Жаңалықтар

Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында күміс алды

Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында күміс алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті. Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында тас жолда және тректе жарыстан 33-ші Азия Чемпионаты өтуде. Тректегі жарыс 7 наурызда басталды. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін астаналық спорт мектебінің велоспорт бойынша алты тәрбиленушісі жақсы нәтиже көрсетті.  «Командалық спринтте елордалық Алмаз Кинеев пен Заки Сұлтанов бесінші орынға табан тіреді. Бірінші орында Корея спортшылары, екінші орында – малазиялықтар, ал үшінші орында жапондық велошабондоздар», - делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметі бойынша, командалық жарыста аты шығып жүрген Қазақстанның жас құрамасы Жапонияға жол беріп, екінші орынды қанағат тұтты. Құрлықаралық біріншілікте біздің елордалық спортшылар Никита Клеванов пен Марлен Тоқсейітов күміс жүлдеге ие болды. Екеуі де еліміздің өткен жылғы трек жарысындағы чемпионы болып табылады. Қазақстан делегациясы құрамында 51 адам бар. Бұл ерлер мен әйелдер құрамасы, түрлі жас ерекшелігіндегі жастар: (1995-1996 ж.т.), андерлер (1991-1994 ж.т) және таңдаулы  (1990 және одан да үлкендер). Бүгін, 13 наурызда, Азия Чемпионатының тас жолдағы веложарысы басталады. Жеке жарыста Астана қаласы №6 ОРМБЖСМ өкілі, 2012 жылғы Қазақстан чемпионы Дмитрий Риве бақ сынамақ.   Астана қаласының ресми сайты astana.kz
13.03.2013 09:08 2732

Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында күміс алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.

Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласында тас жолда және тректе жарыстан 33-ші Азия Чемпионаты өтуде. Тректегі жарыс 7 наурызда басталды. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін астаналық спорт мектебінің велоспорт бойынша алты тәрбиленушісі жақсы нәтиже көрсетті. 

«Командалық спринтте елордалық Алмаз Кинеев пен Заки Сұлтанов бесінші орынға табан тіреді. Бірінші орында Корея спортшылары, екінші орында – малазиялықтар, ал үшінші орында жапондық велошабондоздар», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметі бойынша, командалық жарыста аты шығып жүрген Қазақстанның жас құрамасы Жапонияға жол беріп, екінші орынды қанағат тұтты. Құрлықаралық біріншілікте біздің елордалық спортшылар Никита Клеванов пен Марлен Тоқсейітов күміс жүлдеге ие болды. Екеуі де еліміздің өткен жылғы трек жарысындағы чемпионы болып табылады.

Қазақстан делегациясы құрамында 51 адам бар. Бұл ерлер мен әйелдер құрамасы, түрлі жас ерекшелігіндегі жастар: (1995-1996 ж.т.), андерлер (1991-1994 ж.т) және таңдаулы  (1990 және одан да үлкендер).

Бүгін, 13 наурызда, Азия Чемпионатының тас жолдағы веложарысы басталады. Жеке жарыста Астана қаласы №6 ОРМБЖСМ өкілі, 2012 жылғы Қазақстан чемпионы Дмитрий Риве бақ сынамақ.  

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға