Жаңалықтар

Ұлыбритания кәсіпкерлері Астанада «Жасыл квартал» қалашығын салуды жоспарлауда

Британиялық кәсіпкерлерді Астанада «Жасыл квартал» экологиялық қалашығын салу қызықтырды, деп жазады «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  делегациясы Ұлыбританияға жасаған сапары барысында мұнайлы өңір Абердинде болды. Бұл аймақ Солтүстік теңіздегі мұнай кен орындарын игеретін хаб ретінде саналады. Еліміз делегация мүшелерінің осы жерге табан тіреуінің өзіндік жөні бар. Келешекте Ақтау қаласынан энергетикалық хаб салу ісі қолға алынбақшы. Осыған орай, британиялық әріптестердің тәжірибесіне қанығып, бірқатар ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты. «Біз Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында атқарылуы тиіс маңызды жұмыстар жөнінде келіссөз жүргіземіз. Бастысы, жергілікті кадрларды даярлауға, инвесторларды тартуға баса мән беріледі. Осының негізінде жоспарланған істің түйінін шешетін боламыз», - дейді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. Сонымен, Ұлыбритания кәсіпкерлері алдағы мерзімде Астанадан «Жасыл квартал» экологиялық қалашығын салуды көздеп отыр. Осындай маңызы зор бірнеше істерді екі тарап кеңінен талқылады. Егемен Қазақстан
12.03.2013 09:04 3057

Британиялық кәсіпкерлерді Астанада «Жасыл квартал» экологиялық қалашығын салу қызықтырды, деп жазады «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ  делегациясы Ұлыбританияға жасаған сапары барысында мұнайлы өңір Абердинде болды. Бұл аймақ Солтүстік теңіздегі мұнай кен орындарын игеретін хаб ретінде саналады. Еліміз делегация мүшелерінің осы жерге табан тіреуінің өзіндік жөні бар. Келешекте Ақтау қаласынан энергетикалық хаб салу ісі қолға алынбақшы. Осыған орай, британиялық әріптестердің тәжірибесіне қанығып, бірқатар ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты. «Біз Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстанға сапары барысында атқарылуы тиіс маңызды жұмыстар жөнінде келіссөз жүргіземіз. Бастысы, жергілікті кадрларды даярлауға, инвесторларды тартуға баса мән беріледі. Осының негізінде жоспарланған істің түйінін шешетін боламыз», - дейді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен, Ұлыбритания кәсіпкерлері алдағы мерзімде Астанадан «Жасыл квартал» экологиялық қалашығын салуды көздеп отыр. Осындай маңызы зор бірнеше істерді екі тарап кеңінен талқылады.

Егемен Қазақстан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға