Жаңалықтар

Оралда «Замандарды жалғастырған желі» қайырымдылық концерті өтті

Оралдағы облыстық Қазақ драма театрында «Дегдар» гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өтті. Бірнеше күннен бері еліміздің батыс аймағын аралап жүрген классикалық музыка шеберлерін Ақжайық өңірінің халқы жылы қабылдады. Кезінде осы қаладағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде білім алған Тимур Орманшиев пен оның әріптестері студенттерге арнап шеберлік дәріс өткізді. «Дегдар» гуманитарлық қорының қайырымдылық шаралары еліміздің 13 қаласында өтті. Елімізге белгілі классикалық музыка шеберлерінің «Замандарды жалғастырған желі» атты концертіне халық көп жиналды. Нұргүл СҮЛЕЙМЕНОВА, «Дегдар» гуманитарлық қоры жобасының үйлестірушісі: - Бұл шараның ерекшелігі – негізінен соғыс ардагерлеріне арнап жасалынған шара. Концерттік бағдарламадан бұрын біз ардагерлерімізге кішкентай сыйлықтарымызды жасап, ол кісілерді концертке шақырып, соғыс кезіндегі әндерді де есіне алсын деп және көңілдерін көтеру үшін өткізіп жатырмыз. Пианист Тимур Орманшиев кезінде өзі білім алған Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесті. Ізін басып келе жатқан жас музыканттарға шеберлік дәріс өткізді. Кәсіби мамандар саз колледжінде білім алып жатқан жастарға өнердің шыңын бағындыру үшін талмай еңбектену қажеттігін ұғындырды.  Нұржан СЕРТЕКОВ, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры: - Елімізге белгілі музыканттар келіп, осы Құрманғазы атындағы саз колледжінде шеберлік класын өткізіп жатыр. Оның өсіп келе жатқан жастарға, артынан еріп келе жатқан жас музыканттарға үлкен көмегі бар. Шара аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалуда. Ақжайық өңірінде 300-дей ғана Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Ал «Дегдар» қорының басты мақсаты – аға буын өкілдері мен келешек ұрпаққа құрмет көрсету. Осындай қайырымдылық мақсатты көздейтін шаралар еліміздің барлық қалаларында өтеді.  Авторлар: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Мырзағалиев, Болат Жарылғасов
09.03.2013 09:30 3918

Оралдағы облыстық Қазақ драма театрында «Дегдар» гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өтті.

Бірнеше күннен бері еліміздің батыс аймағын аралап жүрген классикалық музыка шеберлерін Ақжайық өңірінің халқы жылы қабылдады. Кезінде осы қаладағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде білім алған Тимур Орманшиев пен оның әріптестері студенттерге арнап шеберлік дәріс өткізді.

«Дегдар» гуманитарлық қорының қайырымдылық шаралары еліміздің 13 қаласында өтті. Елімізге белгілі классикалық музыка шеберлерінің «Замандарды жалғастырған желі» атты концертіне халық көп жиналды.

Нұргүл СҮЛЕЙМЕНОВА, «Дегдар» гуманитарлық қоры жобасының үйлестірушісі:

- Бұл шараның ерекшелігі – негізінен соғыс ардагерлеріне арнап жасалынған шара. Концерттік бағдарламадан бұрын біз ардагерлерімізге кішкентай сыйлықтарымызды жасап, ол кісілерді концертке шақырып, соғыс кезіндегі әндерді де есіне алсын деп және көңілдерін көтеру үшін өткізіп жатырмыз.

Пианист Тимур Орманшиев кезінде өзі білім алған Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесті. Ізін басып келе жатқан жас музыканттарға шеберлік дәріс өткізді. Кәсіби мамандар саз колледжінде білім алып жатқан жастарға өнердің шыңын бағындыру үшін талмай еңбектену қажеттігін ұғындырды. 

Нұржан СЕРТЕКОВ, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры:

- Елімізге белгілі музыканттар келіп, осы Құрманғазы атындағы саз колледжінде шеберлік класын өткізіп жатыр. Оның өсіп келе жатқан жастарға, артынан еріп келе жатқан жас музыканттарға үлкен көмегі бар.

Шара аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалуда. Ақжайық өңірінде 300-дей ғана Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Ал «Дегдар» қорының басты мақсаты – аға буын өкілдері мен келешек ұрпаққа құрмет көрсету. Осындай қайырымдылық мақсатты көздейтін шаралар еліміздің барлық қалаларында өтеді. 

Авторлар: Талғат Серікқалиұлы, Руслан Мырзағалиев, Болат Жарылғасов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға