Диас Өмірзақов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Үндістанның астанасы Делиде өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық велотрекші Диас Өмірзақов ересектер арасында күміс жүлдеге ие болса, Магомед Мамедов жасөспірімдер арасында құрлық чемпионы атанды. Велотрекші Магомед Мамедов жасөспірім ұлдар арасындағы пурсит жарысында алтын медаль алды. Күміс пен қоланы Кохей Сузуки (Жапония) мен Мохамад Фарад Разали (Малайзия) өзара бөлісті. Ал ересектер арасында Диас Өмірзақов төрт шақырымдық жекелей пурсут жарысында күміс жүлдеге ие болды. today.kz
11.03.2013 04:37
3238
Ал ересектер арасында Диас Өмірзақов төрт шақырымдық жекелей пурсут жарысында күміс жүлдеге ие болды.
today.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алтынсарин мұражайы
Келесі жаңалық
Қазақстандық мұғалімдер миллиондаған ақшадан қағылған