Жаңалықтар

«Күттірген махаббат» қойылымы сахналанды (видео)

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы Халықаралық әйелдер күніне бірнеше мерекелік шаралар өткізді. Жоғары оқу орнында сан-салалы кәсіп иелерін сомдаушы студент қыздардан құралған жанды көрме ұйымдастырылып, көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері жаңа драмалық қойылымның тұсауын кесілсе, ерлер жағы әзілге құрылған бейнефильм түсіріп, ханымдарды қуанышқа бөледі. Университет жанындағы «Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымдастырған жанды мүсіндер көрмесі қоғамымыздағы әйелдер рөлі мен олар атқарып жүрген қызмет түрлерінен нақты көрініс береді. Мұнда нәзік жандарға лайықты баға берілген. Өйткені қазақ қыздары қай жерде болмасын өздерінің өнерімен, ерен еңбегімен елімізді танытып, мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Дана ЖАЙЛАУБАЕВА, Жастар саясаты орталығының директоры: - Олардың қатарында ұрпақ тәрбиесі, білім саласында еңбек ететін қыздарымыз, тәртіп сақшылары, денсаулық сақтау саласы, сот басқармасындағы немесе өнер саласы құрылыс саласындағы осындай неше түрлі кәсіп иелері бар. Қоғамның қай саласы болмасын, барлығында да біздің ару қыздарымыз сәтті еңбек етіп, қоғамның,  мемлекеттің дамуына үлесін қосуда. Университет ұжымының әйелдерге деген тағы бір сыйлығы – сахналық қойылым. Көркемөнерпаздар үйірмесі белгілі драматург Сая Қасымбекованың «Күттірген махаббат» мелодрамасын өте тамаша сахналады. Жас әртістердің өнеріне ардагер ұстаздар баға берді. Солардың бірі – 55 жыл бұрынғы әуесқой актер, бүгінде атағы дардай тарихшы, профессор Жиенбай Базарбайұлы. Жиенбай БАҚИ, ардагер ұстаз, профессор: - 1959 жылы жастардың басын құрап, алғаш рет үйірме аштық. Ал енді сондағы өнерді жақсы көретін жастар әлгі басты рөлдерді сомдаған студенттер қазір шеттерінен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары. Сондықтан драма үйірмесінің қызметін көріп, баға беру үшін келіп отырмыз. Халықаралық әйелдер күніне сәйкес келіп отыр. Барлық қыздарды, әйелдерді құттықтаймыз.  Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған осы шаралардың барлығы да нәзік жандардың құрметіне арналды. Көктемнің алғашқы күндері жүзеге асырылған ерлердің тосын сыйлары әйелдер қауымын шын мәнінде қуанышқа кенелтті.  Авторлар: Бекен Әлирахым, Әзілхан Уахитов
09.03.2013 09:33 4242

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы Халықаралық әйелдер күніне бірнеше мерекелік шаралар өткізді.

Жоғары оқу орнында сан-салалы кәсіп иелерін сомдаушы студент қыздардан құралған жанды көрме ұйымдастырылып, көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері жаңа драмалық қойылымның тұсауын кесілсе, ерлер жағы әзілге құрылған бейнефильм түсіріп, ханымдарды қуанышқа бөледі.

Университет жанындағы «Қыз Жібек» қыздар клубы ұйымдастырған жанды мүсіндер көрмесі қоғамымыздағы әйелдер рөлі мен олар атқарып жүрген қызмет түрлерінен нақты көрініс береді. Мұнда нәзік жандарға лайықты баға берілген. Өйткені қазақ қыздары қай жерде болмасын өздерінің өнерімен, ерен еңбегімен елімізді танытып, мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Дана ЖАЙЛАУБАЕВА, Жастар саясаты орталығының директоры:

- Олардың қатарында ұрпақ тәрбиесі, білім саласында еңбек ететін қыздарымыз, тәртіп сақшылары, денсаулық сақтау саласы, сот басқармасындағы немесе өнер саласы құрылыс саласындағы осындай неше түрлі кәсіп иелері бар. Қоғамның қай саласы болмасын, барлығында да біздің ару қыздарымыз сәтті еңбек етіп, қоғамның,  мемлекеттің дамуына үлесін қосуда.

Университет ұжымының әйелдерге деген тағы бір сыйлығы – сахналық қойылым. Көркемөнерпаздар үйірмесі белгілі драматург Сая Қасымбекованың «Күттірген махаббат» мелодрамасын өте тамаша сахналады. Жас әртістердің өнеріне ардагер ұстаздар баға берді. Солардың бірі – 55 жыл бұрынғы әуесқой актер, бүгінде атағы дардай тарихшы, профессор Жиенбай Базарбайұлы.

Жиенбай БАҚИардагер ұстаз, профессор:

1959 жылы жастардың басын құрап, алғаш рет үйірме аштық. Ал енді сондағы өнерді жақсы көретін жастар әлгі басты рөлдерді сомдаған студенттер қазір шеттерінен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары. Сондықтан драма үйірмесінің қызметін көріп, баға беру үшін келіп отырмыз. Халықаралық әйелдер күніне сәйкес келіп отыр. Барлық қыздарды, әйелдерді құттықтаймыз. 

Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған осы шаралардың барлығы да нәзік жандардың құрметіне арналды. Көктемнің алғашқы күндері жүзеге асырылған ерлердің тосын сыйлары әйелдер қауымын шын мәнінде қуанышқа кенелтті. 

Авторлар: Бекен Әлирахым, Әзілхан Уахитов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға