Жаңалықтар

«Өрле, ауылым!» автокеруені

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Өрле, ауылым!» автокеруені партия облыстық филиалы ғимаратының алдынан Жамбыл ауданына салтанатты түрде жолға шығарып салу шарасы ұйымдастырылды Шараның өткізілу мақсаты — жастар арасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, «Жас Отан» ЖҚ II съезінің шешімдерін ауыл жастары арасында кеңінен түсіндіру, оның маңыздылығын жеткізу. «Жас Отан» ЖҚ белсенділерімен, үкіметтік емес жастар ұйымдарынан құралған бес топ Жамбыл ауданының Төле би, Ильич, Шайқорық, Тастөбе Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептерінде оқушылармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, «Жас Отан» ЖҚ 2020 жылға дейінгі стратегиясын, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы жобасын және басқа да маңызды құжаттардың іске асырылу жолдарын кеңінен талқылады. Сондай-ақ, сағат 11.30-да аудандық Жастар Орталығында «Өрле ауылым!» жастар форумын өткізді.    Шараға партия облыстық филиалының қызметкерлері, Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастығы, облыстық, аудандық жастар орталығының мамандары, ҮЕҰ жетекшілері, жасотандықтар, мектеп оқушылары қатысты. Форумда облыс әкімдігі жастар мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Дәурен Құттыбаев, «Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты Айнұр Келімбетова, «Қазақстанның болашағы үшін» ЖҚБ төрағасы Ғабиден Исатай, «Ақ сұңқар» ЖҚБ төрағасы Абзал Есіркепов, ауданның белсенді оқушысы Ләззат Исаева сөз алып Елбасы Жолдауында қойылған міндеттерді айта отырып жастарды белсенділікке шақырды. Шара соңында облысымыздың жастар ұйымдарының атынан үндеу қабылданды. Өз жұмысын Жамбыл ауданынан бастаған, ақпараттық топ наурыз айының соңына дейін облысымыздың барлық аудандарында болып, ауыл жастарымен кездеседі. «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты Айнұр Шайзханқызы Келімбетова http://www.zhasotan.kz
13.03.2013 09:03 3581

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Өрле, ауылым!» автокеруені партия облыстық филиалы ғимаратының алдынан Жамбыл ауданына салтанатты түрде жолға шығарып салу шарасы ұйымдастырылды

Шараның өткізілу мақсаты — жастар арасында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, «Жас Отан» ЖҚ II съезінің шешімдерін ауыл жастары арасында кеңінен түсіндіру, оның маңыздылығын жеткізу.

«Жас Отан» ЖҚ белсенділерімен, үкіметтік емес жастар ұйымдарынан құралған бес топ Жамбыл ауданының Төле би, Ильич, Шайқорық, Тастөбе Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектептерінде оқушылармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, «Жас Отан» ЖҚ 2020 жылға дейінгі стратегиясын, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы жобасын және басқа да маңызды құжаттардың іске асырылу жолдарын кеңінен талқылады. Сондай-ақ, сағат 11.30-да аудандық Жастар Орталығында «Өрле ауылым!» жастар форумын өткізді.

  

Шараға партия облыстық филиалының қызметкерлері, Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастығы, облыстық, аудандық жастар орталығының мамандары, ҮЕҰ жетекшілері, жасотандықтар, мектеп оқушылары қатысты.

Форумда облыс әкімдігі жастар мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы Дәурен Құттыбаев, «Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі консультанты Айнұр Келімбетова, «Қазақстанның болашағы үшін» ЖҚБ төрағасы Ғабиден Исатай, «Ақ сұңқар» ЖҚБ төрағасы Абзал Есіркепов, ауданның белсенді оқушысы Ләззат Исаева сөз алып Елбасы Жолдауында қойылған міндеттерді айта отырып жастарды белсенділікке шақырды.

Шара соңында облысымыздың жастар ұйымдарының атынан үндеу қабылданды. Өз жұмысын Жамбыл ауданынан бастаған, ақпараттық топ наурыз айының соңына дейін облысымыздың барлық аудандарында болып, ауыл жастарымен кездеседі.

«Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының
жастар саясаты жөніндегі консультанты
Айнұр Шайзханқызы Келімбетова

http://www.zhasotan.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға