Жаңалықтар

Тағы бір астаналық велошабандоз алтыннан алқа тақты

Азия Чемпионатында тағы бір астаналық велошабандоз алтыннан алқа тақты.  Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті. «Бүгін, 13 наурызда, Азия Чемпионатында тас жолдағы жеке жарыста №6 спорт мектебінің тәрбиленушісі Дмитрий Риве өзінің жапондық бәсекелесін 12 секундқа артқа тастап, чемпион атанды»,- делінген таратылған хабарламада. Сондай-ақ ведомстводан хабарлағандай, енді Дмитрий 15 наурызда өтетін топтық жарыстағы жүлде үшін барын салатын болады. 18 жасар спортшы Қазақстан чемпионы болып табылады.  Тас жолдағы жарыс тректегі бәсеке аяқталғаннан кейін бүгін басталған болатын.   Еске салайық, 7 наурыздан бері Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында тас жолда және тректе жарыстан 33-ші Азия Чемпионаты өтуде. Онда Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін астаналық спорт мектебінің велоспорт бойынша алты тәрбиленушісі жақсы нәтиже көрсетті. Бұған дейін astana.kz сайты жазғанындай, командалық спринтте елордалық Алмаз Кинеев пен Заки Сұлтанов бесінші орынға табан тіреді. Бірінші орынға Корея спортшылары шықса, екінші орынды – малазиялықтар, ал жапондық велошабондоздар үшінші орынды місе тұтты. Құрлықаралық біріншілікте біздің елордалық спортшылар Никита Клеванов пен Марлен Тоқсейітов күміс жүлдеге ие болды. Екеуі де еліміздің өткен жылғы трек жарысындағы чемпионы болып табылады. Азия чемпионатына 41 құрама команда қатысуда. Қазақстан делегациясы құрамында 51 адам бар. Бұл ерлер мен әйелдер құрамасы, түрлі жас ерекшелігіндегі жастар: (1995-1996 ж.т.), андерлер (1991-1994 ж.т) және таңдаулы  (1990 және одан да үлкендер). Астана қаласының ресми сайты astana.kz
13.03.2013 09:10 3374

Азия Чемпионатында тағы бір астаналық велошабандоз алтыннан алқа тақты.  Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.

«Бүгін, 13 наурызда, Азия Чемпионатында тас жолдағы жеке жарыста №6 спорт мектебінің тәрбиленушісі Дмитрий Риве өзінің жапондық бәсекелесін 12 секундқа артқа тастап, чемпион атанды»,- делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ ведомстводан хабарлағандай, енді Дмитрий 15 наурызда өтетін топтық жарыстағы жүлде үшін барын салатын болады. 18 жасар спортшы Қазақстан чемпионы болып табылады. 

Тас жолдағы жарыс тректегі бәсеке аяқталғаннан кейін бүгін басталған болатын.  

Еске салайық, 7 наурыздан бері Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында тас жолда және тректе жарыстан 33-ші Азия Чемпионаты өтуде. Онда Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін астаналық спорт мектебінің велоспорт бойынша алты тәрбиленушісі жақсы нәтиже көрсетті.

Бұған дейін astana.kz сайты жазғанындай, командалық спринтте елордалық Алмаз Кинеев пен Заки Сұлтанов бесінші орынға табан тіреді. Бірінші орынға Корея спортшылары шықса, екінші орынды – малазиялықтар, ал жапондық велошабондоздар үшінші орынды місе тұтты.

Құрлықаралық біріншілікте біздің елордалық спортшылар Никита Клеванов пен Марлен Тоқсейітов күміс жүлдеге ие болды. Екеуі де еліміздің өткен жылғы трек жарысындағы чемпионы болып табылады.

Азия чемпионатына 41 құрама команда қатысуда. Қазақстан делегациясы құрамында 51 адам бар. Бұл ерлер мен әйелдер құрамасы, түрлі жас ерекшелігіндегі жастар: (1995-1996 ж.т.), андерлер (1991-1994 ж.т) және таңдаулы  (1990 және одан да үлкендер).

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға