Жаңалықтар

Қазақ сән өнері

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақ сән өнері – пластикалық ұлттық өнердің саласы. Қ. с. ө. ғимараттарды, бақ құрылыстарын ұлттық бейнелеу өнерінің ерекшелігіне сай сәндеуге (монументті сән өнері, архит. сән нақыштары, көркем қолтаңбалар, бедерлі суреттер, мүсіншелер, мозаикалар, т.б.), қоғамдық және тұрмыстық заттарды әрлеуге (сән және қолөнерде), мерекелік жасауларды айшықтауға, мұражай мүліктері мен көрмелер бұйымдарын көркемдеуге (безендіру өнерінде) қолданылады. Қ. с. ө. шығармалары тұтас бір композициялық туындылардың – алаңдардың, гүлзарлардың, бақтардың, көшелердің, ғимараттардың ішкі бөліктерінің, киім үлгілерінің белгілі бір ерекше бөлшегі ретінде маңызды қызмет атқарады. Негізінен түрлі үй жиһаздарын (үй мүліктері, зергерлік ою-өрнекпен әшекейлеген заттар, ат-көлік әшекейлері, тіршілікке қажетті сәндік құрал-саймандар, сәндік бұйымдар, құмыра, сый кеселер, т.б.) әшекейлендіріледі. Сән өнерінің материалдары – металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі тех. әдістері – көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Қ. с. ө. келелі өндірістік, технол. міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мәдениеттің даму дәрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этник. ұлттық ерекшеліктің негізінде дамыды. Бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Қ. с. ө. қазір өнердің барлық саласында қолданылып, халық шығарм-ның ең маңызды салаларының біріне айналды. Қ. с. ө. көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырды. Соның негізінде бұйымдарды әдемілеудің әр түрлі әшекей-өрнектері (геом., көгеріс, зооморфтық, нақыштық) пайда болды. 11 – 12 ғ-ларда көгеріс және геральдик. өрнек салынған композициялы, полихромдық бедер үлгілері қолөнер шеберлерінің шығармаларына кең ене бастады; бұл үлгі архит. құрылыстар мен ғимараттарға, күмбездерге, мазарларға, мешіттерге қолданылды. Орта ғ-лардағы қазақ сәулет өнерінің ірі ескерткіштері Бабажы қатын кесенесінде (Тараз қ-ның маңы, 10 – 11 ғ.), Айша бибі кесенесінде (11 – 12 ғ.), Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде (Түркістан қ., 14 ғ.) жылтыр бояу жағылған жұқа кірпіш кеңінен пайдаланылды. Қалайы мен қоладан әшекейлі заттар құю өріс алды. Қарудың көптеген түрлері (айбалта, садақ, жебе) жасалды және олар көркем нақышталып, алдыңғы беті әр түрлі таспалы бедер жолақтармен сәнделіп, былғары, ағаш, металмен (негізінен күміс) әшекейленген. Ағаш ұсталары сан алуан үй жиһазын (кереует, асадал, сандық, кебеже, жүкаяқ, т.б.), ыдыс-аяқ (ожау, түрлі тостаған, кесе) әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс және геом. өрнек түрлерін пайдаланып, сүйектен ою-өрнек салған. Өрнек салу ісінде өзіндік ерекшеліктері бар кілем тоқу (негізінен түкті және тықыр кілем) кең өріс алды. Ер адамдардың жорықта, аң аулағанда, әйелдердің салтанатта киетін киімдері аң-құстың бейнелері бар (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу – кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Қазақтың ісмер әйелдері алтын жіппен зер төгуде зор табысқа жетті. Олар негізінен тұс кілемдер мен төсек жапқыштарға, сырт киімдерге зер төгумен айналысты. Мұнда да негізінен геом. және көгеріс өрнекпен әшекейленген бұйымдар пішіндерінің күрделілігі, аса шеберлікпен тігілуімен ерекшеленеді. Зергерлік бұйымдарын жасауға алтын, күміс, кейде темір пайдаланылды. Жартылай асыл тастарды салу (сердолик, маржан, ақық) бұйымдарды айрықша түрлендірді. Қ. с. ө-інің аса маңызды бөлігі – былғарыдан жасалатын бұйымдарды өңдеп, көркемдеу. Ол сырт киім, аяқкиім, ертоқым бөлшектерін, ыдыс жасауға кеңінен пайдаланылды, оларға көбінесе өрнек салынып, күміс жалатылды. 20 ғ-дың 20 – 50-жылдары Қ. с. ө-ін өрістетуге кең жол ашылып, жағдай жасалды. 60 жылдары еліміздегі жетекші көркемсурет жоғары оқу орындарын бітірген жас суретшілер тобы Қ. с. ө-іне белсене араласты. Ұлттық халықтық дәстүрлерді терең зерттеп, оны қазіргі заман тұрғысынан, өз шығармаларында озық тех. құралдарды қолдану арқылы жетілдірді, жаңа мәнердегі тың туындылар әкелді. Қ. с. ө. әсем нақыштарымен безендірілген көптеген бұйымдары бүкілодақтық және халықар. көрмелерде көрсетілді. 1978 ж. Алматы театр-көркемсурет ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сән және қолданбалы өнер бөлімшесі ашылды, ал “Өнер” комб-ның жанынан ҚР Көркемөнер қорының цехтары ұйымдастырылды. Бұл өнердің жаңа салаларының пайда болып, өрістеуіне жол ашты. Ақ фарфордан бұйымдар жасау саласы да өріс алды. Қапшағай фарфор з-тында сервиздердің, сәнді вазалардың, т.б. сәндік ыдыстардың нәзік үлгілері жасалды. Сол сияқты, Алматы қыш ф-касының бұйымдары (сәнді сурет, композициялармен нақышталған кеселер, табақшалар, ұсақ пластиканың жаңа түрлері) да көркемдігімен ерекшеленді. Қ. с. ө. әдістері қоршаған орта, қоғамдық интерьерлердің кеңістіктік және эстет. ортасын қалыптастыру ісінде  маңызды рөл атқарып жетіліп келеді. С. Бекқұлова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 11:40 7839

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақ сән өнері – пластикалық ұлттық өнердің саласы. Қ. с. ө. ғимараттарды, бақ құрылыстарын ұлттық бейнелеу өнерінің ерекшелігіне сай сәндеуге (монументті сән өнері, архит. сән нақыштары, көркем қолтаңбалар, бедерлі суреттер, мүсіншелер, мозаикалар, т.б.), қоғамдық және тұрмыстық заттарды әрлеуге (сән және қолөнерде), мерекелік жасауларды айшықтауға, мұражай мүліктері мен көрмелер бұйымдарын көркемдеуге (безендіру өнерінде) қолданылады. Қ. с. ө. шығармалары тұтас бір композициялық туындылардың – алаңдардың, гүлзарлардың, бақтардың, көшелердің, ғимараттардың ішкі бөліктерінің, киім үлгілерінің белгілі бір ерекше бөлшегі ретінде маңызды қызмет атқарады. Негізінен түрлі үй жиһаздарын (үй мүліктері, зергерлік ою-өрнекпен әшекейлеген заттар, ат-көлік әшекейлері, тіршілікке қажетті сәндік құрал-саймандар, сәндік бұйымдар, құмыра, сый кеселер, т.б.) әшекейлендіріледі. Сән өнерінің материалдары – металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі тех. әдістері – көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Қ. с. ө. келелі өндірістік, технол. міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мәдениеттің даму дәрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этник. ұлттық ерекшеліктің негізінде дамыды. Бастауын ғасырлар қойнауынан алатын Қ. с. ө. қазір өнердің барлық саласында қолданылып, халық шығарм-ның ең маңызды салаларының біріне айналды. Қ. с. ө. көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырды. Соның негізінде бұйымдарды әдемілеудің әр түрлі әшекей-өрнектері (геом., көгеріс, зооморфтық, нақыштық) пайда болды. 11 – 12 ғ-ларда көгеріс және геральдик. өрнек салынған композициялы, полихромдық бедер үлгілері қолөнер шеберлерінің шығармаларына кең ене бастады; бұл үлгі архит. құрылыстар мен ғимараттарға, күмбездерге, мазарларға, мешіттерге қолданылды. Орта ғ-лардағы қазақ сәулет өнерінің ірі ескерткіштері Бабажы қатын кесенесінде (Тараз қ-ның маңы, 10 – 11 ғ.), Айша бибі кесенесінде (11 – 12 ғ.), Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде (Түркістан қ., 14 ғ.) жылтыр бояу жағылған жұқа кірпіш кеңінен пайдаланылды. Қалайы мен қоладан әшекейлі заттар құю өріс алды. Қарудың көптеген түрлері (айбалта, садақ, жебе) жасалды және олар көркем нақышталып, алдыңғы беті әр түрлі таспалы бедер жолақтармен сәнделіп, былғары, ағаш, металмен (негізінен күміс) әшекейленген. Ағаш ұсталары сан алуан үй жиһазын (кереует, асадал, сандық, кебеже, жүкаяқ, т.б.), ыдыс-аяқ (ожау, түрлі тостаған, кесе) әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс және геом. өрнек түрлерін пайдаланып, сүйектен ою-өрнек салған. Өрнек салу ісінде өзіндік ерекшеліктері бар кілем тоқу (негізінен түкті және тықыр кілем) кең өріс алды. Ер адамдардың жорықта, аң аулағанда, әйелдердің салтанатта киетін киімдері аң-құстың бейнелері бар (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу – кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Қазақтың ісмер әйелдері алтын жіппен зер төгуде зор табысқа жетті. Олар негізінен тұс кілемдер мен төсек жапқыштарға, сырт киімдерге зер төгумен айналысты. Мұнда да негізінен геом. және көгеріс өрнекпен әшекейленген бұйымдар пішіндерінің күрделілігі, аса шеберлікпен тігілуімен ерекшеленеді. Зергерлік бұйымдарын жасауға алтын, күміс, кейде темір пайдаланылды. Жартылай асыл тастарды салу (сердолик, маржан, ақық) бұйымдарды айрықша түрлендірді. Қ. с. ө-інің аса маңызды бөлігі – былғарыдан жасалатын бұйымдарды өңдеп, көркемдеу. Ол сырт киім, аяқкиім, ертоқым бөлшектерін, ыдыс жасауға кеңінен пайдаланылды, оларға көбінесе өрнек салынып, күміс жалатылды.

20 ғ-дың 20 – 50-жылдары Қ. с. ө-ін өрістетуге кең жол ашылып, жағдай жасалды. 60 жылдары еліміздегі жетекші көркемсурет жоғары оқу орындарын бітірген жас суретшілер тобы Қ. с. ө-іне белсене араласты. Ұлттық халықтық дәстүрлерді терең зерттеп, оны қазіргі заман тұрғысынан, өз шығармаларында озық тех. құралдарды қолдану арқылы жетілдірді, жаңа мәнердегі тың туындылар әкелді. Қ. с. ө. әсем нақыштарымен безендірілген көптеген бұйымдары бүкілодақтық және халықар. көрмелерде көрсетілді. 1978 ж. Алматы театр-көркемсурет ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сән және қолданбалы өнер бөлімшесі ашылды, ал “Өнер” комб-ның жанынан ҚР Көркемөнер қорының цехтары ұйымдастырылды. Бұл өнердің жаңа салаларының пайда болып, өрістеуіне жол ашты. Ақ фарфордан бұйымдар жасау саласы да өріс алды. Қапшағай фарфор з-тында сервиздердің, сәнді вазалардың, т.б. сәндік ыдыстардың нәзік үлгілері жасалды. Сол сияқты, Алматы қыш ф-касының бұйымдары (сәнді сурет, композициялармен нақышталған кеселер, табақшалар, ұсақ пластиканың жаңа түрлері) да көркемдігімен ерекшеленді. Қ. с. ө. әдістері қоршаған орта, қоғамдық интерьерлердің кеңістіктік және эстет. ортасын қалыптастыру ісінде  маңызды рөл атқарып жетіліп келеді.

С. Бекқұлова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға