жыл ішінде жиналған сомаға емес, барлық жылдар нәтижесінде жиналған жалпы қаржыға жыл сайын қосылады.

«Бұл бүкіл елдердің тәжірибесін зерттей отырып ұсынылған жүйе болатын. Мысалы, бүгінгі таңда осындай жинақтау қорлары 9 елде кеңінен таралған. Олар: Белгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ», - деп атап өтті ол.

Қазақстанда енгізіліп отырған жинақтаушы қорында жиналған сома АҚШ, Швеция, Канада тәжірибесіндегідей салықтан босатылатын болады.

«Басқа елдерде, мысалы, Бельгияда табысы төмен отбасылараға көмек көрсетіледі. Отбасының атындағы есепшотқа бастапқы қаржы салынып отырады. Кейін ата-аналар өз жағдайына қарай қосымша ақша қосады. Біздің елде бұдан да басқа қолдаулар бар. Мемлекет депозитте тұрған 5 млн теңгеге дейінгі сомаға өз кепілдігін береді. Әр елде кеңінен таралған кепілдік бұл түрі әр елде әр түрлі мөлшерде. Ол сома қазіргі таңда біздің елдегі оқу орындарында оқуға толығымен жеткілікті», - деп толықтырды З.Оразалиева.

Диана Құлмағанбетова

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға