Жаңалықтар

Жалпы мәлімет

Облыс Қазақстанның солтүстігіне, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігіне орналасқан, Сарыарқа деген атауымен мәлім Қазақ ұсақ шоқылығын ішінара алып жатыр. Қиыр солтүстігі 550 26°, солтүстік ендікке, оңтүстігі -52°13° солтүстік ендікке, қиыр батыс шеті – 65°57° шығыс бойлыққа, шығысы – 74°02 шығыс бойлыққа  орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтығы 375 километрді, батыстан шығысқа дейін 602 километрді құрайды. Облыс 1999 жылғы 8 сәуірден бері қазіргі шекарасында, 98 мың шаршы километрді алып жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы 2789,6 километрді, оның ішінде Қостанай облысымен шектесуі – 356,9, Ақмола облысымен – 963,8, Павлодар облысымен 265,1 километрді құрайды. Ресей Федерациясымен шекарасы 1203,8 километрге, оның ішінде Қорған облысымен – 259,1, Түмен облысымен – 182,6, Омбы облысымен 762,1 километрге созылып жатыр. 2007 жылғы 1 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының саны 661,4 мың адамды құрады. Облыста Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғабит Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын атындағы – 13 әкімшілік аудан; бес қала – Петропавл, Сергеевка, Булаево, Мамлютка, Тайынша; 208 ауылдық округ пен 727 елді мекен бар. Облыстың әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы. Солтүстік Қазақтан облысының тұрғындары өз өлкесін, туған топырағын мақтан етеді. Табиғат оларға байлығын үйіп-төгіп бере салған. Онда адамды әрқашан баурайтынның, жүрек қылын шертетіннің бәрі бар. Түпсіз көгілдір аспан астында жап-жасыл дала көсіліп жатыр, ақ қайыңдар аралдар сияқты, сансыз көлдер, сылдырай аққан жылғалар мен бұлақтар айнадай жарқырайды. Ақ селеу дала алыстағы көкжиекке сіңіп, жоқ болатын ормандармен көмкерілген саржағал бидай кілемімен тұтасып жатыр. 98 мың шаршы километрді алып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының аумағы республиканың басқа өңірлерінде сирек кездесетін табиғат жағдайы мен қорының әр алуаңдығымен сипатталады. Есіл өңірінің басым дені Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігіне, Ертіс пен Тобылдың ортасына орналасқан. Батыс-Сібір ойпаты бөлшек-бөлшек, ойлы-шұқырлы болып келеді, солтүстіктен солтүстік-шығысқа қарай еңіс. Ойпаттың дөңі теңіз деңгейінен 125-200 метр биіктікте. Мидай жазық даласында жекелеген төбешіктері, аласа шоқылары (200-300 метр) және жатаған сілемдері бар Көкшетау таулары дараланады. Солардың қатарында Сырымбет, Бүркітті, облыстағы ең биік Жақсы Жалғызтау (теңіз деңгейінен 730 метр биктікте) бар.
14.03.2013 09:10 4013

Облыс Қазақстанның солтүстігіне, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігіне орналасқан, Сарыарқа деген атауымен мәлім Қазақ ұсақ шоқылығын ішінара алып жатыр. Қиыр солтүстігі 550 26°, солтүстік ендікке, оңтүстігі -52°13° солтүстік ендікке, қиыр батыс шеті – 65°57° шығыс бойлыққа, шығысы – 74°02 шығыс бойлыққа  орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтығы 375 километрді, батыстан шығысқа дейін 602 километрді құрайды.

Облыс 1999 жылғы 8 сәуірден бері қазіргі шекарасында, 98 мың шаршы километрді алып жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы 2789,6 километрді, оның ішінде Қостанай облысымен шектесуі – 356,9, Ақмола облысымен – 963,8, Павлодар облысымен 265,1 километрді құрайды. Ресей Федерациясымен шекарасы 1203,8 километрге, оның ішінде Қорған облысымен – 259,1, Түмен облысымен – 182,6, Омбы облысымен 762,1 километрге созылып жатыр.

2007 жылғы 1 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының саны 661,4 мың адамды құрады.

Облыста Айыртау, Ақжар, Аққайың, Ғабит Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын атындағы – 13 әкімшілік аудан; бес қала – Петропавл, Сергеевка, Булаево, Мамлютка, Тайынша; 208 ауылдық округ пен 727 елді мекен бар. Облыстың әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы.

Солтүстік Қазақтан облысының тұрғындары өз өлкесін, туған топырағын мақтан етеді. Табиғат оларға байлығын үйіп-төгіп бере салған. Онда адамды әрқашан баурайтынның, жүрек қылын шертетіннің бәрі бар. Түпсіз көгілдір аспан астында жап-жасыл дала көсіліп жатыр, ақ қайыңдар аралдар сияқты, сансыз көлдер, сылдырай аққан жылғалар мен бұлақтар айнадай жарқырайды. Ақ селеу дала алыстағы көкжиекке сіңіп, жоқ болатын ормандармен көмкерілген саржағал бидай кілемімен тұтасып жатыр.

98 мың шаршы километрді алып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының аумағы республиканың басқа өңірлерінде сирек кездесетін табиғат жағдайы мен қорының әр алуаңдығымен сипатталады.

Есіл өңірінің басым дені Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігіне, Ертіс пен Тобылдың ортасына орналасқан. Батыс-Сібір ойпаты бөлшек-бөлшек, ойлы-шұқырлы болып келеді, солтүстіктен солтүстік-шығысқа қарай еңіс.

Ойпаттың дөңі теңіз деңгейінен 125-200 метр биіктікте. Мидай жазық даласында жекелеген төбешіктері, аласа шоқылары (200-300 метр) және жатаған сілемдері бар Көкшетау таулары дараланады. Солардың қатарында Сырымбет, Бүркітті, облыстағы ең биік Жақсы Жалғызтау (теңіз деңгейінен 730 метр биктікте) бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға