Жаңалықтар

Белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлының «Жұрт» атты публицистикалық кітабы жарық көрді

Жуырда Астанада белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дихан Қамзабекұлының «Жұрт» атты публицистикалық кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқырман қауым Д.Қамзабекұлын алаш тарихын зерттеуші ғалым ретінде жақсы біледі. Ғалымның бұған дейін де Алаш қайраткерлерін зерттеген кітаптары жарық көрген болатын. Ал автордың жаңа жинағы тәуелсіз Қазақ елінің көкейкесті мәселелерін көтереді. Бұрынғы Ақмола қаласының Елорда мәртебесіне ие болуы, қалыптасуы, тұрғындарының жаңаша өмірге бейімделуі, келеңсіз көріністерден арылуы, қоғамның барлық өзекті мәселелері жан-жақты көрініс тапқан. Кіріспе сөзінде автор өз туындысының жалпақ елге арналғанын жазады. Ол «жұрт» сөзінің мағынасы терең екенін «халық», «ел», «мемлекет», «Отан» деген ұғымдармен астасып жатқанын дәлелдейді. Қазақтың Қазтуғандай жырауы да артына «Алаң да алаң, алаң жұрт!» деп өшпес жыр-толғауын қалдырған. Халқының көзін ашып, өзге елдермен теңестіруді аңсаған Ыбырай Алтынсарин: «Өнер-білім бар жұрттар»,- десе, тіл ғылымының атасы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам!» дейтін жұрт болмаса, «Жұртым!» дейтін бала қайдан шығады?!» дегені бар емес пе? Сондай-ақ автор Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт «жұрт болып» тіршілік құра алмақ емес» деген елдік мағынасы терең сөзін алға тарады. «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»,- деп ұлы Абай айтқандай, автор жаңа кітабында біздің тіршілігімізде, қалың жұртшылық арасында орын алып жатқан кемшіліктерді сынға ала отырып, жаман әдеттерден, ескі «дәстүрсымақтардан» арылатын кез жеткенін айтады. Жаңа ғасырда жаңаша өмір сүріп, ана тілімізді ардақ тұтып, елдігімізді сақтап, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге шақырады. Қысқасы, оқырманға ой салатын бір жинақ жарық көрді. Авторы - Дихан, сыншысы - халық.  
14.03.2013 05:28 3726

Жуырда Астанада белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дихан Қамзабекұлының «Жұрт» атты публицистикалық кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқырман қауым Д.Қамзабекұлын алаш тарихын зерттеуші ғалым ретінде жақсы біледі. Ғалымның бұған дейін де Алаш қайраткерлерін зерттеген кітаптары жарық көрген болатын.

Ал автордың жаңа жинағы тәуелсіз Қазақ елінің көкейкесті мәселелерін көтереді. Бұрынғы Ақмола қаласының Елорда мәртебесіне ие болуы, қалыптасуы, тұрғындарының жаңаша өмірге бейімделуі, келеңсіз көріністерден арылуы, қоғамның барлық өзекті мәселелері жан-жақты көрініс тапқан.

Кіріспе сөзінде автор өз туындысының жалпақ елге арналғанын жазады. Ол «жұрт» сөзінің мағынасы терең екенін «халық», «ел», «мемлекет», «Отан» деген ұғымдармен астасып жатқанын дәлелдейді. Қазақтың Қазтуғандай жырауы да артына «Алаң да алаң, алаң жұрт!» деп өшпес жыр-толғауын қалдырған. Халқының көзін ашып, өзге елдермен теңестіруді аңсаған Ыбырай Алтынсарин: «Өнер-білім бар жұрттар»,- десе, тіл ғылымының атасы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам!» дейтін жұрт болмаса, «Жұртым!» дейтін бала қайдан шығады?!» дегені бар емес пе? Сондай-ақ автор Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның «Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт «жұрт болып» тіршілік құра алмақ емес» деген елдік мағынасы терең сөзін алға тарады.

«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»,- деп ұлы Абай айтқандай, автор жаңа кітабында біздің тіршілігімізде, қалың жұртшылық арасында орын алып жатқан кемшіліктерді сынға ала отырып, жаман әдеттерден, ескі «дәстүрсымақтардан» арылатын кез жеткенін айтады. Жаңа ғасырда жаңаша өмір сүріп, ана тілімізді ардақ тұтып, елдігімізді сақтап, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге шақырады.

Қысқасы, оқырманға ой салатын бір жинақ жарық көрді. Авторы - Дихан, сыншысы - халық.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға