Жаңалықтар

ҰБТ тапсырушыларды сыртта тұрған ата-аналар көріп тұратын болады

ҰБТ-да аудиториядағы процесті сыртта тұрған ата-аналар мен мұғалімдер бейнекамерадан көріп тұруы қажет. Бұл туралы «2013 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» атты семинар-кеңесте айтылды. 2013 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті деңгейі көтеріліп, ұлттық университеттерде 70 балл, жалпы медициналық мамандықтар бойынша 55 балл, ал басқа жоғары оқу орындарында 50 баллға жетті. Биыл ҰБТ еліміз бойынша 154 пунктте, оның ішінде, облыс орталықтарындағы 47, ал ауылдық жерлердегі 107 пунктте өтеді. Әр жылдағы қалыптасқан рәсім бойынша білім сынағының өту барысына терең талдау жасалынатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz. «2013 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» атты семинар-кеңесте білім сынағына үстіміздегі жылы енгізілген өзгерістер жөнінде айтылды. "Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша биыл әр аудиторияда бейнекамера орнатылады. Ол бұрынғы жылдары да болған, бірақ, ол кейбір аудиторияларда қанағаттанарлық жұмыс атқарған жоқ. Ал биыл орнатылатын бейнекамераларды біздің министрліктің өкілдері міндетті түрде қадағалайтын болады. Дәл аудиторияның ортасына орнатылатын бейнекамерадан әр түлек-оқушының қимылы толық көрініп тұруы керек. Сонымен қатар осы бейнекамералардағыны сыртта тұрған ата-аналар мен мұғалімдер көріп тұруы қажет. Алдағы сынақта бұрнағы жылдардағыдай әр аудиторияда кезекшілер болмайды, олардың міндетін министрліктен жіберілген арнайы өкілдер атқарады ", - дейді Білім және ғылым министрлігінің Білім саласын бақылау комитеті сыртқы бақылау басқармасының бастығы Зинаш Жанділдина. BAQ.kz
06.03.2013 05:22 2649

ҰБТ-да аудиториядағы процесті сыртта тұрған ата-аналар мен мұғалімдер бейнекамерадан көріп тұруы қажет. Бұл туралы «2013 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» атты семинар-кеңесте айтылды.
2013 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті деңгейі көтеріліп, ұлттық университеттерде 70 балл, жалпы медициналық мамандықтар бойынша 55 балл, ал басқа жоғары оқу орындарында 50 баллға жетті. Биыл ҰБТ еліміз бойынша 154 пунктте, оның ішінде, облыс орталықтарындағы 47, ал ауылдық жерлердегі 107 пунктте өтеді. Әр жылдағы қалыптасқан рәсім бойынша білім сынағының өту барысына терең талдау жасалынатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
«2013 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» атты семинар-кеңесте білім сынағына үстіміздегі жылы енгізілген өзгерістер жөнінде айтылды.
"Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша биыл әр аудиторияда бейнекамера орнатылады. Ол бұрынғы жылдары да болған, бірақ, ол кейбір аудиторияларда қанағаттанарлық жұмыс атқарған жоқ. Ал биыл орнатылатын бейнекамераларды біздің министрліктің өкілдері міндетті түрде қадағалайтын болады. Дәл аудиторияның ортасына орнатылатын бейнекамерадан әр түлек-оқушының қимылы толық көрініп тұруы керек. Сонымен қатар осы бейнекамералардағыны сыртта тұрған ата-аналар мен мұғалімдер көріп тұруы қажет. Алдағы сынақта бұрнағы жылдардағыдай әр аудиторияда кезекшілер болмайды, олардың міндетін министрліктен жіберілген арнайы өкілдер атқарады ", - дейді Білім және ғылым министрлігінің Білім саласын бақылау комитеті сыртқы бақылау басқармасының бастығы Зинаш Жанділдина.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға