Жаңалықтар

Әйелдер - асыл жандар, шуақ боп шашылғандар...

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жас Отан» Жастар қанаты әйелдер қауымына арнап «Тәуелсіздік  сарайында» «Көктем, ару, махаббат» атты концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов нәзік жанды аруларды меркесімен құттықтады: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді!». Қандай керемет теңеу! Қандай теңеу айтсаң да, әйел заты үшін бәрі жарасымды. Себебі әйел – өмірдің ажары, көңілдің базары. Біз қазақ халқы әйел затын, аяулы қарындастарымызды тек 8 наурызда ғана емес, жыл он екі ай алақанымызда аялап ұстауымыз керек. Ер азаматтар оларға қамқор болуы керек», - деп тебіренді. Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, әнші-сазгер Марат Омаров: «Қазақта  «Қыз өссе – елдің көркі» деген мақал бар. Атына заты сай осынау мереке жыл сайын көктем шығып, жер дүние бусанып, гүлдер бүршігін жарып, көңілдерге шуақ сыйлайтын маусымға тұспа-тұс келеді. Аналарымыз бен қарындастарымыздың мейрамы махаббатқа теңейтін осы бір көктем мезгілінде тойлануы да заңды деп ойлаймын. Сондықтан бұл айды ерекше бағалауымыз керек.», - деп жиналған қыз-келіншектерге бірнеше әнін тарту етті. Сонымен қатар, елордалық әншілер мен бишілер Астана қаласының әйелдер қауымын меркелерімен құттықтап, өнерлерін ортаға салды. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Салтанат Әли: «Бүгінгі іс-шара алдағы уақытта әз-Наурыз мерекесіне ұласады. Бұл айтулы мерекеге орай қаламыздың өнер адамдарының басын қосып, қоғамдық орындарда ата-әжелеріміз бен қала тұрғындарына және балалар үйінде ұлттық дәстүрлерімізді насихаттайтын қойылымдар өткіземіз», - деді. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
06.03.2013 11:13 6497

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жас Отан» Жастар қанаты әйелдер қауымына арнап «Тәуелсіздік  сарайында» «Көктем, ару, махаббат» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Іс-шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов нәзік жанды аруларды меркесімен құттықтады: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді!». Қандай керемет теңеу! Қандай теңеу айтсаң да, әйел заты үшін бәрі жарасымды. Себебі әйел – өмірдің ажары, көңілдің базары. Біз қазақ халқы әйел затын, аяулы қарындастарымызды тек 8 наурызда ғана емес, жыл он екі ай алақанымызда аялап ұстауымыз керек. Ер азаматтар оларға қамқор болуы керек», - деп тебіренді.

Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, әнші-сазгер Марат Омаров: «Қазақта  «Қыз өссе – елдің көркі» деген мақал бар. Атына заты сай осынау мереке жыл сайын көктем шығып, жер дүние бусанып, гүлдер бүршігін жарып, көңілдерге шуақ сыйлайтын маусымға тұспа-тұс келеді. Аналарымыз бен қарындастарымыздың мейрамы махаббатқа теңейтін осы бір көктем мезгілінде тойлануы да заңды деп ойлаймын. Сондықтан бұл айды ерекше бағалауымыз керек.», - деп жиналған қыз-келіншектерге бірнеше әнін тарту етті.

Сонымен қатар, елордалық әншілер мен бишілер Астана қаласының әйелдер қауымын меркелерімен құттықтап, өнерлерін ортаға салды.

Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Салтанат Әли: «Бүгінгі іс-шара алдағы уақытта әз-Наурыз мерекесіне ұласады. Бұл айтулы мерекеге орай қаламыздың өнер адамдарының басын қосып, қоғамдық орындарда ата-әжелеріміз бен қала тұрғындарына және балалар үйінде ұлттық дәстүрлерімізді насихаттайтын қойылымдар өткіземіз», - деді.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға