Жаңалықтар

Қазақ опера және балет театры

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақ опера және балет театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры – қазақтың тұңғыш кәсіби музыкалық театры. 1933 ж. Алматы қ-нда муз. студия ретінде құрылды. 1934 ж. муз. театр, ал 1937 жылдан Қ. о. ж. б. т. деп аталады. 1941 ж. академиялық мәртебесі, 1945 ж. Абай есімі берілді. Комп. Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди, реж. Ж.Шанин, әншілер Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, К.Байсейітова, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ү.Тұрдықұлова, биші Ш.Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Театр 1934 ж. 13-қаңтарда М.О. Әуезовтің “Айман – Шолпан” (реж. Шанин мен Жандарбеков, муз. И.В. Коцыктікі)  муз. драмасымен ашылды. Осы жылы Б.Майлиннің “Шұға” (реж. Д.Д. Мацуцин, муз. И.В. Коцык және С.И. Шабельскийдікі) муз. драмасы көрсетілді. 1934 ж. Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы “Қыз Жібек” қойылды. Одан кейін “Жалбыр” (1935) және “Ер Тарғын” (1937) операларын қойып театр ұжымы үлкен шығарм. табысқа жетті. Театрға алғаш Шанин мен Жандарбеков, кейін Байсейітов, В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И. Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды. Театр ұжымы 1936 ж. Москва қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде “Қыз Жібек” пен “Жалбыр” операларын көрсетті. 1940 жылдары театр труппасына Р. және М.Абдуллиндер, С.Әбжанов, Ә.Үмбетбаев, Ш.Бейсекова, Б.Досымжанов, Р.Мұсабекова, Ә.Мұсабеков, т.б. әнші-артистер қосылды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматы қ-на келген орыс музыка өнерінің қайраткерлері (әншілер М.Д. Михайлов, С.Ф. Большаков, дирижер В.И. Пирадов, балет артисі Г.С. Уланова, т.б.) қазақтың опера және балет өнері кадрларының шығарм. жағынан өсіп, жетілуіне, орыстың классик. муз. дәстүрін игеріп, үйренуіне тікелей ықпал етті. Театр сахнасында орыс әнші-артистері (Н.К. Куклина-Врана, Н.Н. Самышина, А.И. Круглыхина, А.П. Казакевич, Э.И. Епонешникова; Б.А. Бухаров, А.Г. Черкашина, В.В. Харитонов, О.А. Симонова, т.б.) классик. операларда қазақ әншілерімен бірге өнер көрсетті. Театр сахнасында ТМД елдері комп-лары А.М. Магомаевтің “Наргиз” (1941), З.П. Палиашвилидің “Даиси” (1943), Н.Г. Жигановтың “Алтыншаш” (1947), т.б. опералары қойылды. Жұбанов пен Хамидидің “Абай” (1944) операсының қойылуы ұлттық опера өнерінің елеулі кезеңі болды. Брусиловский мен М.Төлебаевтың “Амангелді” (1945), Төлебаевтың “Біржан – Сара” (1946), Жұбанов пен Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1947) опералары қойылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті. Опера театры Қазақстанда муз. шығарм. пен ұлттық әншілік-орындаушылық өнердің дамуында үлкен рөл атқарды. Театр ұжымы 1958 ж. Москва қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, “Абай”, “Біржан – Сара”, “Дударай” опералары мен “Достық жолымен” балетін көрсетіп, үздік өнерлерімен танылды. 70-жылдардан Қазақстан композиторлары Е.Рахмадиевтің “Алпамыс” (1972), “Тың тынысы” (1980), Қ.Қожамияровтың “Садыр палуан” (1977), С.Мұхамеджановтың “Жұмбақ қыз” (1971), “Ақан сері – Ақтоқты” (1982), Ғ.Жұбанованың “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981), “Құрманғазы” (1987), Ғ.Жұбанованың “Қарагөз” (1990) опералары, т.б. спектакльдер қойылды. Театрда әр маусымда 40-тан аса опера және балет қойылып, жыл сайын оның репертуарына 5 – 6 жаңа спектакль қосылып отырды. Театр – Еуразия аймағындағы классик. өнердің ең ірі орт-ның бірі болып табылады. Оның сахнасында К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ә.Үмбетбаев, Б.Досымжанов, Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. өнер көрсетті. Қазіргі уақытта театр артистері Н.Үсенбаева, С.Байсұлтанов, Ж.Баспақова, М.Мұхамедқызы секілді белгілі әншілер, С.Ищанова, У.Кенжебеков, Д.Дүтмағамбетова тәрізді әр түрлі халықар. байқаулардың лауреаттары қазақ операсының табыстарын көптеген елдер театрларының сахнасында паш етіп келеді. Кейінгі жылдары театр режиссерлары Ғ.Есімов, Л.Иманғазина, Ф.Сапаров отандық және шет ел композиторларының классик. шығармаларын жаңғыртып, сахналап жүр. Театр ғимараты 1941 ж. арх. Н.А. Простаков, Т.Қ. Бәсеновтың жобасы бойынша ірге көтерген. 1996 – 2000 ж. күрделі жөндеуден өткен ғимарат қазақтың ұлттық сәулет өнері жетістіктеріне негізделе отырып, орыс классик. архитектурасымен үйлесімді өзіндік тың архит. шешімін тапқан. Ғимарат құрылысының композициялык орт. – 1170 орынды көрермендер залы. Сахна жақсы көрінеді, дыбыс естілуі анық. 2-қабатта ғимарат интерьерін көріктендіре түсетін кең фойесі бар. Капительді бағаналар, қабырға өрнектері оюлы басқыш қоршаулары, жалпы ғимараттың ішкі еңсесін сәулеттеуде негізгі рөл атқарған қазақтың дәстүрлі ою-өрнек үлгілері (қошқармүйіз, ырғақ, жапырақ гүл, сыңар мүйіз, т.б.) ғимарат архитектурасында кеңінен қолданылған. Оның екі қапталы мен алдыңғы жағындағы бақ, хауыздар ғимарат әсемдігін әрлендіре түскен. Театрдың екі қапталындағы бақтарға М.О. Әуезов (1967, мүсіншісі Т.С. Досмағамбетов) пен Ж.Жабаевтың (1971, мүсіншісі Х.Е. Наурызбаев, екеуінің де арх. М. Меңдіқұлов) ескерткіштері қойылған. Қ. о. ж. б. т. Ленин орденімен марапатталған (1959). А. Кетегенова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 11:38 25416

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақ опера және балет театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры – қазақтың тұңғыш кәсіби музыкалық театры. 1933 ж. Алматы қ-нда муз. студия ретінде құрылды. 1934 ж. муз. театр, ал 1937 жылдан Қ. о. ж. б. т. деп аталады. 1941 ж. академиялық мәртебесі, 1945 ж. Абай есімі берілді. Комп. Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди, реж. Ж.Шанин, әншілер Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, К.Байсейітова, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ү.Тұрдықұлова, биші Ш.Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Театр 1934 ж. 13-қаңтарда М.О. Әуезовтің “Айман – Шолпан” (реж. Шанин мен Жандарбеков, муз. И.В. Коцыктікі)  муз. драмасымен ашылды. Осы жылы Б.Майлиннің “Шұға” (реж. Д.Д. Мацуцин, муз. И.В. Коцык және С.И. Шабельскийдікі) муз. драмасы көрсетілді. 1934 ж. Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы “Қыз Жібек” қойылды. Одан кейін “Жалбыр” (1935) және “Ер Тарғын” (1937) операларын қойып театр ұжымы үлкен шығарм. табысқа жетті. Театрға алғаш Шанин мен Жандарбеков, кейін Байсейітов, В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И. Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды. Театр ұжымы 1936 ж. Москва қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде “Қыз Жібек” пен “Жалбыр” операларын көрсетті. 1940 жылдары театр труппасына Р. және М.Абдуллиндер, С.Әбжанов, Ә.Үмбетбаев, Ш.Бейсекова, Б.Досымжанов, Р.Мұсабекова, Ә.Мұсабеков, т.б. әнші-артистер қосылды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматы қ-на келген орыс музыка өнерінің қайраткерлері (әншілер М.Д. Михайлов, С.Ф. Большаков, дирижер В.И. Пирадов, балет артисі Г.С. Уланова, т.б.) қазақтың опера және балет өнері кадрларының шығарм. жағынан өсіп, жетілуіне, орыстың классик. муз. дәстүрін игеріп, үйренуіне тікелей ықпал етті. Театр сахнасында орыс әнші-артистері (Н.К. Куклина-Врана, Н.Н. Самышина, А.И. Круглыхина, А.П. Казакевич, Э.И. Епонешникова; Б.А. Бухаров, А.Г. Черкашина, В.В. Харитонов, О.А. Симонова, т.б.) классик. операларда қазақ әншілерімен бірге өнер көрсетті. Театр сахнасында ТМД елдері комп-лары А.М. Магомаевтің “Наргиз” (1941), З.П. Палиашвилидің “Даиси” (1943), Н.Г. Жигановтың “Алтыншаш” (1947), т.б. опералары қойылды. Жұбанов пен Хамидидің “Абай” (1944) операсының қойылуы ұлттық опера өнерінің елеулі кезеңі болды. Брусиловский мен М.Төлебаевтың “Амангелді” (1945), Төлебаевтың “Біржан – Сара” (1946), Жұбанов пен Хамидидің “Төлеген Тоқтаров” (1947) опералары қойылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті. Опера театры Қазақстанда муз. шығарм. пен ұлттық әншілік-орындаушылық өнердің дамуында үлкен рөл атқарды. Театр ұжымы 1958 ж. Москва қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, “Абай”, “Біржан – Сара”, “Дударай” опералары мен “Достық жолымен” балетін көрсетіп, үздік өнерлерімен танылды. 70-жылдардан Қазақстан композиторлары Е.Рахмадиевтің “Алпамыс” (1972), “Тың тынысы” (1980), Қ.Қожамияровтың “Садыр палуан” (1977), С.Мұхамеджановтың “Жұмбақ қыз” (1971), “Ақан сері – Ақтоқты” (1982), Ғ.Жұбанованың “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981), “Құрманғазы” (1987), Ғ.Жұбанованың “Қарагөз” (1990) опералары, т.б. спектакльдер қойылды. Театрда әр маусымда 40-тан аса опера және балет қойылып, жыл сайын оның репертуарына 5 – 6 жаңа спектакль қосылып отырды. Театр – Еуразия аймағындағы классик. өнердің ең ірі орт-ның бірі болып табылады. Оның сахнасында К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ә.Үмбетбаев, Б.Досымжанов, Р.Жаманова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. өнер көрсетті. Қазіргі уақытта театр артистері Н.Үсенбаева, С.Байсұлтанов, Ж.Баспақова, М.Мұхамедқызы секілді белгілі әншілер, С.Ищанова, У.Кенжебеков, Д.Дүтмағамбетова тәрізді әр түрлі халықар. байқаулардың лауреаттары қазақ операсының табыстарын көптеген елдер театрларының сахнасында паш етіп келеді. Кейінгі жылдары театр режиссерлары Ғ.Есімов, Л.Иманғазина, Ф.Сапаров отандық және шет ел композиторларының классик. шығармаларын жаңғыртып, сахналап жүр. Театр ғимараты 1941 ж. арх. Н.А. Простаков, Т.Қ. Бәсеновтың жобасы бойынша ірге көтерген. 1996 – 2000 ж. күрделі жөндеуден өткен ғимарат қазақтың ұлттық сәулет өнері жетістіктеріне негізделе отырып, орыс классик. архитектурасымен үйлесімді өзіндік тың архит. шешімін тапқан. Ғимарат құрылысының композициялык орт. – 1170 орынды көрермендер залы. Сахна жақсы көрінеді, дыбыс естілуі анық. 2-қабатта ғимарат интерьерін көріктендіре түсетін кең фойесі бар. Капительді бағаналар, қабырға өрнектері оюлы басқыш қоршаулары, жалпы ғимараттың ішкі еңсесін сәулеттеуде негізгі рөл атқарған қазақтың дәстүрлі ою-өрнек үлгілері (қошқармүйіз, ырғақ, жапырақ гүл, сыңар мүйіз, т.б.) ғимарат архитектурасында кеңінен қолданылған. Оның екі қапталы мен алдыңғы жағындағы бақ, хауыздар ғимарат әсемдігін әрлендіре түскен. Театрдың екі қапталындағы бақтарға М.О. Әуезов (1967, мүсіншісі Т.С. Досмағамбетов) пен Ж.Жабаевтың (1971, мүсіншісі Х.Е. Наурызбаев, екеуінің де арх. М. Меңдіқұлов) ескерткіштері қойылған. Қ. о. ж. б. т. Ленин орденімен марапатталған (1959).

А. Кетегенова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға