Рим Папасы Франциск І деген есімді таңдады
Рим Папасы болып аргентиналық, Буэнос-Айрестің архиепископы Хорхе Марио Бергольо сайланды. Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы өзіне Франциск І деген есімді таңдады. Кардиналдар жаңа Папаны сәрсенбі күні кеште, конклав отырысының екінші күні сайлады. Х.М.Бергольо 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте итальян эмигранты, теміржол жұмысшысының отбасында дүниеге келді. Ол химия технигі дипломын алды, одан кейін Буэнос-Айрестегі Вилла Девото семинариясында оқыды. 1958 жылы 11 наурызда иезуиттер орденіне кірді. Бұдан кейін Буэнос-Айрестегі Қасиетті Иосиф колледжінде білімін жалғастырып, философия лицензиатын алды. Х.М.Бергольо - Аргентинаның Католик университетінің ұлы канцлері. Жаңа Рим Папасы Франциск І-ді таққа отырғызу салтанаты 19 наурызда өтуі мүмкін. Таққа отыру мессасы кезінде Франциск І-ге папа билігінің жоғары белгілері - тұңғыш понтифик әулие Петрдің бұрын балықшы болғанын еске салатын балықшы сақинасы және басқа да қажетті рәсімдер жасалады.
14.03.2013 05:14
4566
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
В Нью-Йорке Tetris отправили в музей (видео)
Келесі жаңалық
Қазақстандық мұғалімдер миллиондаған ақшадан қағылған