Жаңалықтар

Владимир Вернадскийдің 150 жылдығына арналған жиын (видео)

Геология-химияның негізін қалаушы Владимир Вернадскийдің 150 жылдығына арналған «Қазақстан-Украина ғылымының үндестігі» атты дөңгелек үстел өтті.  Вернадский жердiң қыртысына алғаш зерттеу жүргiзген адам.  Сондай-ақ, ол Қазақ ғылым академиясының құрылуы мен оның алғашқы президенті болып Қаныш Сәтбаевтің сайлануына ықпал еткен. Ғалымның еңбектерін талқыға салған ғалымдар, оның қазақ ғылымына сүбелі үлес қосқандығын айтады. Ғаділбек ШАЛАХМЕТОВ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі: - Ол Қазақстан жеріндегі ураннан бастап жер байлығының барлық түрін жақсы білген. Қаныш Сәтбаевпен бірге жұмыс істеген. Қалекеңнен 30 жастай үлкен болса да, Ғылым академиясы бірінші құрылғанда «бірінші президент Қаныш Сәтбаев болсын» деп ұсынған адам осы кісі.
12.03.2013 03:50 3395

Геология-химияның негізін қалаушы Владимир Вернадскийдің 150 жылдығына арналған «Қазақстан-Украина ғылымының үндестігі» атты дөңгелек үстел өтті. 

Вернадский жердiң қыртысына алғаш зерттеу жүргiзген адам.  Сондай-ақ, ол Қазақ ғылым академиясының құрылуы мен оның алғашқы президенті болып Қаныш Сәтбаевтің сайлануына ықпал еткен. Ғалымның еңбектерін талқыға салған ғалымдар, оның қазақ ғылымына сүбелі үлес қосқандығын айтады.

Ғаділбек ШАЛАХМЕТОВ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі:

- Ол Қазақстан жеріндегі ураннан бастап жер байлығының барлық түрін жақсы білген. Қаныш Сәтбаевпен бірге жұмыс істеген. Қалекеңнен 30 жастай үлкен болса да, Ғылым академиясы бірінші құрылғанда «бірінші президент Қаныш Сәтбаев болсын» деп ұсынған адам осы кісі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға