VI Астана экономикалық форумына 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады
VI Астана экономикалық форумына 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады. Бұл туралы BNews.kz тілшісі Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Жыл сайын форум қатысушыларының саны ғана емес, көтерілетін маңызды экономикалық мәселелердің де қатары артып келеді. Атап айтсақ, алғашқы АЭФ-ға небәрі 40 мемлекеттен, 4 панельдік сессияға 500 адам келген болса, V АЭФ-қа 100 елдің өкілі Астанаға табан тіреді», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында. 22-24 мамыр күндері өтетін VI АЭФ-қа 60 елден 1000-нан астам делегат қатысады. «Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан аса іскер корпорацияның басшысы, 11 мемлекет және үкімет басшысы, 15 министр мен Орталық банк басқарушылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады», -делінген баспасөз хабарламасында. Диана Құлмағанбетова
14.03.2013 11:36
3213
Диана Құлмағанбетова
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Республикалық IV олимпиада басталды (видео)
Келесі жаңалық
Елімізде 239 шақырым өзен арнасы тазартылды