Жаңалықтар

Облыс табиғаты

Ақмола облысы ресми түрде 1939 жылы құрылғанмен, негізгі тарихы одан тым әріректе жатажы. Тарихшылар Ақмоланың құрылу кезеңі 1830 жылы Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола - Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда - экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал - губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал - майор Дубельт МПС Ресейде Түмен -Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған. Ауа райы қоңыржайлы, қаңтардың орташа температурасы - 14-18, шілдеде -20-24 градус Цельсий. Қыс аязы 40 -қа дейін, жазы ыстық, 35 градус , шаңды желдермен болады. Жылулықтың жалғасуы 194-202 күн, суықтың жалғасуы 163-171 күн. Аяздың болмауы 105-130 күнге созылады. Жылдық жаңбыр жауыны 200-300 мм. Ең ірі өзендері - Есіл, Нұра, көлдері - Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 тоған салынған, жалпы су көл. 180,6 млн. м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 - 74 млн. м3 Ертіс суы беріледі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған. Сирек кездесетін түрлері - арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар - Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы жұмыс істеп жатыр. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, молибден, кобальт, каолин сазы, кварц құмыжәне т.б пайдалы қазбалары бар. Дереккөзі: Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайты
12.03.2013 08:56 7247

Ақмола облысы ресми түрде 1939 жылы құрылғанмен, негізгі тарихы одан тым әріректе жатажы. Тарихшылар Ақмоланың құрылу кезеңі 1830 жылы Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады.
Ақмола - Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда - экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. Ол кездерде Омбы Батыс Сібір генерал - губернаторлығының орталығы болған. Ақмола облысының солай аталуы орталықты Ақмолаға көшіру туралы болжамдар бар. Бұл болжам 1879 жылы генерал - майор Дубельт МПС Ресейде Түмен -Ақмола темір жолының салынуы туралы проект қорғауына байланысты расталған.
Ауа райы қоңыржайлы, қаңтардың орташа температурасы - 14-18, шілдеде -20-24 градус Цельсий. Қыс аязы 40 -қа дейін, жазы ыстық, 35 градус , шаңды желдермен болады. Жылулықтың жалғасуы 194-202 күн, суықтың жалғасуы 163-171 күн. Аяздың болмауы 105-130 күнге созылады. Жылдық жаңбыр жауыны 200-300 мм.
Ең ірі өзендері - Есіл, Нұра, көлдері - Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана, Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 тоған салынған, жалпы су көл. 180,6 млн. м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 - 74 млн. м3 Ертіс суы беріледі.
Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған. Сирек кездесетін түрлері - арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар - Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы жұмыс істеп жатыр.
Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, молибден, кобальт, каолин сазы, кварц құмыжәне т.б пайдалы қазбалары бар.

Дереккөзі: Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға