Жаңалықтар

Қазақ музыкасы

  Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпик. жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирик. әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән муз. мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда муз. мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қ. м-ндағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғ-дан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпик. дәстүр – алғашқы, лирик. әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орт. Қазақстанда кең тынысты лирик. әндер басым дамыған. Қ. м-ның үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы муз. қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді муз. аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типолог. табиғаты үстем. Мыс., бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Муз. аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр. Қ. м. фольклорлық сатыда қалмай, ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғ-лардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының муз. мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғыл. мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі Қ. м-ның бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғ-дағы жыраулық өнер тудырған эпик. дәстүрдің Қ. м-нан алатын орны ерекше. Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән муз. ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қ. м-ның өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен муз. мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғ-да қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-муз. дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғ-да айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының муз. мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар. 19 ғ-дың аяқ шенінен бастап Қ. м. шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қ. м., оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың муз. фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды. Алайда Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің туып, қалыптасуы 30-жылдардан басталады. Осы кезеңде А.Жұбанов, Қазақстанға шақырылған Е.Г. Брусиловский, Б.Г. Ерзакович, т.б. музыка мамандары кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Жұбанов халық аспаптары оркестрін ұйымдастырып, халық композиторларының өмірі мен шығарм-н зерттеді. Брусиловский “Қыз Жібек”, “Жалбыр” секілді алғашқы қазақ операларын жазды. И.Н. Надировтың “Терең көл” (1939), А.А. Зильбердің “Бекет” (1940), В.В. Великановтың “Тұтқын қыз” (1939), Брусиловскийдің “Ер Тарғын” (1937) опералары Қ. м-ның кезекті жетістіктері болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары қазақ композиторлары “Гвардия алға” (Брусиловский), “Амангелді” (Брусиловский, М.Төлебаев), “Абай” (Жұбанов, Л.Хамиди), “Біржан – Сара” (М.Төлебаев) секілді күрделі туындылар берді. Опера жанрымен қатар композиторлар “Сарыарқа” (Брусиловский), “Абай” (Жұбанов), “Қазақ симфониясы” (Великанов), “Ризвангүл” (Қ.Қожамияров), “Жайлауда” (Қ.Мусин) атты симф. шығармалар (поэма), “Коммунизм оттары”, “Кеңестік Қазақстан” атты кантаталар жазды. Брусиловский мен Ғ.Жұбанова оркестр мен жеке муз. аспапқа арналған концерт жанрында да елеулі еңбек етті. Қ. м-ның жетістіктері кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен Мәскеуде өткен Әдебиет пен өнер онкүндіктерінде (1936, 1958) көрсетілді. Қ. м-н шетелдіктерге алғаш паш етушілердің бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол 1925 ж. Парижде, 1927 ж. Майндағы Франкфуртте ән шырқады. 60 – 70-жылдары Қазақстан композиторлары ұжымдық тәсілмен бірқатар опералық шығармалар жазды. Бірақ бұл шығарм. тәсілдің елеулі кемшіліктері болды. Соның бастысы – бір шығарманың әр түрлі нақышта жазылуы еді. Сондықтан композиторлар бұл тәсілден бас тартып, С.Мұхамеджанов “Айсұлу” (1964), Е.Рахмадиев “Алпамыс” (1972), Жұбанова “Еңлік-Кебек” (1975), Қожамияров “Садыр Палуан” (1977) атты опералық шығармалар жазды, Жұбанова, Қожамияров, М.Сағатов балет жанрында еңбек етті. Брусиловский бесінші, алтыншы, Қожамияров бірінші, екінші, Жұбанова “Жігер” атты симфонияларын жазды. Рахмадиев “Дайрабай”, “Құдаша думан” симф. күйлерін ұсынды. Қ. м. үшін бұл күй жанрының өзіндік жаңалығы болатын. 60 – 70-жылдарда ән жанрында жемісті еңбек еткен Б.Байқадамовтың, Ә.Еспаевтың, М.Маңғытаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтің шығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов (“Ақан сері – Ақтоқты”), Б.Жұбаниязов (“Махамбет”), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова (“Үш торай”), А.Серкебаев (“Мой брат Маугли”), С.Еркінбеков (“Мәңгі алау”), аспаптық-камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дастенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті. Қазақстан өнер шеберлері Венгрияда (1970, 1973), Германияда (1970, 1972, 1975), Польшада (1971, 1975), Моңғолияда (1971), Чехословакияда (1972, 1974), Кубада кеңінен танымал болды. Азияда – Сингапур, Малайзия, Шри-Ланка, Пәкстан (1973), Үндістан; Еуропа елдерінде – Финляндия (1971), Франция, Германия (1972), Италия (1976), Швецияда (1970, 1984) өткізілген КСРО мәдениеті күндерінде Қазақстанның еңб. сің. ұжымдары – Құрманғазы атынд. халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, ән-би ансамблі, классик. би ансамблі, “Отырар сазы” оркестрі, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай” ансамбльдері, “Сазген” этногр. ансамблі, т.б. қатысты. КСРО халық артистері – Б.Төлегенова, Р.Бағланова, Е.Серкебаев және Р.Жамановалар қойған концерттерін шет ел көрермендері жоғары бағалады. 70-жылдарда Қ. м-ның талантты жас өнерпаздары бүкілодақтық және дүниежүз. музыка сахнасына шықты. Олардың қатарында Паганини атынд. халықар. скрипкашылар байқауының (Италия, Генуя, 1971) лауреаты Э.Нақыпбекова, Глинка атынд. бүкілодақтық әншілер бәйгесінің (Мәскеу, 1976) лауреаты М.Мұсабаев, осы байқаудың дипломанты Р.Жұбатырова, бүкілодақтық дирижерлер байқауының (Мәскеу, 1976) лауреаты Т.Мыңбаев, Герберт фон Кароян қорының халықар. байқауының дипломанты (1978) Т.Әбдірәшев, Глинка атынд. бүкілодақтық әншілер байқауы (1975) мен Р.Шуман атынд. халықар. әншілер байқауының (Германия, Цвиккау, 1977) және Рио-де-Жанейрода өткен әншілердің халықар. байқауының (Бразилия, 1979) лауреаты Ә.Дінішев, халықар. скрипкашылар байқауының (Белград, 1977) дипломанты және халықар. скрипкашылар байқауының (Жапония, Токио, 1982) лауреаты А.Мұсаходжаева, Глинка атынд. бүкілодақтық әншілер байқауының (Мәскеу, 1977) лауреаты, әнші Ғ.Қ. Есімов, Болгарияда өткен халықар. эстрада әндері байқауының (Болгария, София, 1977) “Алтын Орфей” жүлдесін жеңіп алып, “Алтын микрофон” атты халықар. байқауда (Түркия, Стамбұл, 1979) екінші орынды иеленген әнші Р.Рымбаева, Ж.Б. Виотти атынд. халықар. пианинода ойнаушылар байқауының (Верчелли, 1980) үздік І сыйлығына ие болған Г.Қадырбекова, М.Лонг және Ж.Тибо атынд. байқаудың  (Франция, Париж, 1983) жеңімпазы атанған Ж.Ж. Әубәкірова, Халықар. скрипкашылар байқауының (Париж, 1985) лауреаты Г.Мырзабекова, т.б. бар. 1988 – 99 ж. “Франциядағы қазақ күндерінде” Ж.Әубәкірова жеке концертімен, М.Бисенғалиев (скрипка), А.Бөрібаев (виолончель), Т.Ормантаев (пианино), М.Мұхамедқызы мен Н.Үсенбаева (екеуі де – әнші) өз өнерлерін көрсетті. 2003 ж. мамырда композитор Б.Жұманиязовтың “Махамбет” операсының (либреттосы – Б.Аманшиндікі) беташар қойылымы өтті. Қазақтың музыка мәдениеті аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайды. Затаевич, Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин, М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қ. м-н зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты. Бүгінде Қ. м. – аяғына нық тұрған, әлем мәдениетінде өзіндік орны айқындалған өнер саласына айналды. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 11:35 13522

 

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпик. жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирик. әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді. Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән муз. мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда муз. мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қ. м-ндағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғ-дан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпик. дәстүр – алғашқы, лирик. әндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орт. Қазақстанда кең тынысты лирик. әндер басым дамыған. Қ. м-ның үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы муз. қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады. Ал жетіген, адырна, үскірік, шаңқобыз, асатаяқ секілді муз. аспаптар фольклорлық сатыда ғана көрінеді. Олардың ұлттық сипатынан гөрі типолог. табиғаты үстем. Мыс., бір ғана шаңқобыз аспабын кеңес дәуіріндегі халықтардың барлығынан дерлік кездестіруге болады. Муз. аспаптар бүгінде олардың дыбыс шығару ерекшеліктеріне сай хордофон, идиофон және аэрофон болып жіктеліп жүр.

Қ. м. фольклорлық сатыда қалмай, ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғ-лардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының муз. мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғыл. мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі Қ. м-ның бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғ-дағы жыраулық өнер тудырған эпик. дәстүрдің Қ. м-нан алатын орны ерекше. Қазақ халқының осы қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән муз. ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Қ. м-ның өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен муз. мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр. Осы негізде 19 ғ-да қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби-муз. дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал-серілерден арқау тартатын әншілік өнер. 19 – 20 ғ-да айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының муз. мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.

19 ғ-дың аяқ шенінен бастап Қ. м. шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қ. м., оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. А.В. Затаевич қазақтың муз. фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды. Алайда Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің туып, қалыптасуы 30-жылдардан басталады. Осы кезеңде А.Жұбанов, Қазақстанға шақырылған Е.Г. Брусиловский, Б.Г. Ерзакович, т.б. музыка мамандары кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Жұбанов халық аспаптары оркестрін ұйымдастырып, халық композиторларының өмірі мен шығарм-н зерттеді. Брусиловский “Қыз Жібек”, “Жалбыр” секілді алғашқы қазақ операларын жазды. И.Н. Надировтың “Терең көл” (1939), А.А. Зильбердің “Бекет” (1940), В.В. Великановтың “Тұтқын қыз” (1939), Брусиловскийдің “Ер Тарғын” (1937) опералары Қ. м-ның кезекті жетістіктері болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары қазақ композиторлары “Гвардия алға” (Брусиловский), “Амангелді” (Брусиловский, М.Төлебаев), “Абай” (Жұбанов, Л.Хамиди), “Біржан – Сара” (М.Төлебаев) секілді күрделі туындылар берді. Опера жанрымен қатар композиторлар “Сарыарқа” (Брусиловский), “Абай” (Жұбанов), “Қазақ симфониясы” (Великанов), “Ризвангүл” (Қ.Қожамияров), “Жайлауда” (Қ.Мусин) атты симф. шығармалар (поэма), “Коммунизм оттары”, “Кеңестік Қазақстан” атты кантаталар жазды. Брусиловский мен Ғ.Жұбанова оркестр мен жеке муз. аспапқа арналған концерт жанрында да елеулі еңбек етті. Қ. м-ның жетістіктері кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен Мәскеуде өткен Әдебиет пен өнер онкүндіктерінде (1936, 1958) көрсетілді. Қ. м-н шетелдіктерге алғаш паш етушілердің бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол 1925 ж. Парижде, 1927 ж. Майндағы Франкфуртте ән шырқады. 60 – 70-жылдары Қазақстан композиторлары ұжымдық тәсілмен бірқатар опералық шығармалар жазды. Бірақ бұл шығарм. тәсілдің елеулі кемшіліктері болды. Соның бастысы – бір шығарманың әр түрлі нақышта жазылуы еді. Сондықтан композиторлар бұл тәсілден бас тартып, С.Мұхамеджанов “Айсұлу” (1964), Е.Рахмадиев “Алпамыс” (1972), Жұбанова “Еңлік-Кебек” (1975), Қожамияров “Садыр Палуан” (1977) атты опералық шығармалар жазды, Жұбанова, Қожамияров, М.Сағатов балет жанрында еңбек етті. Брусиловский бесінші, алтыншы, Қожамияров бірінші, екінші, Жұбанова “Жігер” атты симфонияларын жазды. Рахмадиев “Дайрабай”, “Құдаша думан” симф. күйлерін ұсынды. Қ. м. үшін бұл күй жанрының өзіндік жаңалығы болатын. 60 – 70-жылдарда ән жанрында жемісті еңбек еткен Б.Байқадамовтың, Ә.Еспаевтың, М.Маңғытаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтің шығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов (“Ақан сері – Ақтоқты”), Б.Жұбаниязов (“Махамбет”), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова (“Үш торай”), А.Серкебаев (“Мой брат Маугли”), С.Еркінбеков (“Мәңгі алау”), аспаптық-камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дастенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті. Қазақстан өнер шеберлері Венгрияда (1970, 1973), Германияда (1970, 1972, 1975), Польшада (1971, 1975), Моңғолияда (1971), Чехословакияда (1972, 1974), Кубада кеңінен танымал болды. Азияда – Сингапур, Малайзия, Шри-Ланка, Пәкстан (1973), Үндістан; Еуропа елдерінде – Финляндия (1971), Франция, Германия (1972), Италия (1976), Швецияда (1970, 1984) өткізілген КСРО мәдениеті күндерінде Қазақстанның еңб. сің. ұжымдары – Құрманғазы атынд. халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, ән-би ансамблі, классик. би ансамблі, “Отырар сазы” оркестрі, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай” ансамбльдері, “Сазген” этногр. ансамблі, т.б. қатысты. КСРО халық артистері – Б.Төлегенова, Р.Бағланова, Е.Серкебаев және Р.Жамановалар қойған концерттерін шет ел көрермендері жоғары бағалады. 70-жылдарда Қ. м-ның талантты жас өнерпаздары бүкілодақтық және дүниежүз. музыка сахнасына шықты. Олардың қатарында Паганини атынд. халықар. скрипкашылар байқауының (Италия, Генуя, 1971) лауреаты Э.Нақыпбекова, Глинка атынд. бүкілодақтық әншілер бәйгесінің (Мәскеу, 1976) лауреаты М.Мұсабаев, осы байқаудың дипломанты Р.Жұбатырова, бүкілодақтық дирижерлер байқауының (Мәскеу, 1976) лауреаты Т.Мыңбаев, Герберт фон Кароян қорының халықар. байқауының дипломанты (1978) Т.Әбдірәшев, Глинка атынд. бүкілодақтық әншілер байқауы (1975) мен Р.Шуман атынд. халықар. әншілер байқауының (Германия, Цвиккау, 1977) және Рио-де-Жанейрода өткен әншілердің халықар. байқауының (Бразилия, 1979) лауреаты Ә.Дінішев, халықар. скрипкашылар байқауының (Белград, 1977) дипломанты және халықар. скрипкашылар байқауының (Жапония, Токио, 1982) лауреаты А.Мұсаходжаева, Глинка атынд. бүкілодақтық әншілер байқауының (Мәскеу, 1977) лауреаты, әнші Ғ.Қ. Есімов, Болгарияда өткен халықар. эстрада әндері байқауының (Болгария, София, 1977) “Алтын Орфей” жүлдесін жеңіп алып, “Алтын микрофон” атты халықар. байқауда (Түркия, Стамбұл, 1979) екінші орынды иеленген әнші Р.Рымбаева, Ж.Б. Виотти атынд. халықар. пианинода ойнаушылар байқауының (Верчелли, 1980) үздік І сыйлығына ие болған Г.Қадырбекова, М.Лонг және Ж.Тибо атынд. байқаудың  (Франция, Париж, 1983) жеңімпазы атанған Ж.Ж. Әубәкірова, Халықар. скрипкашылар байқауының (Париж, 1985) лауреаты Г.Мырзабекова, т.б. бар. 1988 – 99 ж. “Франциядағы қазақ күндерінде” Ж.Әубәкірова жеке концертімен, М.Бисенғалиев (скрипка), А.Бөрібаев (виолончель), Т.Ормантаев (пианино), М.Мұхамедқызы мен Н.Үсенбаева (екеуі де – әнші) өз өнерлерін көрсетті.

2003 ж. мамырда композитор Б.Жұманиязовтың “Махамбет” операсының (либреттосы – Б.Аманшиндікі) беташар қойылымы өтті.

Қазақтың музыка мәдениеті аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайды. Затаевич, Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин, М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қ. м-н зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Қоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты. Бүгінде Қ. м. – аяғына нық тұрған, әлем мәдениетінде өзіндік орны айқындалған өнер саласына айналды.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға