Жаңалықтар

А.Страдиваридің 2010 жылы ұрланған скрипкасы сығандардан табылды

2010 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында ұрланған А.Страдиваридің скрипкасы Болгариядан табылды. Сыған қауымдастығындағы  қылмыстық топ серкелері оны сатып жібермекші болған. Страдивари скрипкасын қолға түсіру үшін арнайы операция ұйымдастырылды. Болгария полицейлері алдымен сығандарға сатып алушы ретінде хабарласып, «тауарды» 380 мың долларға бағалаған. Осыдан кейін  шекті аспап тәркіленді. Қазіргі кезде Ұлыбританияның құқық қорғаушылары оның түпнұсқалығын анықтап жатыр. Бұл скрипканың бағасы 1,8 млн. доллардан асып жығылады. Осыдан үш жыл бұрын Лондон вокзалында Страдивари 1696 жылы жасаған, кәріс скрипкашысы Мин Чин Кимнің иелігіндегі аспапты ұрлап кетті. Көп ұзамай, осы ұрлыққа барған Джон Моэн және оның екі жасөспірім сыбайласы ұсталды. Алайда музыкалық аспап табылмады. Сол кезде «ұрылар Страдивари скрипкасын 100 фунт стерлингке (шамамен 22 мың теңге) сатпақшы болған» деген ақпарат та тараған болатын. 2011 жылы Д.Моэн 4,5 жылға сотталды. Ал скрипканы бүлдірмей қайтарған адамға 40 мың фунт (60 мың доллар) көлеміндегі сыйақы тағайындалған еді. ҚазАқпарат
06.03.2013 05:30 3337

2010 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында ұрланған А.Страдиваридің скрипкасы Болгариядан табылды.

Сыған қауымдастығындағы  қылмыстық топ серкелері оны сатып жібермекші болған.

Страдивари скрипкасын қолға түсіру үшін арнайы операция ұйымдастырылды. Болгария полицейлері алдымен сығандарға сатып алушы ретінде хабарласып, «тауарды» 380 мың долларға бағалаған. Осыдан кейін  шекті аспап тәркіленді. Қазіргі кезде Ұлыбританияның құқық қорғаушылары оның түпнұсқалығын анықтап жатыр. Бұл скрипканың бағасы 1,8 млн. доллардан асып жығылады.

Осыдан үш жыл бұрын Лондон вокзалында Страдивари 1696 жылы жасаған, кәріс скрипкашысы Мин Чин Кимнің иелігіндегі аспапты ұрлап кетті. Көп ұзамай, осы ұрлыққа барған Джон Моэн және оның екі жасөспірім сыбайласы ұсталды. Алайда музыкалық аспап табылмады. Сол кезде «ұрылар Страдивари скрипкасын 100 фунт стерлингке (шамамен 22 мың теңге) сатпақшы болған» деген ақпарат та тараған болатын. 2011 жылы Д.Моэн 4,5 жылға сотталды. Ал скрипканы бүлдірмей қайтарған адамға 40 мың фунт (60 мың доллар) көлеміндегі сыйақы тағайындалған еді.

ҚазАқпарат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға