Жаңалықтар

Сәбилер арасында еңбектеуден жарыс ұйымдастырылды

Кім жүйірік! Қызылорда облысында бесіктен белі шықпаған сәбилер арасында еңбектеуден жарыс ұйымдастырылды. Сайыс Жалағаш ауданында болды. Бұдан бөлек, бесікке бөлеу, бесік жырын айту, баланы дұрыс тамақтандыру сияқты аталымдар бойынша аналар бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар отбасы мүшелерін біріктіріп, ана мен балаға қоғам болып назар аударуға септігін тигізеді.  Бұл ақтық сайыс. Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Ішіндегі ең ерекшесі - еңбектеу жарысы. «Баласы бәйгеге түссе, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші жасқа толмаған сәбилер шеберлік байқасты. Бөбектерді жедел қимылдату үшін арнайы айла-тәсілдер де пайдаланылды. Бірі оқ бойы озық шығып жатса, енді бірі жалқаулығын танытып, мүлдем қозғалмады. Бұдан бөлек, баланы бесікке бөлеу, дұрыс тамақтандыру, киіндіру сияқты сайыстар да ұйымдастырылды. Байқауға қатысушы аналардың сыналар сәті бесік жырын айту болды. Мұнда жырдың сөзі, әуені және орындау шеберлігі қатаң қадағаланды. Аудан тұрғыны Ботакөз Естілеуова ерекше дауысымен көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жарыс соңында тұсау кесер рәсімі өткізілді. «Бөтеннің ала жібін аттама, аттай шауып, тез жүріп кет» деген мақсатпен сәбидің тұсауы кесілді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрді жаңғырту, оны кейінгі толқынға насихаттауды міндет қылған жарыс ауыл тұрғындарының ойынан шықты. ҰЛДАНАЙ ТОҚПАНБЕТОВА, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: - Менің бұған қуанып тұрған жерім осы жас аналарды әрі қарай ұрпақ тәрбиесіне зор мән берсін, бала тәрбиелеудегі тәжірибесі молая берсін, алдындағыларға үлгі болсын, өздері ана болған кезде осыны жалғастыратындай дәрежеде үлгі көрсетсін деген мақсатпен болып отыр. Жас келіндер, болашақ аналар өз кезегінде ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол байқаудан ерекше әсер алғандарын жеткізіп жатты. АҚТОТЫ КЕНЖЕҒҰЛОВА: - Мен жақында тұрмысқа шыққан жас келіншекпін. Мен болашақ ана ретінде сәбилерді қалай өсіріп, қалай бесікке бөлеу, қалай киіндіруін өзіме жақсы меңгердім. Жарыс нәтижесінде ауыл келіні Шолпан Көшербаева Кәусар атты қызымен бірінші орынды иеленді. Жарысқа қатысушы жас аналарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Қызылорда облысы Ердәулет Байдуллаев  
07.03.2013 04:46 3500

Кім жүйірік! Қызылорда облысында бесіктен белі шықпаған сәбилер арасында еңбектеуден жарыс ұйымдастырылды. Сайыс Жалағаш ауданында болды. Бұдан бөлек, бесікке бөлеу, бесік жырын айту, баланы дұрыс тамақтандыру сияқты аталымдар бойынша аналар бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар отбасы мүшелерін біріктіріп, ана мен балаға қоғам болып назар аударуға септігін тигізеді. 

Бұл ақтық сайыс. Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Ішіндегі ең ерекшесі - еңбектеу жарысы. «Баласы бәйгеге түссе, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші жасқа толмаған сәбилер шеберлік байқасты. Бөбектерді жедел қимылдату үшін арнайы айла-тәсілдер де пайдаланылды. Бірі оқ бойы озық шығып жатса, енді бірі жалқаулығын танытып, мүлдем қозғалмады.

Бұдан бөлек, баланы бесікке бөлеу, дұрыс тамақтандыру, киіндіру сияқты сайыстар да ұйымдастырылды. Байқауға қатысушы аналардың сыналар сәті бесік жырын айту болды. Мұнда жырдың сөзі, әуені және орындау шеберлігі қатаң қадағаланды. Аудан тұрғыны Ботакөз Естілеуова ерекше дауысымен көпшіліктің қошеметіне бөленді. Жарыс соңында тұсау кесер рәсімі өткізілді. «Бөтеннің ала жібін аттама, аттай шауып, тез жүріп кет» деген мақсатпен сәбидің тұсауы кесілді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрді жаңғырту, оны кейінгі толқынға насихаттауды міндет қылған жарыс ауыл тұрғындарының ойынан шықты.

ҰЛДАНАЙ ТОҚПАНБЕТОВА, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Менің бұған қуанып тұрған жерім осы жас аналарды әрі қарай ұрпақ тәрбиесіне зор мән берсін, бала тәрбиелеудегі тәжірибесі молая берсін, алдындағыларға үлгі болсын, өздері ана болған кезде осыны жалғастыратындай дәрежеде үлгі көрсетсін деген мақсатпен болып отыр.

Жас келіндер, болашақ аналар өз кезегінде ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол байқаудан ерекше әсер алғандарын жеткізіп жатты.

АҚТОТЫ КЕНЖЕҒҰЛОВА:

- Мен жақында тұрмысқа шыққан жас келіншекпін. Мен болашақ ана ретінде сәбилерді қалай өсіріп, қалай бесікке бөлеу, қалай киіндіруін өзіме жақсы меңгердім.

Жарыс нәтижесінде ауыл келіні Шолпан Көшербаева Кәусар атты қызымен бірінші орынды иеленді. Жарысқа қатысушы жас аналарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Қызылорда облысы

Ердәулет Байдуллаев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға