Жаңалықтар

Ұлыбритания символдары гүлдер көрмесіне арқау болды (видео)

АҚШ-тың Филадельфия қаласында гүлдер көрмесі ашылды. Дәстүрлі көрменің биылғы тақырыбы – Ұлыбритания символдары. Шарада Біріккен Корольдіктің атақты жерлерін, белгілі орындарын көруге болады. Жобада түрлі түсті гүлдермен безендірілген керемет экспозициялар халық наразына ұсынылды.  Сондай-ақ, гүлдердің сан алуан ерекше түрлері де жұртқа көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме дизайны жыл сайын жаңартылып тұрады. Әдетте тақырыптар қайталанбайды. Айтулы шара наурыздың 10-на дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Мамандар биыл көрмеге 250 мыңнан астам адам қатысады деп болжауда.
06.03.2013 06:29 6047

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға