Бүгін елорданың сауда орталықтарында жеңілдіктер қарастырылған
Бүгін елорданың «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Super Mama» бірегей іс-шарасы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан мәлім етті. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік мама атануы үшін 10 ана қатысты. Олар: «Таныстыру», «Таланттар байқау» және «Үй тапсырмасы» аталымдары бойынша бақ сынайтын болады. Барлық қатысушыларға тамаша жүлделер тігілген. Іс-шара 18.00-де басталады. Кіру еркін. Айта кету керек, «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында да Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған 1-і мен 9 наурыз аралығында 80%-ға дейін «Жеңілдіктер фестивалі» өтеді. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
07.03.2013 04:32
3165
Айта кету керек, «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында да Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған 1-і мен 9 наурыз аралығында 80%-ға дейін «Жеңілдіктер фестивалі» өтеді.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жүз жасаған астаналық кейуананы мерекемен құттықтады
Келесі жаңалық
Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі