Жаңалықтар

Ерейментау - балбалтастар мекені

Бұрын-соңды тарихи ескерткіштер жайлы тек кітаптардан, газеттерден оқып келсек, енді оны Ерейменнің етегінде орналасқан Қарағайлы ауылының маңындағы мекеннен өз көзімізбен көріп қайттық. Кезінде сақтар, одан кейінгі заманда өмір сүрген бабаларымыздың барлық бұйымдары алтынмен апталған. Тіпті, ат әбзелдері мен қарулары алтыннан жасалатын болған. Тірісін былай қойғанда, өлгенін де алтынға орап көметін болған. Ертеден сыр шертетін, көненің көзіне арналған мұралар Ерейментау жерінде көп кездеседі. Ерейментаудағы I-VIII ғасырларға тән тарихи ескерткіштер бүгінде мемлекет бақылуында. Ең бірінші Құмай өзенінің сол жағалауындағы терассада, өзен арнасынан 2,5 шақырым жердегі Қос батыр кешеніне тоқтадық. Ескерткіш VI-VII ғасырлардағы түркі қағанатына тән ескерткіштер екен. Оны тюрколог Айман Досымбаева өзінің кітабында түсіндіріп өтеді. Қос батыр да оң қолына кесе, сол қолына қанжар ұстаған. Арада қанша ғасырлар өтсе де қасы мен көзі, мұрны мен аузы, тіпті құлағындағы сырғасының өзі тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Кеуде тұсына ұстаған ыдысы мен қанжарының жүзін төмен қарата ұстаған бейнесі де сақталған. Балбалтас Сапарымызда келесі тоқтаған жердегі кешеннің аты «Қарағайлы-1» деп аталады. Бұл тас жалғыз тұр демесеңіз, сыртқы көрінісі жағынан алдыңғы Қос батырға ұқсайды. Мұнда да оң қолында ыдысы, сол қолында қанжары тұр. Осы ескерткішттерге қарап оырып, түркі қағанаты тұсындағы батырларымыздың ұстанымы «Қойныңды ашсаң, құшағым, Қолыңды ашсаң, пышағым» дегенге саятын секілді. Өйткені, ыдыс пен қанжар осы кезеңдегі табылған ескерткіштердің барлығына тән нәрсе. «Қарағайлы-1» кешеніндегі тастың астыңғы бөлігі сынған екен. Сондықтан, жақыннан қарамасаңыз, биіктігі жағынан басқалардан аласа ма деген ойға қаласыз. Айман Досымбаева бұл тасты қайта жалғап, орнына қоятынын айтты. Ескерткіштердің биіктігі 1.70-1.80 см. құрайды. Барлығы бір қолдан шыққан секілді. Сонда қалай, бұл сол кездегі өнердің бір ізге түсуі ме, әлде бұл ескерткіштердің барлығы бір адамның қолынан шыққан ба? Бұл сұраққа Айман апайымыз: «VI-VII тән тарихи ескерткіштер тек бұл орындардан табылған жоқ. Мұндай қаза болған адамдарға қойылған белгілерді Қазақстанның әр түкпірінен табуға болады. Сондықтан, оның барлығы бір адамның қолынан шықты деу нанымсыз. Бірақ, қай кездегідей әр қауымның өз шеберлері болған», - деп жауап берді. Келесі «Қарағайлы-2» деп белгілеген тас белгінің пішіні өзгеше. Ерекшелігі сол, оның төрт қыры бар екен. Мұны Айман Досымбаева «Төрт құбылаң тең болсын» деген мағынаға сыйғызды. Ереймен Тарихи-мәдени ескерткіштерді аралауға қазақтың 4 мың жылдық тарихын зерттеп жүрген антрополог Оразақ Смағұлов та ілесіп барды. Оразақ ағамызбен әңгімелесе келе, бұл ескерткіштердің дені ер адамдар ма, тас белгілердегі адам бейнесінің жынысын қалай ажыратуға болады деген сұраққа жауап іздедім. «Бұл ескерткіштердің сыртқы пішініне қарап, жынысын ажырату қиын. Ер адам дейін десеңіз ыдыс ұстап тұр, әйел адам десек, қанжарын қайрап тұр. Бірақ, біз бұл ескерткіштерде ер адамның бейнесі белгіленген деген шешімге келдік. Себебі, дәл осы заманға жататын басқа тас белгілердің кейбірінде әйелге тән омырау белгіленген. Жалпы, біздің тарихымызда әйелдерге қойылған ескерткіштер аз деуге келмейді», - деп жауап берді. Тарихи ескерткіштер туралы тек ғалымдарымызбен ғана әңгімелеспей, жергілікті тұрғындардың да пікірін білуді жөн деп таптық. Өйткені, бұл ескерткіштерді мемлекет қарауына алғанға дейін далада меңіреу күй кешіп жатқан. Әбден мүжілген, есте жоқ ескі заманнан сыр шертетін тастардың үстінде мал жайған адамдар отырып, түстеніп жүрген екен. Бұл жайлы сол жердегі Торғай ауылындағы аралас орта мектептің директоры Жеңіс Бөдешовпен де әңгіме барысында білдік. Қарағайлы «Мұндағы ескерткіштердің барлығы 2009 жылы ашылып, халыққа белгілі болып жатыр. Бірақ, бұл тарихи мұралардың бар екендігін өткен ғасырда Әлкей Марғұлан мен Қаныш Сәтбаев дәлелдеп кеткен. 1995 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген энциклопедияның 207 бетінде осында табылған ескерткіштер туралы толықтай мағлұмат ала аласыз. Ал, Айман Досымбаева бастаған топ осы тарихи мұраларды насихаттап, халыққа кеңінен таратушылар десек те болады» - дейді мектеп директоры. Жеңіс Бөдешов аталмыш энциклопедияны өзімен бірге ала шығыпты. Ол әрекеті пайдасын әкелді деп айтуға болады. Бұл жерде қазақтың өткені, қатпарлы тарихы таспен қаланып жатыр. Әйгілі Сағынайдың асы өткен, Құлагер мерт болған орын. Сондай-ақ, осы жерде кезінде Қален деген қажы болған екен. Медресе ашып, халықтың сауатын ашыпты. Тіпті, Сәкен Сейфуллинмен етене таныс болып, ұлт үшін қызмет еткен жандардың бірі деседі. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінде» сол Қален қажының есімі бірнеше жерде аталады екен. Бұл жайлы мектеп директоры Жеңіс Бөдешов айтты. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» дейді. Ерейментау етегіндегі тас белгілер туралы әңгіме мұнымен аяқталмайды. Сондықтан, уақытыңыз болып жатса, Ерейментауға атбасын бұрып, түркілер тарихымен тілдесіп қайтыңыз. Жандос Смайлов.
13.03.2013 10:18 6314

Бұрын-соңды тарихи ескерткіштер жайлы тек кітаптардан, газеттерден оқып келсек, енді оны Ерейменнің етегінде орналасқан Қарағайлы ауылының маңындағы мекеннен өз көзімізбен көріп қайттық. Кезінде сақтар, одан кейінгі заманда өмір сүрген бабаларымыздың барлық бұйымдары алтынмен апталған. Тіпті, ат әбзелдері мен қарулары алтыннан жасалатын болған. Тірісін былай қойғанда, өлгенін де алтынға орап көметін болған. Ертеден сыр шертетін, көненің көзіне арналған мұралар Ерейментау жерінде көп кездеседі. Ерейментаудағы I-VIII ғасырларға тән тарихи ескерткіштер бүгінде мемлекет бақылуында.

Ең бірінші Құмай өзенінің сол жағалауындағы терассада, өзен арнасынан 2,5 шақырым жердегі Қос батыр кешеніне тоқтадық. Ескерткіш VI-VII ғасырлардағы түркі қағанатына тән ескерткіштер екен. Оны тюрколог Айман Досымбаева өзінің кітабында түсіндіріп өтеді. Қос батыр да оң қолына кесе, сол қолына қанжар ұстаған. Арада қанша ғасырлар өтсе де қасы мен көзі, мұрны мен аузы, тіпті құлағындағы сырғасының өзі тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Кеуде тұсына ұстаған ыдысы мен қанжарының жүзін төмен қарата ұстаған бейнесі де сақталған.

Балбалтас

Сапарымызда келесі тоқтаған жердегі кешеннің аты «Қарағайлы-1» деп аталады. Бұл тас жалғыз тұр демесеңіз, сыртқы көрінісі жағынан алдыңғы Қос батырға ұқсайды. Мұнда да оң қолында ыдысы, сол қолында қанжары тұр. Осы ескерткішттерге қарап оырып, түркі қағанаты тұсындағы батырларымыздың ұстанымы «Қойныңды ашсаң, құшағым, Қолыңды ашсаң, пышағым» дегенге саятын секілді. Өйткені, ыдыс пен қанжар осы кезеңдегі табылған ескерткіштердің барлығына тән нәрсе. «Қарағайлы-1» кешеніндегі тастың астыңғы бөлігі сынған екен. Сондықтан, жақыннан қарамасаңыз, биіктігі жағынан басқалардан аласа ма деген ойға қаласыз. Айман Досымбаева бұл тасты қайта жалғап, орнына қоятынын айтты. Ескерткіштердің биіктігі 1.70-1.80 см. құрайды. Барлығы бір қолдан шыққан секілді. Сонда қалай, бұл сол кездегі өнердің бір ізге түсуі ме, әлде бұл ескерткіштердің барлығы бір адамның қолынан шыққан ба? Бұл сұраққа Айман апайымыз:

«VI-VII тән тарихи ескерткіштер тек бұл орындардан табылған жоқ. Мұндай қаза болған адамдарға қойылған белгілерді Қазақстанның әр түкпірінен табуға болады. Сондықтан, оның барлығы бір адамның қолынан шықты деу нанымсыз. Бірақ, қай кездегідей әр қауымның өз шеберлері болған», - деп жауап берді.

Келесі «Қарағайлы-2» деп белгілеген тас белгінің пішіні өзгеше. Ерекшелігі сол, оның төрт қыры бар екен. Мұны Айман Досымбаева «Төрт құбылаң тең болсын» деген мағынаға сыйғызды.

Ереймен

Тарихи-мәдени ескерткіштерді аралауға қазақтың 4 мың жылдық тарихын зерттеп жүрген антрополог Оразақ Смағұлов та ілесіп барды. Оразақ ағамызбен әңгімелесе келе, бұл ескерткіштердің дені ер адамдар ма, тас белгілердегі адам бейнесінің жынысын қалай ажыратуға болады деген сұраққа жауап іздедім.

«Бұл ескерткіштердің сыртқы пішініне қарап, жынысын ажырату қиын. Ер адам дейін десеңіз ыдыс ұстап тұр, әйел адам десек, қанжарын қайрап тұр. Бірақ, біз бұл ескерткіштерде ер адамның бейнесі белгіленген деген шешімге келдік. Себебі, дәл осы заманға жататын басқа тас белгілердің кейбірінде әйелге тән омырау белгіленген. Жалпы, біздің тарихымызда әйелдерге қойылған ескерткіштер аз деуге келмейді», - деп жауап берді.

Тарихи ескерткіштер туралы тек ғалымдарымызбен ғана әңгімелеспей, жергілікті тұрғындардың да пікірін білуді жөн деп таптық. Өйткені, бұл ескерткіштерді мемлекет қарауына алғанға дейін далада меңіреу күй кешіп жатқан. Әбден мүжілген, есте жоқ ескі заманнан сыр шертетін тастардың үстінде мал жайған адамдар отырып, түстеніп жүрген екен. Бұл жайлы сол жердегі Торғай ауылындағы аралас орта мектептің директоры Жеңіс Бөдешовпен де әңгіме барысында білдік.

Қарағайлы

«Мұндағы ескерткіштердің барлығы 2009 жылы ашылып, халыққа белгілі болып жатыр. Бірақ, бұл тарихи мұралардың бар екендігін өткен ғасырда Әлкей Марғұлан мен Қаныш Сәтбаев дәлелдеп кеткен. 1995 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген энциклопедияның 207 бетінде осында табылған ескерткіштер туралы толықтай мағлұмат ала аласыз. Ал, Айман Досымбаева бастаған топ осы тарихи мұраларды насихаттап, халыққа кеңінен таратушылар десек те болады» - дейді мектеп директоры. Жеңіс Бөдешов аталмыш энциклопедияны өзімен бірге ала шығыпты. Ол әрекеті пайдасын әкелді деп айтуға болады.

Бұл жерде қазақтың өткені, қатпарлы тарихы таспен қаланып жатыр. Әйгілі Сағынайдың асы өткен, Құлагер мерт болған орын. Сондай-ақ, осы жерде кезінде Қален деген қажы болған екен. Медресе ашып, халықтың сауатын ашыпты. Тіпті, Сәкен Сейфуллинмен етене таныс болып, ұлт үшін қызмет еткен жандардың бірі деседі. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінде» сол Қален қажының есімі бірнеше жерде аталады екен. Бұл жайлы мектеп директоры Жеңіс Бөдешов айтты.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» дейді. Ерейментау етегіндегі тас белгілер туралы әңгіме мұнымен аяқталмайды. Сондықтан, уақытыңыз болып жатса, Ерейментауға атбасын бұрып, түркілер тарихымен тілдесіп қайтыңыз.

Жандос Смайлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға